Күнделікті өмірімізді санаққа алып отыратын статистика бөлімі екенін көпшілік қауым біле бермейді. Статистика жалған сөйлесе, мемлекеттің ілгері қадам басуына, экономикасына кері әсері тиеді. Мысалға тұтынатын тауарын, мал-жанның санағы, жалақы, зейнетақы, қысқасы қандай да бір мемлекет ең алдымен өзінің статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, болашағына бағдар жасап, ертеңгі күнінің тағдырын болжап отырады. Биылғы жылы елімізде статистика бөлімінің құрылғанына 99 жыл толып отыр. 1920 жылы 8 қарашада Жоғарғы Кеңестің ұйғарымымен құрылған статистика саласы, бір ғасырға жуық жұмыстарын үзбестен үздіксіз халыққа, елге қызмет атқарып келе жатыр. Көкпекті ауданы бойынша статистика бөлімінің басшысы Гүлғана Құжатқызы Беспаевамен алда келе жатқан мейрамдарына байланысты құттықтап, әрі әңгімелесу үшін мекемелеріне бас сұққан едік. Статистика бөлімі 1997 жылы Семей және Шығыс Қазақстан облысының біріктірілуі нәтежиесінде Шығыс Қазақстанның Статистика басқармасының Көкпекті ауданының Статистика бөлімі болып қайта ұйымдастырылды. 2009 жылы Көкпекті аудандық Статистика бөлімі Көкпекті ауданының Статистика басқармасы болып өзгертілді. Басқарма басшысы Гүлғана Құжатқызы 2006 жылдан бастап осы мекеменің тізгінін ұстап келеді. 2006 жылы ауданда екі кезеңнен тұратын, бірінші Ұлттық ауыл шаруашылық санағы ойдағыдай өтті. Ал 2009 жылы Көкпекті ауданы Ұлттық халық санағын өткізу бойынша үздіктердің қатарында болды.
Толығырақ...Көкпекті аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Ш.Қалдыбаевамен кеңсе қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.
Толығырақ...Қарттар күні – мейірім мен шуаққа толы айтулы күн. Бұл күні біз қарттарымызға деген қамқорлығымыз бен құрметімізді барынша тағы бір мәрте көрсетуге, ерекше ілтипат танытуға тырысамыз. Өскелең ұрпақ үшін әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған көнекөз қарияларымыздың орны ерекше.
Толығырақ...«Автобус» Республикалық жедел алдын-алу іс-шарасын өткізу аясында 10 қазан күні Көкпекті ПБ бастығы, полиция полковнигі Р.К.Камзиннің басшылығымен тақырыптық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына «Nur Otan» партиясының өкілі Аида Тоғусова, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Гаухар Каребаева, Ж.Шайжүнісов атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саягүл Тлебал-дина, Көкпекті орта мектебінің директоры Нұргүл Сарманова қатысты.
- Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында қоғамдық көліктің қатысуымен болған апаттылықтың жай-күйін талдау жол қозғалысын қадағалаудың әлсіреуін куәландырады. Респу-блика бойынша ағымдағы жылдың басынан бері автобус жүргізушілерінің кінәсінен 316 ЖКО тіркелген, онда 51 адам қаза тауып, 553 адам жарақат алған. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі 10-17 қазан аралығында Көлік комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу туралы шешім қабылдады. Аталған іс-шараның мақсаты автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүкті тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және өз қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты желіде (ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастарда) бақылауды жетілдіру болыптабылады, - деді Көкпекті ЖПБ басшысы кіріспе сөзінде.
2019 жылдың 10 кырқүйегінде Көкпекті аудандық сотында төраға м.а. Н.Б.Жаныбекованың бастауымен «Билер алқасын құру – ұлттық құңдылығымызды жаңғырту» тақырыбында жиын өткізілді. Жиынға Көкпекті селолық округі әкімінің орынбасары Н.Н.Укешова, Көкпекті ауданының ардагерлер алқасының төрағасы С.Н.Мұкашев, Көкпекті селолық округінің ардагерлер алқасының төрағасы С.Б.Файзуллин, Еңбек ардагерлері С.Ж.Зейнуллин, Г.С.Назекеева, кәсіби медиаторлар А.О.Мұкашева, Е.А.Әмірхасенов,Көкпекті орта мектебінің директоры Н.М.Сарманова, Ж.Шайжунусов атындағы орта мектебінің өкілі Г.М.Өмиралиева қатысты.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.