Абай облысы бойынша ҚАЖД Көкпекті аудандық Пробация қызметкерлері игілікті іс атқарды. Пробация қызметінің тіркеуінде тұрған 1-топтағы мүгедекке азық-түлік қоры көмекке берілді.
Бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Владимир Лебедев Көкпекті ауданының тұрғыны. Тұрғылықты жері бойынша тексеруге барған кезде пробация қызметкерлері азық-түлік ала баруды ұмытқан жоқ. Қайырымдылық - са-уапты іс. Ал пробация қызметінде тіркеуде тұрғандарды тасада қалдырмай қолдау көрсету, сондай-ақ мүмкіндіктеріне сай ізгі істерге тарту – олардың қоғамға қажет екенін сезіндірудің көрінісі.
26 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында аудандық тарихи-өлкетану мұражайында патриоттық іс-шара өтті.
1995 жылғы 30 тамыз күні республикамыздың жаңа тарихындағы ең маңызды оқиға – Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясының дүниеге келуімен ерекшеленді. Биыл Қазақстан оның 27 жылдығын атап өтуде. Бүгінде қазақстандықтар Конституция негізінде саяси-экономикалық тұрақтылық, азаматтық татулық, әлеуметтік, ұлттық бірлік пен келісімге қол жеткізілді деп толық сеніммен айта алады. Іс-шараға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен ауданның Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Кездесу Мемлекеттік әнұранды орындаудан және мұражайға экскурсиядан бас-талды. Қор сақтаушысы Клара Рафикқызы қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы мен маңыздылығы туралы айтып берді.
Электр қондырғыларының барлық ток жүргізу бөліктері, тарату құрылғылары, аппараттары мен өлшеуіш аспаптары, сондай-ақ бөлгіш түріндегі сақтандыру құрылғылары, ажыратқыштары және барлық өзге де іске қосатын аппараттары мен аспаптары тек жанбайтын негізге (мрамор, текстолит, гетинакс) орнату қажет.
Сымдар мен кәбілдердің талсымдарын жалғау, ұштау және тармақтау өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, балқытып біріктіру немесе арнайы қысқыштар көмегімен жүргізіледі. Анықтама үшін; қазіргі уақытта Көкпекті ауданы бойынша электр жуйесі салдарынан 9 өрт оқиғасы тіркелген, өрттен шыққан жалпы шығын 1374000 теңгені құрады.
Сонымен қатар сымдар мен кәбілдердің талсымдары жалғанатын және тармақталатын жерлері, сондай-ақ жалғаушы және тармақтаушы қысқыштар осы сымдар мен кәбілдердің тұтас жерлері талсымдарының оқшаулағышына тең етіп оқшаулау керек.
Оқшаулағыш тіреуіштерде төселген сымдардан басқа, сымдар мен кәбілдердің жалғанымы мен тармақталуы жалғаушы және тармақтаушы қораптарда, жалғаушы және тармақтаушы қысымдардың оқшауланған корпустарында, құрылыс конструкцияларының арнайы қуыстарында, электр орнату бұйымдарының, аппараттардың және машиналардың корпустарының іштерінде орындалады.
Электр желілерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын естеріңізге саламыз.
Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтарды белгілі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жасырмауға шақырады.
2020 жылдан бастап елімізде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жаңа сараланған жүйесі енгізілді.
Осындай ақпарат берушілерді ынталандыру жүйесі Германия, АҚШ, Ұлыбритания сияқты шет елдерде де сәтті қолданылады.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін пара немесе келтірілген залал сомасы 1000 АЕК-тен аспайды, сыйақы қылмыстың ауырлығына байланысты 100 АЕК-ке дейін құрайды.
Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы 1000 АЕК-тен астам залал келтіргені үшін сыйақы 10 пайызды құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен аспайды.
Атап айтсақ, биылғы жылдың басынан бас-тап Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған 6 азаматқа сыйақы табысталды.
Сонымен, осы жылы сыйақының ең жоғары мөлшері 4 млн.теңгені, ал ең төмені – 138 900 теңгені құрады.
Атап өтетін болсақ, азаматтарды көтермелеу, егер хабарлаған адамның ұсынған ақпараты шындыққа сай болса, немесе құзыретті органдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеуде көмектескен жағдайда, жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады, сонымен қатар, бұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен көтермеленіп қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Бұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.
Барлық азаматтарды сыбайлас жемқорлық көріністеріне "нөлдік" төзімділікке шақырамыз. Ал ондай жағдай болғанда, бұл туралы ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 8 (7232) 29-88-88 нөміріне немесе 1424 Call-орталығына хабарлау қажет.
Өз еліңіздің патриоты болыңыз, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеңіз!
Бәлкім, әрбір адам тауарды айырбастауға немесе қайтаруға тап болған шығар, бірақ мұндай қайтарудың тәртібі қандай екенін бәрі түсіне бермейді. Сатып алушылардың өмірде чектерді алмауы немесе жоғалтып алу жағдайлары жиі кездеседі. Бірақ соған қарамастан, чек жоғалған жағдайда тауарды дүкенге қалай қайтаруға болатын бірнеше мүмкіндіктер бар.
Тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғау мәселелері «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі, ол өз кезегінде тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғауды ғана емес, сатушылардың (дайындаушылардың, орындаушылардың) міндеттерін де реттейді.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес сатушы тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты беруге міндетті.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.