Самар ауылы - ауданның ең ірі және халқы өте тығыз орналасқан ауылдарының бірі. 01.04.2020 жылы Самар ауылдық округіндегі тұрғындар саны 6726 адамды құраса, аула саны 2139 болды.
Округ облыстық маңызы бар жолдың бөлігінде орналасқан. Халықтың үлкен ағыны Өскемен қаласы мен Қазақстанның басқа қалаларынан және бағыт бойынша облыстың басқа аудандарынан келеді.
Толығырақ...Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» аясында Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің мектебінің 10 сынып оқушыларына сот жүйесінің жұмысымен таныстыруға арналған кездесу өткізілді.
Кеңсе меңгеруші Л.Құнанбаева іс-шараны аша отырып, оқушыларға соттың негізгі қызметі туралы электрондық әділ сотының жұмыс істеу тәртібі туралы мәселені түсіндірді. Сонымен қатар, сотта іс жүргізуді жеңілдеткен және әділ соттылықты жүзеге асырудың сапасы мен тиімділігін жоғарлатқан жаңа өзгерістер туралы айтты. Бұл, сот базасын автоматтандырудың артықшылықтары және «Төрелік» бағдарламасын енгізу, барлық сот отырысында дыбыс, бейнежазбасымен міндетті түрде жүргізу, «Сот кабинеті» порталын құрудың оң нәтижелеріекендігін атап өтті.
Ағымдағы жылдың 3 наурызында Самар ауылдық округінде өткен Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысында аудан әкімі А.С.Смаиловтың және Көкпекті ауданының құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен абаттандыру, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, үй жануарларын, иттерді, мысықтарды ұстау және тағы басқа өзекті мәселелер талқыланды.
Бұл мәселе бойынша қоғамдық кеңес төрағасы Е.К.Дюсупов толық баяндап шықты.
- Соңғы жылдары біз елді мекендерді, көшелерді, аулаларды абаттандыру бойынша көптеген жұмыстар жүргізудеміз. Кез келген бастаған істе тәртіп ережелерін сақтау керек, сол бойынша абаттандыру, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргіземіз. Ауылдық жерлерде иттерді ұстау ісінде тәртіп орнату қажет, - деп атап өтті Ержан Қабдуғалиұлы. Одан әрі ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік-құқықтық бұзушылықтар туралы Кодексінің кейбір баптарымен таныстырды. Кодекстің негізгі міндеті адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қорғау болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру үшін осы Кодекс әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен қағидаттарын, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалардың түрлерін және әкімшілік-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын белгілейді. Осы құқықтық актіде мал жаю, егістікті тартып алу, егістікті бұзғаны, белгіленбеген орындарда сауда жасау, түнгі уақытта жасөспірімдердің болуы, т. б. тіркеусіз тұру ережелері орын алған.
Жыл сайын 30 тамыз тойланатын Конституция күні - мемлекеттік мереке болып табылады. 1995 жылдың дәл осы күні республикалық референдумда елдің басты Ата Заңы қабылданды.
Қазақстан Конституциясы заңды ғана емес, сонымен қатар этика ережелерін де қамтитын, мемлекеттің негізгі құрылымдарын қалыптастырудағы халқымыздың бірлескен үлкен жетістігін білдіретін Республиканың бейресми символы болып табылады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері демократиялық жүйе қалыптастыруда айтарлықтай алға басып, әлеуметтік-экономикалық дамуда оң нәтижелерге қол жеткізді. Онымен қоса халықаралық беделі де бұрын-соңды болмаған дәрежеде өсті. Осы Ата Заңымыз – Конституцияға биыл 25 жыл, осы жыл ішінде құқықтық мәдениеттің негізі қаланып, заңдылық пен тәртіп нығайып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде ауқымды жұмыстар жүргізілді. Міне, осының нәтижесінде біздің еліміз бүгінде әлеуметтік қауымдастық әр түрлі пікірлер тоғысымен этносаралық, дінаралық және қоғамдастық келісім орныққан, тұрақты дамып келе жатқан болашағы айқын мемлекет ретінде танылып отыр.
«Өскемен – Самар» маршруттық автобус қатынасы неге тоқтап тұр? Жолаушылар тасымалдау маршруты қашан іске қосылады? Осы және басқа да маңызды сұрақтар аудандық әкімшілікте өткен аппараттық кеңесте талқыланды. Аудан әкімі Асхат Смаилов төрағалық еткен кеңестің күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралып, жауапты қызмет басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы бөлім басшысы Қайрат Жылқышев ақпарат берді. Баяндамашының сөзіне сүйенсек «Өскемен – Самар» маршруты рентабелді болмаған соң қызметін тоқтатқан екен. Бөлім басшысының бұл уәжін аудан әкімі қатаң сынға алды. – Көлік іздеген халық неге жолда тұр? Біз кім үшін жұмыс істейміз? Сендер болса рентабелді емес дейсіңдер. Сылтау іздегенді қою керек. Халық сұрап отырса тасымалдаушы мойнына алған міндеттемесін толық атқарсын, - деп қатаң талап қойды.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.