Елімізде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Акция аясында оқушылар шығармашылық сарайында 29 қараша күні дөңгелек үстел өтті. Жиынға Көкпекті аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің бастығы Жасұлан Разаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахимбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев,аудандық аурухананың психологы Анар Мұқатаева және әр саладағы әйелдер қауымы қатысты.
Аталған науқан жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді. Осылайша, Қазақстан жаһандық деңгейде де, ұлттық деңгейде де қандай болмасын зорлық-зомбылықты жоюға әрекет жасады.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Күн тәртібінде аудан әкімі жанындағы әйелдері ісі жөнідегі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысы туралы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілері және оның алдын алу жұмыстары, аудандағы әйелдерге қатысты фактілері тіркелген жағдайдағы медициналық,психологиялық көмек туралы тақырыптар қозғалды.
Науқан алғаш рет 1991 жылы басталып, содан бері Біріккен ұлттар ұйымының қолдауымен өткізіліп келеді. Ұйым осы өзекті мәселені адам құқығын өрескел бұзу қылмысы деп санайды. Себебі, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлі формасы бар: ол – тұрмыстық, физикалық, жыныстық, психологиялық сипаттарда жасалуы мүмкін. Олар көбіне жария етілмейді, бірақ кең жайылып кеткеніне байланысты жалпыұлттық назарға алынып отыр.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса басқа адамдардың зорлық-зомбылыққа ұшырағанына куə болсаңыз,шұғыл түрде «102» жүйесіне хабарласыңыз!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.