Ауданымызда құрғақшылыққа байланысты мал азығын дайындауда алаңдатарлық жағдай орын алуда. Бұл біріншіден, үстіміздегі жаз айларында орын алған құрғақшылықтың нәтижесінде шөптің түсімінің аздығына байланысты. Аталған жағдай мал басын қысқартуға еріксіз мәжбүрлейді. Аудан әкімі бүкіл ай бойы өткен әрбір жиналыста осы жағдай бойынша дабыл қағуда. Алайда, бұл мәселені шешуге тікелей жауапты ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі, неге екені белгісіз, әзірге ешқандай іс-әрекет қолданбай отыр.
Алдағы күз маусымынан нені күту керек, ауданда шөп шабу науқанының барысы қалай және бүгінгі күнге мал азығының қанша мөлшері дайын екендігін түсіну мақсатында біз ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы М.Теміржановқа бірқатар сұрақтар қойған едік.
Өкінішке орай, біз жем-шөп даярлауға еш қатысы жоқ сұрақтарға жауап алдық, оның үстіне олар да толық емес ақпараттар. Мәселен, фермерлермен өнімділікті жоғарылату үшін инновацияларды енгізу туралы қойылған сұраққа М.Теміржанов тек онсыз да барлығына аты мәлім «Елім-ай - Көкпекті» жобасын атады. Ал, Қ.Садықов, Ж.Күшікпаев, Е.Болде, Е.Мәмбетов сынды және тағы да басқа ауданның аграрлық саласындағы көптеген фермерлер көзге ілінбей қалды. Айта кетсек, олар да өз жұмыстарын жетілдіріп, оған жаңа технологияларды енгізуде.
Аты шулы мал азығын дайындау мәселесіне келсек, бөлім басшысының жауабында тек аудандағы көктемгі егіс құрылымы бойынша жалпылама сандар орын алған: дәнді дақылдар – 74800 гектар, күздік дақылдар – 2300 гектар, майлы дақылдар – 33610 гектар, азықтық – 29600 гектар, картоп – 700 гектар, көкөністер – 430 гектар. Аталған сандардың қысқы мал азығын дайындауға қандай қатысы бар екені тек ауылшаруашылық бөлімінің мамандарына ғана белгілі болар. Газет оқырмандарын толғандыратын қалған сұрақтарға сол бойы жауап ала алмадық. Аудандық газеттің тілшілерінде арнайы ауылшаруашылығы маманы болмаса да, ондай сауалдар аз емес еді. Бізді және біздің оқырмандарымызды қызықтырған сұрақтар – ауданда ағымдағы жылы неше тонна пішендеме, сүрлем, шөп дайындау жоспарланған және бүгінгі күнге қаншасы жиналған? Біржылдық және көпжылдық шөптерді өсіруге қанша гектар жер бөлінген? Бұл шөптердің қоры жоспарланған дайындалатын шөптің көлемін толықтыра ала ма? Мал қыстайтын орындарға неше тонна азық жеткізілді? Шөп дайындау жоспары қандай? Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы екпе шөптің орташа өнімділігі қандай? Мал басына шаққанда неше центнер азық дайындаған жөн? Қай округтерде шөптің өнімділігі жоғары? Ағымдағы жылы қолайсыз ауа райы мал азығын даярлауға қалай әсер етуі мүмкін? Және ең бастысы, мал басы қысқартыла ма?
Осы сауалдардың барлығы, өкінішке орай, жауапсыз қалды. Бұдан шығатын қорытынды - ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі қызметкерлерінде жем-шөп дайындау бойынша ақпараттар да жоқ, жағдайды да толық білмейді.
Алайда, уақыт бір орында тұрмайды. Жаз аяқталуға жақын. Шындығына келсек, аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басына барлығымызға белгілі И.Крыловтың мысалындағы ала жаздай ән салған шырылдауық шегірткенің кері келіп тұрғандай. Шегірткенің басына туған жағдайға ұшырамас үшін ауылшаруашылық және ветеринария бөлімінің мамандарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындап, оянатын уақыт туған секілді. 22 шілдеге қажет етілетін азықтың тек 20% дайындалған. Ал, егін жинау науқаны қыр астында.
Ірі шаруа қожалықтарында жағдай тұрақты болуы мүмкін. Өйткені, қожалық басшыларының ешқайсысы да шығынмен жұмыс істемейтіні белгілі. Ал, жеке қосалқы мал шаруашылығымен шұғылданып, оны күнкөріс көзіне айналдырып отырған ауыл тұрғындары не істемек? Шөптің бір тоннасының бағасын аспандатып жіберетін алыпсатарлар бұл жағдайды пайдаланып, жеке секторларда мал ұстайтындарға қиындық тудыратыны сөзсіз. Бұл жағдайда мал басының саны кемитіні анық.
Әрине, мал басын өсіргеннен гөрі, оны азайту әлдеқайда оңай. Бұл жағдайды болдырмау үшін осы бастан мал азығы тапшылығын төмендету бойынша жұмысты қолға алған жөн.
Бұл аспектіде тағы бір маңызды мәселені айтқан дұрыс. Ол – өрт қауіпсіздігін сақтау. Қазіргі таңда көптеген өрт жағдайларына себепкер адам факторы екендігі құпия емес. Ал, от үшін барлық жер қолайлы. Ол, тіпті, сайларда да, шөмелелерде де, маяларда да жақсы жанады. Бүгінгі күні пішен қорада өрт шығуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған дұрыс. Өйткені, өткен жылдан қалған шөп қоры қыстаманы шығынсыз өткізуге септігін тигізеді ғой. Осы мәселелерді ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі қалай шешетінін уақыт көрсетеді.
Екатерина СКУДАРНОВА
Палатцы ауылдық округінің бастауыш ардагерлер ұйымыЖеңістің 70 жылдығына арналғанмерекелік іс-шараларды атап өтудің дайындық жұмыстарына белсене атсалысуда. Еліміздің болашағыжас ұрпақ болғандықтан, олар отанымыздың тарихын білуі тиіс. Ұлы Жеңіс– ол ең қадір тұтқан мереке, сол себептен,бұл тек қана тарихи дата емес, сонымен қатар,күллі әлемдегі бейбітшілік пенақиқат үшін күрес және халықтар ынтымақтастығының салтанатты күні.
Подгорный ауылы - есімдері аңызға айналған,Кеңес Одағының Батырлары Иван Михайлович Яроцкий, Николай Яковлевич Фонов, Сергей Егорович Седнев сындықаһармандарыменәйгілі. Шағын ауылдан шыққан үш батыр, ауыл тұрғындарының мақтанышы. Сол себепті, аудан әкімі Дүйсенғазы Мағауяұлы Мусиннің бастамасымен Подгорный ауылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған дайындық жұмыстарының орталығына айналуы және ауданның туристік кластеріне енуі тиіс.
Облыстық сәулетші Г.Сугатов ескерткіштің эскизі мен оның айналасын сондай-ақ, бүкіл ауылды қоса абаттандыру жұмысын көрсетті. Атқарылатын жұмыс жетерлік.Әрине, бұның барлығына қаражат қажет. Сондықтан, Подгорный ауылы мен Палатцы округінің ардагерлер ұйымы, Қамзинов, НиколайГончаренко, Қамбар Итемгенов сынды ардагерлерауыл тұрғындары арасында үндеу тастады. Оған жерлестері қызу қолдау көрсетті.Яғни, олардың әрқайсысы ортақ қазанға белгілі бір қаражаттарын қосуғадайын. Сондай-ақ,болжам бойынша ауданнан, облыстан тыс жерде тұратын батырлардың ұрпақтары, балалары мен немерелері мерекеге арналған дайындық жұмыстары меналға қойған жоспарларды жүзеге асыруға қолдарынан келгенше жәрдемдесуге мүмкіндігі бар.
Бүгінгі күні «Батраков»шаруа қожалығының жұмысшылары ауылкөшелерімен жолдарына қиыршық тас төсеумен шұғылданып, абаттандыруда.Сондай-ақ, ауылдың жекелеген тұрғындары аулаларын көркейту мақсатында қоршауларды жөндеу үшін темір мен қоршаулар сатып алуда.
