Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні— тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Біздің халқымыздың ерлік дастаны найзаның ұшы, білектің күшімен жер қорғауынан бастау алып, одан бергі небір нәубет зардаптарын бастан кешті.16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени іс-шаралары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерекесі Көкжайық селолық округінде де аталып өтті. Іс-шаралар легі Көкжайық селолық округінің кітапханасында «Қазақстан - менің мақтанышым» атты тақырыптық сағаттан бой алып, ауылдық мәденеиет үйі ұжымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік концертпен жалғасты. Сонымен қатар, Көкжайық орта мектебінің спорт залында волейболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа ауданымыздың жеті ауылынан командалар келіп қатысты. Бірінші орынды Көкжайық селолық округінің жас спортшылары, екінші орынды Мамай ауылының волейбол командасы, үшінші орынды Көкжайық селолық округінің ардагер спортшылар командасы иемденді.
Сондай-ақ, волейболмен қатар Көкжайық ауылдық спорт залында қазақша күрестен мектеп оқушылары арасында аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа ауданымыздан Көкжайық, Тассай, Үлкенбөкен ауылдарының спортшылары қатысты. Қазақша күрес 26-46 кг салмақ дәрежесіндегі оқушылар арасында өтті. 26 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Мәди Айтмұхамбетов, 2-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Әлібек Сейтқалым, 3-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушылары Мирас Бегалиев, Сырым Құмаров иеленді. 29 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Олжас Байсейітов, 2-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Әмір Сеитов, 3-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Аян Шұбаров, Тассай орта мектебінің оқушысы Елдар Мейрамов иеленді. 32 кг салмақта 1-орынды Тассай орта мектебінің оқушысы Тәлімжан Кеңесов, 2-орынды - Үлкенбөкен орта мектебінің оқушылары Абылайхан Заманбеков, 3-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Ерболат Замаданов, Олжас Айтқалиев, Тассай орта мектебінің оқушысы Еламан Мәуітбеков иеленді. 35 кг салмақ бойынша 1-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Алмас Алтынбеков, 2-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Ерасыл Бейсен, 3-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің
Желтоқсанның 24 жұлдызы күні Жаңа жыл шыршасы Мәдениет үйіне келген қонақтарды ашық жүзді қарсы алды.
Бұл мерекені мүмкіншілігі шектеулі балаларға «Көкпекті ауданы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері ұйымдастырды. Бір тәулік бойынша қарлы боранды болған күндерге қарамастан, Самар ауылында тұратын 20-дан астам балалар мерекеге келді. Әлеуметтік қызметкерлердің қарауында болатын балалар әр түрлі жаңа жылдың киімдерін киіп, ән шырқады, ойын ойнады.
Шырша одан әрі қызықты болды. Карнавалдың жүргізушілері Л.Гебель және А.Ыхаймен бірге сиқырлы саяхатқа – ыстық Африкаға аттанды. Олар бір-бірімен африкандықтардай сәлем берісіп, Африкада тіршілік ететін неше түрлі аңдарды бейнеледі. Жаңажылдық ертегі ешқашан сиқырсыз болмаған. Осы жерде барлық жиналған балаларды сырлы фокустармен Сиқыршы мырза (А.Райхан) таңдандырды.
Келе жатқан 2016 жыл - Мешін жылын барлығы қызығушылықпен және қуанышпен қарсы алды. Жыл иесі кішкентай сайқымазақ маймылдарын өзімен бірге ала келді. Сонымен қатар, олар жалынды және әдемі би сыйлады.
Қазіргі таңда қосымша білім беру ісіне ерекше мән беріледі. Осыған байланысты игі істер Көкпекті ауданындағы қосымша білім беретін балалар өнер мектебінде жүзеге асырылуда. Оның айғағы 2015 жылдың 17-20 қараша аралығында Шүлбі кентінде өткен облыстық «Алтын дауыс» вокалистер сайысы. Өткен сайысқа «Балалар өнер мектебінің» оқушылары Жансая Маметекова, Нұрали Алдажұман қатысты. Балалар ортаға бойындағы бар өнер-лерін салып, шығармашылықтарын көрсетті. Облыстық сайыс қорытындысында Жансая Маметекова сертификатпен, Нұрали Алдажұман III орынға ие болып, мадақтамамен және облыс дамуына үлес қосқан Шығыстың дарынды жұлдызы кубогымен, сертификатпен марапатталды. Облыстық «Алтын дауыс» сайысындағы өнерлі өрендердің бұл жетістігін Балалар өнер мектебінің вокал үйірмесінің жетекшісі Н.Шапатовтың төккен терінің жемісі деуге әбден болады. «Өнерсіз бала болмайды, тек олардың ішкі талантын сыртқа шығаруға көмектесіп, жетілдіре білу керек. Біздің атқарар жұмысымыз осы», - дейді Нұрлан Махабекұлы Шапатов.
А.Байғалиева,
оқу ісінің меңгерушісі, Балалар өнер мектебі
Қазақстан Республикасының Мем-лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Де-партаменті бұқаралық ақпарат құралдары арасында ең үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды
«9 желтоқсан – Халықаралық жем-қорлыққа қарсы күрес күніне» орай, Қазақстан Республикасының Мем-лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) бұқаралық ақпарат құралдары арасында ең үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды.
Асқар Қапанұлы Қажығалиев, «Серік» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты:
- Қазақстан Республикасының Прези-денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің ауылшаруашылығы саласына айрықша мән береді. Экономиканың бұл саласын барынша дамыту үшін қаншама жеңілдіктер жасалды, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. «100 нақты қадам – ұлт жоспары» Стратегиясында да ауылшаруашылығын дамытуға қатысты бірнеше қадамдар арналған. Соның ішінде жерді тиімді пайдалану мәселесін қамтитын 35-36-шы қадамдар біздер үшін өте маңызды.
«Жер абаттанса, ел ауқаттанады. Ауылдың амандығы — елдің амандығы», - деген Елбасының сөзінде терең мағына бар. Ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеуші сала еңбеккерлері мерекесі күні еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған қарапайым еңбек адамдарының алдында басымызды иіп, жүрекжарды алғысымызды айтамыз. Әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық тілеймін. Ауыл берекесі ортаймасын.
Самарқан Қалисатарұлы Жотабаев, «Қалисатаұлы» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты:
- Ауа райының қолайсыздығына қара-мастан биыл да, ауданымыздың диқандары тұрғындарды нанмен қам-тамасыз етуге жетерлік өнім жинады. Аудандағы уақытша тұрақтандыру қорына жеткілікті мөлшерде картоп пен көкөніс салынды. Мал шаруашылығында да айтарлықтай жетістіктер бар. Бүгінгі күні ауданымыздың агроөнеркәсіп кешені ауыл шаруашылығын индустриалды-инновациялық жаңғырту, жаңа техникалар мен құрал-жабдықтарды, заманауи ресурс сақтаушы технологияларды қолдану негізінде дамып келеді. Осының бәрі өңірдің ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешенінің аса зор әлеуетке ие екендігінің айғағы және бұл әрі қарайғы қарқынды дамуымыздың кепілі болмақ.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.