Көкпекті ауылында сенбі күні жәрмеңке өткізу дәстүрге айналуда. Жергілікті биліктің аз қамтылған отбасыларға қамқорлық жасап, арзан ет, көкеніс, басқа да тамақ өнімдерін сатуға шығаратынына тұрғындар да үйреніп қалды. Енді олар арзан етті «Патхан» базарындағы жәрмеңкеден алуды әдетке айналдырғандай.
Ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастыруымен өтетін бұл жәрмеңкелердің басты міндеті тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне арналған. Сауданы әр жәрмеңке сайын үзбей жасайтын теректілік Бейбітгүл апайдың айтуынша:«Келген сатып алушыларға береріміз көп - өзіміз пісіретін нан өнімдері, сүт өнімдері, бал ауылымыздың атын шығарып теректілік брендке айналды. Әкелген азық-түлік тауарларымызды іздеп жүріп алатын тұрақты клиентеріміз де баршылық», - дейді теректілік саудагер.
Аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржановтың бекіткен бағасы бойынша жылқы етінің килограмы 1600 теңге, сиыр еті 1500 теңгеден сатылып жатса, қалған өнімдер де аудандық ауылшаруашылық бөлімі мамандарының қадағалауымен бекітілген баға бойынша саудаланып жатты. Базарда ет мол болды, алушылар талғап алып, таңдап жүріп сауданың қазанын бұрқ-сарқ қайнатты. Оңаша тошалада шай дастарханын жайған Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қыз-келіншектері жайдары жүзбен иісі бұрқыраған аққұйрық шайларын ата-әжелерге, келген қонақтарға ілтипатпен ұсынып жатты. Ауылынан келіп сауда жасатып жатқан әріптестеріне бас-көз боп жүрген ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазинов аудан орталығы тұрғындары мен қонақтарына жасалып жатқан іс-шараның ұйымшылдықпен өтуін басқарып жүрді.
Таңғы сағат 8:00-ден бастап Бармақ батыр ескерткіші жанында субұрқақ атқылап, әуезді әуен төгіліп тұрды. Қып-қызыл жартастан шығып келе жатқан батыр баба мүсіні ұрпағының бақытты өмірін қалт етпей қорғап, әулие аруағының мысы басып тұрды.
Қайрат МАЛҒАЖДАРОВ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.