Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерінде осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан 2 пайыз мөлшерінде осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан 2 пайыздық мөлшерінде осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
4. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 243 «Көкпекті ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4645 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 16 тамызда жарияланған), Көкпекті ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 316 «2019 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6231 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 28 қазанда жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
5. «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында бел-гіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Капарович Темиржановқа жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


А. Смаилов

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз