Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының судьясы А.М.Амреева Көкпекті ауданының прокуратурасының прокуроры К.Чукуевтың, адвокат Т.Ш.Бозакановтың және сот қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР ҚК, ҚПК және ӘҚБтК-ге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Толығырақ...Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында 2019 жылғы 27 және 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге соттың судьялары және жергілікті Самар полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Өзгерістер туралы айта келе, сот төрағасы Б.Қаджиақпаров 63 құқық бұзушылық құрамы мемлекеттік органдарға соттың қарауынан берілгенін, бұл соттың жүктемесін төмендететінін атап өтіп. Ұсақ бұзақылық және жалпы аумақтарды ластау құрамы сараланған, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 434-2-баппен толықтырылып, жауапкершілікті көздейтін ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау оның ішінде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау Ішкі істер органына берілетіндігіне тоқталды. Өзгерістердің маңызды бағыттарының бірі - бұл әкімшілік істерді жылдам қарау, тараптарға істі дереу қарау туралы өтініш беру құқығын ұсыну,сақтандыру төлемдерін алу мерзімдерін қысқару мақсатында сот қаулысының заңды күшіне ену екендігіне де басты назар аударды.
Адамзатқа ертеден белгілі сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Өкінішке орай, әлемнің барлық елдері сияқты «сыбайлас жемқорлық» біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қауіп төндіретіндігін нақты көрсетіп, әрбір Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудағы негізгі бағыттарды айқындап отырды.
Ағымдағы жылы шілде айында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес тәуелсіз құқық қорғау органы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Агенттік жұмысының басым бағыттары ретінде – сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыру мәселелері айқындалды. Осы орайда, Агенттік алдында тұрған ауқымды мәселелердің бірі – «жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші» осы келеңсіз құбылыспен күресте тек мемлекеттік қызметшілердің емес, барлық қазақстандықтардың күш-жігерін біріктіру.
Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.
Елбасымыз айтқандай, дауларды шешудің балама тәсілдерін дамыту, оның ішінде бітімгершілік процедурасы азаматтардың бұзылған құқығын қалпына келтірудегі мемлекеттің негізгі бағыттары болып табылады.
Медиация –бұл дауласушы тараптардың дау жанжалды екі жаққа да тиімді жолмен бітімгершілік келісім арқылы шешуі. Дауласушы тараптардың ерікті түрде келісімге келуі, әрі келген келісім екі жаққа тиімді, уақытылы орындалуы түгел қамтылып келісім жазбаша нысанда жасалады және тараптар қол қояды және сотқа ұсынады. Аталған келісім сот отырысында тараптардың қатысуымен қатыса алмаған жағдайда өзінің қатысуынсыз қарау туралы сотқа арыз жолдағанда ғана бекітіледі. .
24.10.2019 жылы Көкпекті аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды дұрыс және сапалы рәсімдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған шараға Көкпекті аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары және сот мамандары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында сот төрағасының м.а. М.К.Букбаев әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің заңда көзделген мерзімде дұрыс қаралуы толтырылған хаттаманың сапасына тікелей байланысты екенін, алайда кейбір әкімшілік істер бойынша хаттамалардың дұрыс толтырылмайтыны, істердің дұрыс ресімделмейтін фактілері кездесіп жататынына назар аударды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.