Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйек  аралығында Көкпекті ауданы аумағында «Жасөспірім» жедел алдын-алу іс шарасы өткізілді. Басты мақсат жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу және оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кемелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау болды. Олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Көкпекті АПБ ЖПҚБ ЮПТ КТІЖ УПИ полиция капитаны С.Оразғалиев пен КПБ КТІЖ жедел уәкілі, полиция капитаны А.Сапаров бірлесе мектеп оқушыларымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жаз – аптап ыстық күнде күнге қыздырынып, суға шомылатын мезгіл. Бұл мезгілде барлығы жағалауға, демалыс орындарына асығары анық. Сол сияқты Сарыбел және Палатцы ауылдық округтері аумағындағы Бұқтырма су қоймасындағы демалыс орындары облыс тұрғындары арасында ғана емес, бүкіл ел көлемінде де үлкен сұранысқа ие.
Бірақ демалу кезінде ең бастысы - сақтық шараларын сақтау, жақсы жүзе білу және судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбау. Алайда, қауіпсіздік ережелерін сақтамай, өз өмірлеріне қатер төндірушілер де кездесіп жатады.

Толығырақ...

2021 жылдың 20 сәуірден бастап заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу акциясы өткізіледі.
Көкпекті АПБ заңсыз сақтаудағы оқатар қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды өз еріктерімен ішкі істер басқармасына тапсыруды ұсынады. Көкпекті аудандық полиция бөлімнің қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тапсырушыларға жауапкершіліктің қайсысынан болса да, соның ішінде қылмыстық жауапкершіліктің барлық негіздерін жоятынын түсіндіреді.
Өзiнде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азаматтар Көкпекті АПБ 102,2-17-94, 2-19-49 телефондары арқылы хабарласуға болады. Мекен жайымыз: Көкпекті ауылы, Астана көшесі 33, кабинет №29.
Көкпекті ПБ АжҚҚАБТ лицензиялық-рұқсат ету жүйесі.

Нашақорлық – бұл жалпыға ортақ мәселе, өйткені ол біздің қоғамның дамуымен байланыс-ты.
Нашақорлық - наркомания (грек тілінен narke - мелшию және manіa - ессіздік, құтырыну) - есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Есірткі түрлері: токсикомания, марихуана, героин, кокаин, экстази.
Жастардың арасында есірткіге әуестік көп жағдайда білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруден бас-талады.
Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар келесідей: ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы, отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы, әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы, ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда маскүнем немесе нашақор болуы, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі, жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілмеуі, алкоголь мен есірткіге қол жеткізудің оңай болуы, әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. Алайда, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.
Ал енді жастарды есірткіден қалай қорғап қалуға болады? Қазіргі жастар тез өсіп, дене бітімі тез жетіледі. Бірақ та олардың сана-сезімі мен дүниетанымы әлі де болса балалықтан асып кете алмайды. Біздің айналамызда еңгезердей балақайлар жиі кездеседі. 9-12 жасар балалар есірткіге сирек әуес болады. Олардың әуестендіру әдейі жасалған әрекет болмаса, бұл жастағылар темекі шегуді де мәртебе санайды. Сондықтан ата-ананың міндеті осы жастағы балаға көбірек көңіл бөліп, темекі, спирттік ішімдік және есірткінің зияны туралы жиі айту қажет. Мұндай әңгімелер іш пыстырмайтын болғаны абзал және де айтып қана қоймай, мысал да келтіру кажет. Аталмыш жастағы балалардың психикасы сезімтал болады, олар көргенін өмір бақи ұмытпайды. Осы жас-тарда балаларға аса көңіл аудару керек, оның болашақта дені сау азамат болып өсу мәселесі дәл сол кездері шешіледі. Кез келген есірткі адамның денсаулығын, психикасын бұзады, адамды қуатсыз, әлсіз, жігерсіз ететіндігін жеткізу керек.

Толығырақ...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Қазақ тілі – бай тіл. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін балабақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында да үйреніп жүр. Қазақтың жақсы, дана сөзі бар: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ». Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады, сондықтан жоғарыда баяндалған мемлекеттік тіл мен оның мәртебесіне қойылған талаптар біртіндеп, әрі дәйектілікпен жетуге тиіс нұсқаның негізгі өлшемдеріне айналуы керек. Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен оның басшылары қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыруда негізгі жауапкершілікті өз мойнына алады. Әр қазақстандықтың жүрегі «Қазақ тілі – менің тілім!» деп соғып, қазақ тілін меңгеру – қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігіне айналуы тиіс.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз