Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2021 жылы 18 қаңтарда Самар ауылының Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында онлайн-конференция өткізілді, онда Көкпекті ауданының №2 сотының төрағасы Біржан Қуатұлы Каджиакпаров 2020 жылға арналған жұмыс қорытындылары туралы есеп берді.
Бұл шараның тыңдаушылары құқық қорғау органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және сот қызметкерлері болды.
Кездесуді аша отырып, Б.Каджиакпаров өткен жылы Қазақстан Республикасының сот жүйесі, Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізу туралы бірқатар жаңа заңдар қабылданғанын атап өтті. Атап айтқанда, сот ісін оңтайландыру, сот талқылауынсыз татуласу рәсімдері үшін қосымша жағдайлар жасау және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру.

Толығырақ...

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, әлеуметтік құбылыс ретінде өз жалғасын табуда. Ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
"Сыбайлас жемқорлық – өте күрделі құбылыс. Былай айтқанда дерт деп те айтуға болады. Батпандап кіретін, мысқалдап шығатын кесел. Сондықтан бұл дертпен міндетті түрде бәріміз қоғам боп күресуіміз керек. Әйтпесе кеш болып қалуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықтың кесірінен алып мемлекеттер, ірі мемлекеттер құлағанын бәріміз білеміз, куә болдық", - деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың еліміз үшін аса қауіпті мәселелердің бірі екенін баса айтқан.

Толығырақ...

Қазіргі таңда патриотизмді қалыптастыру міндетінен маңызды міндет жоқ. Сондықтан, осы мәселе үшін алаңдайтын әр азаматқа Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеудің өзіндік идеологиясын ойластырған жөн. Адамдар патриотизмді түсінуге әртүрлі жолдармен келетінін ескеру қажет: біреу туған елінің табиғаты немесе өнері арқылы, екіншісі оның тарихы арқылы, үшіншісі діни сенім арқылы, ал біреу Отан алдындағы қызмет арқылы түсінеді. Патриотизмнің қазіргі заманғы тұжырымдамалары адамның сана-сезімін белгілі бір адамның туған жерінде, оның тәрбиесінде, балалық және жастық әсерлерінде, оның тұлға ретінде қалыптасуындағы қоршаған орта әсерінің көріністеріндегі эмоциялармен байланыстырады.

Толығырақ...

Табиғаттың әр мезгілі жан-жануарлар әлемінде өзінше орын алады. Әсіресе қарашаның соңы мен желтоқсан айларында жануарлардың көші-қонын (миграция) байқауға болады. 

Адамдар сияқты олар да бір тіршілік ету аймағынан екіншісіне ауысады. Көші-қон құстарда (құстардың ұшуы) және балықтарда жиі кездеседі. Көші-қон жануарлары аз зерттелген, өйткені олар жасырын өмір салтын ұстанады. Соның ішінде еліктер қыс басталысымен таудан қар аз түсетін шалғынды қырдың күнгей беттеріне қоныс аудара бастайды. Еліктердің қысқы көшуі қардың көптігіне және жайылымдық жерлерге байланысты. Еліктер бір жерде жиналуы немесе топтарға бөлініп, бірнеше жерде болуы мүмкін. Қыс айларында олар көбіне 5-10-нан топтасып жүреді. Елік - өте сақ жануар. Есту қабілеті өте жақсы дамыған, 800 м-ге дейінгі қашықтықтағы дыбыстарды бірден сезеді. Қазақ халқы адамның әдемісін «еліктің лағындай» десе, Еуропа ақсүйектері оларды ешқашан аң аулау нысаны ретінде қарастырған емес.

Толығырақ...

Мемлекет басшысы бекіткен Гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталған. Гендер - бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
«Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Стратегия – мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз