Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Волейбол ойындарында көзге түскен, мектебіміздің мақтанышына айналған Дүкембекова Дильназ бен Ахатова Диана аудан волейболшылар құрамасына кіріп, волейболдан күзгі облыстық чемпионатқа барып, жүлделі орынға ие болып қайтты.

Ахатова Диана 2000-2001 жылы туылғандар құрамасында ойнады. Олар 14 команда ішінен 4-ші орын алды Ал 2002-2003 жылдар арасында ойнаған Дүкембекова Дильназдың командасы жүлделі 1-ші орын алып, облыс чемпионы атанды. Қыздардың жеңісіне көп үлес қосқан жаттықтырушысы Смағулов Нығмет Жағыпарұлы. Нығмет ағаның айтуынша «кыздардың болашағы жарқын, олар алдына мақсат қоя білетін, еңбекқор балалар. Спортшыға сай шыдамдылық пен табандылықты ұштастыра білді», - дейді.
Біз Диана мен Дильназға үлкен жеңістерге жетіп, биіктерден көрінуіне тілектеспіз, және олармен бірге ойнап жүрген команда мүшелеріне де сондай жетістіктерге жететіндіктеріне сенеміз.

Жадыра Қазезова,  9 «а» сынып оқушысы

 

 

 

Біздің ауданның волейболшыларының атағы облыстан әрі асып кеткенін біз мақтан ете аламыз. Бірнеше жылдан бері Болат Исаев жаттықтырып келе жатқан қыздар командасының бірнеше тобы жыл сайын түрлі чемпионаттарда жүлделі орын алып келеді.
Күз айында өтетін Шығыс Қазақстанның чемпионатында 1998-99, 2000-2001, 2002-2004 жылдары туылған қыздар командалары өз бақтарын сынады. Бұл жарыс қазан айының 21-24 күндері аралығында өтті.


Өскемен қаласында өткен жарысқа 2002-2004 жылы туылған қыздардың Күршім, Глубокое, Аягөз, Катонқарағай, Шемонайха аудандары мен Өскемен қаласынан барлығы 7 команда қатысты. Өздерін мықты санайтын бұл командалардың барлығын да жеңіп шыққан біздің қыздарымыз бірінші орынға ие болды. Сафура Сембинова, Камила Дүсіпова, Айнұр Жусанбаева, Арина Полякова, Малика Советбаева, Дильназ Дүкімбекова, Айдана Жамсапова, Ажар Ринатоллева, Наргиз Ахметова жаттықтырушылары Б.Исаев пен С.Жадықпаевтың үмітін ақтап, биік тұғырдан көріне білді.
Жаңадан жарқырап келе жатқан шамшырақтардың алда әлі талай биіктерді бағындырып, алдыңғы буын спортшылардың айбынды жеңістерін сақтап қалатынына сенім мол.
Жыл сайын өтетін дүбірлі додаға ұлдар командалары да қатысты. Құрамында А.Қожахметов, Д.Кеңесов, А.Сахариев, Е.Мұхтаржанов, А.Уалхан, К.Қалымбеков, Д.Исатаев бар 2000-2001 жылы туылған ұлдар командасы өздерін тағы да епті екендіктерін көрсетті. Тарбағатай, Катонқарағай, Күршім, Шемонайха аудандары мен Семей қаласының командаларын жеңіп, аз ғана ұпаймен өскемендіктерден жеңілген волейболшыларымыз екінші орынды қанағат тұтты.
Спорт ардагері Е.Нұхаев жаттықтыратын бұл команданың аталған ойыншылары облыс командасы құрамында Павлодар қаласында өтетін Республикалық Күзгі чемпионатқа қатысады. Талаптарыңа нұр жаусын, ешқашанда абырой биігінен құлдырамаңдар деп тілейміз.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

 

 