Барлығымыз «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара»отырыпЖеңіс мерейтойын лайықтықарсы алуға белсене қатыссақ, бұл соғыста қаза тапқандар мен соғыс арадагерлеріне деген біздің құрметіміз, олардың жауынгерлік ерліктері мен еңбектегі жанқиярлықтарын бағалағанымыз екендігіне ардагерлер сенімді. Бұл жай ғана айтылған құрғақ сөздер емес, солай болуы қажет! Өткенді білмей, болашақты құруға болмайды.
Ашылған есепшотқа әлден-ақ ақша түсе бастады. Алғашқылардың бірі болып, Палатцы ауылдық округінің тұрғындары: Василенко Сергей, Әміренов Мәмбет, Лебеденко Виталий және басқалары өз үлестерін қосты.Өйткені, түскен қаражат Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналады. Ауданымыздың барлық тұрғындарын бұл шараға белсене қатысуғаүндейміз: ӨЗ ОТАНЫҢЫЗДЫҢ ПАТРИОТЫ БОЛЫҢЫЗДАР! АЛДЫҢҒЫ ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН ІСТЕРІНІҢ ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫЛАРЫ БОЛЫҢЫЗДАР! ҚАЗА БОЛҒАН ЖЕРЛЕСТЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ОРТАҚ ІСКЕ ҚОЛДАН КЕЛГЕНШЕ ӨЗ ҮЛЕСТЕРІҢІЗДІ ҚОСЫҢЫЗДАР!
«Көкпекті аудандық «Асар» қайырымдылыққоры» қоғамдық қор»
БИН 100540003667
ИИК КZ 156010151000127715 код 18
В.Лебеденко,Палатцы ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына санаулы уақыт қалды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінде Жеңістің жетпіс жылдығын тойлауға дайындықты бүгіннен бастауымыз керектігін атап өткен болатын. – Біз сол сұрапыл соғыста Отан үшін өр кеуделерін отқа тосқан әр жауынгерді еске алып, оларға тағзым жасауға міндеттіміз, - деген болатын Нұрсұлтан Әбішұлы.
Аудан әкімі Д.М.Мағауяұлының бастамасы бойынша біздің аудандағы дайындық жұмыстары Палатцы ауылдық округінің Подгорное ауылында шоғырланған. Бұның өзіндік себептері де жоқ емес. Кеңес одағының үш бірдей Батыры аталған шағын, шалғайдағы ауылдың тумалары болып келеді. – Жерлестеріміздің қаһармандық істері мәңгі сақталып қалуы үшін біз Жеңістің мерейтойына дайындалу барысында барлық тиісті шараларды жасауымыз керек. Ардагерлеріміз адал ниетті қамқорлығымыз бен көңілімізді сезінулері қажет, - деп қадап айтты Дүйсенғазы Мағауяұлы. – Әр жауынгердің қаһармандылық, жүректілік және қайсарлық істерінен батырлық әңгімелер мен ата-бабаларымыздың ерліктері жайлы ортақ естеліктер қалыптасты. Олардың Отанға деген махаббаты мен патриоттылығы – бүгінгі өскелең ұрпақ, жастарға үлгі болар өнеге. Ал біздің мақсатымыз осы баға жетпес мұраны сақтап, соғыс, деректер мен жаужүрек батырлар туралы шындықты ізімізді басып келе жатқан ұрпаққа жеткізу.
-Подгорное ауылы тарихи нысан ретінде ауданның туристік кластерінен өз орынын алмақ, - аудан әкімінің алға қойған міндеті осындай. – Бұл жер саяхаттап келушілер үшін қызықты, сәулеттендірілген, көздің жауын алатындай болуы қажет.
Аталған бастаманы басшылыққа алып, бірінші болып қолдау көрсеткен – аудандық Жастар орталығы. Олар үндеуге үн қосып, 11 шілде күні Көкпекті, Преображенка, Көкжайық ауылдары жастарынан, барлығы 30 адамнан құралған десантты үш Кеңес Одағының батыры шыққан жерге қондырды.
