Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2023 жылдың 8 айында аудан аумағында 3 жол-көлік оқиғалары орын алып, соның ішінде 3 адам қаза тауып, 5 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Осыған байланысты аудан аумағында жол-көлік оқиғаларын төмендету, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында 2023 жылдың 10 тамыз және 10 қыркүйек айы аралығында Көкпекті ауданы аумағында «Қауіпсіз жол» облыстық жедел – профилактикалық іс – шарасы өткізілуде. Осыған байланысты Көкпекті АПБ қызметкерлерімен басқада мүдделі мемлекеттік органдармен, жұртшылық өкілдерімен бірлесіп мобилдік топтар құрылды.


Сонымен қатар Көкпекті ауданы бойынша республикалық, облыстық, ауылдық елді мекендердегі автожолдарға жылжымалы автопатрульдермен рейдтік іс шаралар жүргізіліп, жол жүргізу ережелерін, жолаушылар қауіпсіздігін сақтау мәселелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізу басталды. Іс шара барысында Көкпекті АПБ қызметкерлерімен жол жүру ережесін бұзғаны үшін 32 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 608 бабы көлік құралын масаң күйде басқарғаны бойынша 1 адам жауапкершілікке тартылып, Көкпекті аудандық сотына жолданды.
Құрметті Көкпекті ауданының тұрғындары өздеріңіздің жеке бастарыңызды, жақындарыңыздың амандығын ойлап, жол жүру ережесін сақтап, абай болуларыңызды сұраймыз!

Жасұлан Разаев,
Көкпекті АПБ ЖПҚБ бастығы
полиция подполковнигі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз