Н.Ә.Назарбаев: «Мен Елбасы болсам да, қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, аруағын қастерлеп, Алласына сыйынған елдің перзентімін» - дейді «Тарих толқынында» кітабына қатысты 1999 жылы М.Құлмұхамедке берген сұхбатында. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің не екенін үйретері сөзсіз. 170 жылдық мерейтойы аталып өткелі отырған ұлт данасы Абай тойы қарсаңында сол ортаның қастерлі тарихында қасиетті іздері қалған батыр бабамыздың құрметтелуі ұрпақтың мерейін өсірері хақ. Осыған орай, Мамай Жұмағұлұлына Қарауыл ауылынан ескерткіш ашылуына байланысты, жауынгер атамыз туралы Көкпекті ауданының арқалы ақыны Қалихан Алтынбаевтың дәйекті деректерді қолдана отырып жазған дастанын тарту етеміз.
Қайтқан бет
Домбырам, қайда менің қолғанатым,
Тағы да кезің келді толғанатын.
Табиғат сыйға берген тіл байлығын,
Аруақты ерлер үшін қолданатын.
Мен ұшқан сусыл қанат көгала үйрек,
«Бар ма – деп, төңіректе көл қонатын?»
Бабамыз бәріміздің ақын Абай
Әр сөзі сары ауруға ем болатын.
Қазақтың бір батырын баяндаймын.
Азырақ баяғыға аялдаймын.
Сөккендер «Ескішіл» деп сөге берсін,
Ұстанған өз жолымнан тая алмаймын.
Ауылдың академик қарттары бар,
Оларсыз құшағымды жая алмаймын.
Солардың сөздерінен нәр жинадым,
Енді мен қиғыр қылыш нояндаймын.
Баласы Мұсағали Санияздың,
Есімін ескі ақынның хатқа жаздым.
Бет алып соның салған сүрлеуімен
Тәптіштеп, әрмен қарай терең қаздым.
Тұраров жүзге жеткен Ақынжанның,
Серігі Тәуке сынды батырлардың,
Дастанның «Мамай батыр» деректерін,
Солардан жинастырып, ақыр қандым.
Ұлықбек жүр баласы Байырбектің,
Толығырақ...Туған елден жырақта от пен оқтың ортасында, өмір мен өлім арпалысында фашистік басқыншыларды бір адым ілгері аттатпай, оқ тескен кеудесімен жат жердің топырағын құшып, мәңгілік тосқауыл болып қалған қазақстандық, Ұлы Отан соғысының батыры Қойгелді Аухадиевтың «Отан үшін» деп мерт болғанын қалай ұмытармыз? Елі барда ерлердің есімі мен ерлігі ешқашан ұмытылмақ еместігі сөзсіз.
Отан деген ұғымның ая-сы қандай кең болса, сол Отан-Анаға деген перзенттік сүйіспеншілік пен адамгершілік парызын өміріне арқау еткен Қойгелді Аухадиев Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың мамырында шақырылып, сол жылдың маусымынан Ұлы Отан Соғысының Орталық майданның 60 армиясының 6 гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында болды. 1943 жылы күзде Днепрді кесіп өту шайқасында кіші сержант Қойгелді Аухадиев басқарған топ Днепр өзенінің батыс жағалауына жасырын өтіп, жау шебіне тұтқиылдан ша-буыл жасайды. Сөйтіп, бұл ерлік негізгі күштің өзеннен кедергісіз өтуіне мүмкіндік туғызып, кеңестік әскер ерліктің жоғары үлгісін көрсетеді.
Толығырақ...Еліміз егемендік алғаннан бері ерлерін жадына алып, қуғын-сүргін көргендерді еске алу күні ерекше аталып өтуде. Сол күндерді еске алу, еліміздің тарихының касіретті парақтарын білу жастарға, кейінгі ұрпаққа міндет деп білемін. Бүгінгі әңгімеге түйткіл болған, көкейде жүрген сол бір қиын заман, әкем Шериаздан Бабайұлының көрген зардабы - касіреті еді. Жан баласына шақпаған жан айқайы деу-ге болады. Әкемнің естеліктеріндегі теңеу: «Телегей теңіз, аласапыран – жұмыр жер сілкініп, үлкен апат тасқын дүниені басқандай, адам баласы не ғаламат болғанын түсінбей, абыржып, аң-таң күйге ұшырады. Кешегі жүрген азамат түнде жоқ болады, қайда, не болды? Үндемеске кетті! Одан әрі сөз етуге тіл жоқ, әркім өз көлеңкесінен қорқады»... Қазақ даласында тараған ең үлкен індет сонау атам заманынан бері сілімтігін сүйретіп, осы күнге дейін өлексесі қалған «домалақ» арыз. 1903 жылы шыр етіп осы кең байтақ даламыздың топырағында дүниеге келген баласы Шериді әкесі қолына алған. Енді 11 жасқа келіп, адам санатына қосылам деп ұмтылғанда әкесінен айырылып, жетімдікті көп көріп, тағдырдың тегеурініне шыдап, ашына өсті. Жетім бала ерте есейеді. Ұлы өзгеріс жылдары ер жігіт атқа қонып, жастардың көшін бастап, алға ұмтылды. Ұстаздықты калап, сауатсыздықты жоюға қатысады.
1925 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық мұғалімдердің бірінші съезіне Зайсан уезінен барған екі делегаттың бірі болды. Ауданнның білім беру бөлімін басқарды. Әріде партия қызметтерінде болады. Ақсуат ауданын құрып, бірінші хатшы болды және басқа жоғары лауазымды
Толығырақ...Әкеміз Басқарбаев Тұрсын Әбішұлы 1916 жылдың 9 мамыр күні Күршім ауданына қарасты Камышинка ауылында дүниеге келген.
1941 жылы Күршім аудандық әскери бөлімшенің бұйрығымен Отан алдындағы борышын атқару үшін соғысқа аттанады.
1941-1943 жылы Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысып, сол қолынан жарақаттанады. Шілде айына дейін жедел емдеу емханасында ем алады. Жарақатының ауырлығына байланысты ІІ дә-режелі мүгедектікпен әскери қыз-меттен запасқа шығарылады.
Толығырақ...Ата-бабадан қалған көнекөз асыл мұра – қазақтың ұлттық қолөнеріне деген ықылас сонау ғасырлардан бері өз өзектілігін еш жойған емес. Ұлы Жібек жолын бойлай өтіп, айшылық алыс елдерді көшпенділер мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырып, қазақ даласын әлем жұртына паш етуге үлес қосқан да осы ұлтымыздың қолөнер туындылары десек артық айтпаспыз. Алайда өмір салты өзгере келе, біз төл туындымыздың небір асылы мен жақұтынан айырылып қала жаздағанымыз тағы бар. Көптеген ғасырлар бойы сақтап келе жатқан салт-дәстүрімізді бодан болған 70 жылға айырбастап, ана тіліміз бен ұлттық нақышымыздың бояуын кетіріп алғандай болдық. Түн артынан күн туып, Тәуелсіздіктің көк туы желбірегенннен кейін ұлттық өнер жаңа заман талаптарына сай қайта жаңғырды.
Әсіресе, қазақтың ұлттық нақышын көзінің қарасындай сақтап, салт-дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп жүрген атамекеніне қоныс тепкен қандастарымыз екені баршамызға аян. Міне, осындай ұлттық бұйымдарды қолдан жасайтын шебер қандасымыз Теректі ауылында тұрады. Рысбай Дауылбайұлы атамекеніне 2007 жылы Қытайдың Толы ауданынан көшіп келген екен. Тарих қойнауына кеше ғана енген жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары қазақ халқы үшін ұлы дүрбелеңге айналған дәуірде ата-бабасы шет жерге қоныс аударуға мәжбүр болған. Содан бергі уақытта қандастарымыз өзге елде күн кешсе де қазақ салтын, ұлттық бұйымдарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, дәстүрін дәріптеумен келеді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.