-Біз тыл еңбеккерлеріне үй маңындағы аумақты қалыпқа келтіріп, абаттандыруда – қоршауларды, қашаларды сырлау мен орталық көше бойындағы талдарды әктеуде көмек қолын созуға келдік. Өкінішке орай, ауылда соғысқа қатысқан бірде-бір ардагер қалмапты, - дейді Жастар орталығының директоры Дархан Бердібек. – Біздің басты мақсатымыз – жастарды ауыл тарихына қанық қылып, оның қайнар көзіне жақындата түсу. Жастардың көбі бұл жерге алғаш аяқ басып отыр. Сондықтан, олар үшін бұл – нағыз жаңалық.
Ауылда тыл еңбеккерлерінің 11 отбасы тұрып жатса, олардың ішінде 5-еуі жалғыз басты қариялар. Міне, келген жастар дәл солардың үйіне қарай бет алды. Жастардың жұмысына Палатцы ауылдық округінің әкімдігі де қолғабыс жасап, қажетті құрылыс материалдарын – әктас, майшыт, түрлі бояулар ұсынды.
Күннің қапырық ыстығына қарамастан, жастар өз телімдерінде бар күш-жігерлерін сала отырып еңбектенді. Нәтижесінде бір күннің ішінде Л.Писмаркина, Е.Бекбаева, П.Каштанов, А.Докучаев және Н.Қалиақперова сынды тыл ардагерлерінің қоршаулары тиісті қалыпқа келтірілді. Сонымен қатар, орталық көшенің талдары мен бағандары ақталып, Даңқ Мемориалының төңірегі арамшөптен тазартылды.
Тыл еңбеккері Петр Каштановтың жұбайы Мария Ивановна егде жастағы адамдарға осылай қамқорлық танытып, көңіл бөлгендері үшін, шағын жөндеу жұмыстарына айтарлықтай көмек жасағандары үшін жалынды жастарға жүрекжарды алғысын білдірді. «Сендер қайырымды іс жасап жатырсыңдар. Сол үшін де жастарға көп рахмет!».
Ұлы Отан соғысына қатысты оқиғалар желісі жылдан жылға бізден жылыстаған сайын, олардың маңызы арта түсуде. Біздің ата-бабаларымыз, еліміз, халқымыз бетпе-бет келген осындай қайғылы жағдайды әр адам жан-тәнімен сезініп, оның маңызын ұға білуі керек. Міне, осы сезім бізді Ұлы Отан соғысы Жеңісін лайықты түрде атап өтуге жетелеп қана қоймай, оның моралды-өнегелі негіздерін мәңгілікке бекітуге септігін тигізуі керек. Себебі, осылар Қазақстанымыздың дамуына үлес қосып, болашаққа деген сенімділікті бекіте түседі.
Қанат АПСАДЫҚОВА
8 шілде күні аудан әкімі Д.М.Мусиннің төрағалық етуімен аппараттық кеңес болып өтті. Күн тәртібінде қосымша қорлардың түсімі, жастар саясатын жүзеге асыру, әлеуметтік инфрақұрылым ғимараттарының қолжетімділігіне паспорттау жүргізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, ауылдық округтердің арасында өткізілген абаттандыру және санитарлық тазалық бойынша екіайлықтың қорытындысы шығарылды.
Толығырақ...ҚОСЫМША РЕЗЕРВТЕРДІҢ НӘТИЖЕСІ МЕН САЛЫҚ БАЗАСЫН ҰЛҒАЙТУ
Облысәкімінің 4.05.2014 жылғы № 6651 хаттамалықтапсырмасынорындаужәнеауданәкімінің 12 мамырдағысалықбазасынұлғайтужәнеішкікірістердікөбейтужолынқарастыру, «көлеңкелі» экономикаменкүрес, өндіріскөлемінарттырутапсырмасытуралыәңгіме2 шілдекүніМиролюбовкаауылдықокругітұрғындарыныңжиынындажалғасынтапты.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.