Таэквон-до – қазақша қайырсаңыз, аяқпен төбелес. Боксшылардың шаршы алаңда қос қолы шоқпардай сілтенсе, таэк-вондошылардың қос аяғы кезек-кезек қар-сыласының төбесінде жасындай ойнайды.
Осы жекпе-жектің біздің өңірімізде де қарқынды дамуда. Оның жоғары дәрежеде болуына бапкер Бақыт Ғазизиұлының зор үлес қосып жүргенін айта кеткен жөн. Семей қаласында қыркүйек айының 19-20 күндері орын алған аталмыш жарыста да Бақыт Ғазизұлы Рахимовтың шәкірттері қатысып, өз шеберліктерінің басым екендігін байқатты. Өздерінің салмақтарына қарай жұп-жұпқа бөлініп, белдескен олардың барлығы да намысты қолдан бермеуге тырысып, аянбай айқасты. Турнир өз мәресіне жеткенде барлық қатысушылардың арасында жеңіске жетіп қуанғандары да болды. Дегенмен, бұл жарысқа Семей, Бесқарағай, Курчатов, Өскемен қалаларынан келген жас спортшылардың өз деңгейлерінің қандай дәрежеде екендігін анықтауға көп пайдасын тигізді деуге болады. Ал, біздің ауданның жас жеткіншектері өздеріне артылған үмітті ақтап, жеңіс тұғырынан көріне білді. Атап айтар болсақ, жарыста 1 орында Р.Байсақов, Ж.Смағұлов және А.Әсенов алса, 2 орын Э.Саненов, А.Бойковтың еншісіне тиіп қола медалін алды. Ал, 3 орынды Е.Зияш, Ж.Миғраш, Е.Бауыржановтар қанжығаларына байлады. Енді жас таэквондашылар Новосибирскіде қазан айында өтетін халықаралық жарысқа жолдама алды.
Ауданымыздың осындай бағына бабы сай келетін патриот, спортсүйер жастары бар кезінде, спорттық додаларда алар асуларымыз да биік болады деген сенімдеміз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Тәуке хан өз дәуірінде қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа шығыс халықтарының тарихында ірі қайраткер, көрнекті қолбасшы ретінде елеулі орын алған. Ол өз еліне хан сайланған заманда дипломат-мәмілегер, данышпан, айлакер қолбасшы, дәстүрлі құқық жүйесінің реформаторы және ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды.
Тәуке ханның таққа отыруын 1680 жылмен шамалаймыз. Қазақ елінің қасиетті қаласы Түркістанда ақ киізге көтеріліп, бүкіл Үш жүздің ханы болып сайланғаннан кейін, қазақтың сол заманғы қоғамының ішкі және сыртқы саясатына ерекше көңіл бөлді. Сол кезеңнің өзінде-ақ ұлт мемлекетін халықаралық деңгейге, биік дәрежеге көтеруге аянбай күш салды. Атап айтатын болсақ, Тәуке хан қазақ мемлекетін нығайту үшін ең алдымен бет-бетімен ру-руға бөлінген, бір-бірімен жауласып жатқан елінің ұлттық бірлігін сақтауға аянбай күш салады. Елдің басын біріктіру мақсатында ру басшыларының алауыздық қимыл-әрекеттерін тыюды мақсат етті. Қазақ қоғамында дау, жанжал, негізінен көшпелі елдің мал жаятын жайылымы мен қоныстың тарлығынан туып отырған.
Эктенсивтік көшпелі қоғамда мал жаятын өрістің тарылуы, басқа аймаққа көшуге мәжбүр етіп, өзге рулардың қоныстарына мал жаюға тура келеді. Малдың өсіп-өнуі, жетіліп, семіруі тек жерге байланысты. Тәуке хан ішкі саясатта ең алдымен осы мәселені шешуге ат салысты. Алдымен үш жүздің жайлау, қыстау және күздеулерін Қазақстан аумағының ерекшеліктерін ескере отырып бөлуге, назар аударады. Үш жүздің білгір билерінің басын қосып, айларға созылған кеңестен кейін жайылымдарды қалыптасқан тарихи пайдалану негізде бөледі. Бұдан былай жайылымдар ру-ру болып пайдалануға берілді және әр ру белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп-қонуға мүмкіндік алды. Белгіленген жер межесінің шеңбері ордағы түтін басының санына және мал мөлшеріне қарай бөлініп отырды. Ендігі уақытта көшпелі қазақтар руларымен белгіленген жерге ие болып, сол жайылымның шеңберінде ғана мал жайып, көшіп-қонатын болған. Жерді пайдалану барысында дау туса, ру басшылары мен билер әділеттілікпен қарап, шешім қабылдап

Толығырақ...

Тамыздың 17-19 күндері Алматы қаласында 2002-2003, 2004-2005, 2006 жылғы жасөспірімдер арасында үстел теннисінен Республикалық дәрежедегі турнир болып өтті. «Шаңыраққа жол» деген атпен өткізілген спорттық додаға Қазақстанның 9 облысынан келген теннисшілер қатысып, мәреге Алматы және Қарағанды қалаларының спортсмендері шықты.

Шығыс Қазақстан облысынан біздің жас теннисші Дарын Кеңесханов қатысты. Ол жақсы ойын көрсетіп қана қоймай, жасөспірімдердің арасында бірінші орынды қанжығасына байлады. Дарын бұл турнирге қатысу үшін, арнайы «Шаңырақ» оқу-жаттықтыру мектебінде жаттықты. Мұнда ол Қазақстан Рес-публикасы Федерациясының білікті теннис жат-тықтырушыларынан арнайы жаңа заманауи техникаларды үйреніп дәріс алды. Аталмыш турнир барысында өнер көрсеткен балалар өздерінің ептіліктері мен көз ілеспес шапшаңдықтарын, шеберліктерін көрсетіп, жанкүйерлерін тәнті етті.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз