В рамках реализации плана мероприятий Государственной программы «Саламатты Казахстан 2011- 2015 годы» прошла широкомасштабная акция «Фестиваль здоровья» под девизом «Скажи: «Да!»- здоровому образу жизни!»
5 сентября на стадионе с.Самарское царила праздничная атмосфера, играла музыка. На территории модуля вывешен огромный баннер «Спорт- основа здоровья, здоровье –основа богатства».
На стадионе уже подготовились к выступлению команды медицинских работников «МРБ Кокпектинского района», студентов Самарского аграрно-технического колледжа, школ – им.Болганбаева, № 1, детского сада, МСУ и другие
Толығырақ...Ағымдағы айдың 15 жұлдызында Қазақстан Республикасы Конститутциясының 20 жылдығына, еліміздің Ұлы ақыны әрі данышпаны Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына және Спорт күніне арналған ауылдық округ командалары арасында Көкпекті ауданы әкімінің жүлдесіне XIX спартакиада өтті. Аталмыш доданың өткізілу мақсаты, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбавевтың жолдауларын іске асыру, спортшылардың патриоттық сезімін және достық қарым-қатынасын нығайту, халық ойындарымен спорт ойындарын дамыту, ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, облыстық жарыстарға қатысу үшін аудандық құрама команда іріктеу болып табылады.
Спартакиаданың ашылу салтанатына Көкпекті ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Мұқышев қатысып, сайысқа түсушілерге сәттілік тіледі. Нағыз алғырлардың ойыны шахмат бойынша Көкпекті ауылының А.Нұрмұхамбетов, Ш.Шалбаев және Р.Изубчикова атты ойыншылары жүлделі 3 орынды иеленді.
А.Рахымбаев, Е.Әділбеков, З.Серіков, В.Минх, Е.Әбілов, А.Қапанов, Ә.Ақжігітов, Б.Батталов, Ә.Сыдықов, О.Сұлтанов сынды жас шымыр денелілерден құралған футбол 1 орынды иеленді. Олар өздерінің нағыз аяқ доп шеберлері екендіктерін көрсете алды. Балалар үйінің денешынықтыру нұсқаушысы және тәрбиешісі Қ.Тыныбаевтың бастамасымен жеңіл атлетикадан Д.Кандрашева, Ю.Шушакова, А.Проскуряков, шахмат және дойбы ойындары бойынша Р.Изубчиков, К.Жеңісова, қол күресіне М.Ахметов, гір көтеруден А.Бурыгин қатысты.
Спартакиада жеңімпаздары мадақтама қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Спортпен шұғылданатын жастардың ауданымызда көп болуы саламатты ұрпақ тәрбиелеп жатқандығымызды көрсетеді. Бүгінгі додада сайыпқырандарымыздың жеткен жетістіктері соның айқын дәлелі. Ауданымыздың спортшылары жасай берсін! Денелері шымыр, жүректері жігерлі, білекті де білімді болсын дегім келеді.
Көкпекті ауылдық округі бойынша
жастар саясатының маманы А.Төлегенова
Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Сондай елдің төсінде өмірге келіп, құлашын биікке, қанатын кеңге сермеп өскен перзент еліміздің арайлы таңының пердесін тек өзі ғана аша алатынын сезінуі тиіс. Бүгінде мемлекет те оларды ерекше назарға алып отыр.
Елімізде үкілі үміт иелерінің мерекесі 2000 жылдан бастап ағымдағы айдың 12 жұлдызында аталып өтіледі. Биыл ауданымыздың жалындылары мерекені атап өтуге таң атысымен кірісті. Бірінші кезекте «Толағай жастары» атты патриоттық акциясы өткізіліп, жастар топ болып ауданымызды құшағына алып тұрған Толағай тауына шығып, еліміздің көк байрағын тікті.
Толығырақ...Елбасы Н.Ә.Назарбаев: "Спортшылардың жетістігі – салауатты өмірдің насихаты" деп бекер айтпаса керек-ті. Адамның денсаулығы қоғамның басты байлығы екенін ескеретін болсақ, дені сау мемлекеттің негізін қалауға үлес қосып жүрген спортшыларымыз құрметке лайық. Ағымдағы айдың үшінші жексенбісі спортшылар қауымының төл мерекесі. Осыған орай, ауданымыздағы денесі шымыр, рухы мықты, өмірлері қайсарлық пен жігерлікке толы спортшыларымыз бен жаттықтырушылардың пікірлері мен жүрекжарды тілектерін назарларыңызға ұсынамыз.
Ержан Нұхаев, Самар ЖБСМ директоры:
- Құрметті әріптестер, спортшылар, жанкүйерлер! Адамның денсаулығына пайдасы мол дене шынықтыру мен спорттың еліміздегі салауатты өмір салтын қалыптастыруда алдыңғы орында тұрғаны баршамызға аян. Спортпен шұғылданған адамның дені сау, ғұмыры ұзақ болары сөзсіз. Біздің спорт мектебінде жүздеген шәкірттер тәлім алып, қазіргі күні өмірлерінің бір бөлшегі ретінде спортты серік етіп алған. Олар ауылымыздың, ауданымыздың атын шығарып, қашанда биік тұғырлардан көрініп жүр. Біз шәкірттерімізден үлкен үміт күтеміз, олардың сол үміт үдесінен шыға білгенін мақтан тұтамыз. Мереке күні оларға:
- Еліктеп өсер спортшыға әр бала,
Қошеметтер сезіп бақыт кең дала.
Елің тұрар елең қағып жеңсін деп,
Саламатты ел тірегі сен ғана,-дегім келеді.
Ербол Әміров, №2 Самар спорт мектебінің футболдан жаттықтырушысы:
- Шүберекке жанды бірге түйеміз,
Жеңіс тілеп жігер тонын киеміз.
Алға батыр деп, дем беріп айқайлай,
Жеңген кезде қуаныштан сүйеміз.
Жеңіс дәмі тәтті, шіркін, күлесің,
Ел үмітін көтересің білесің.
Қайтпас қайсар мінезіңмен адымдай,
Жеңіс орны тұғырыңа мінесің.
Елің тұрар мейірлене қараумен,
Батырына, батылына балаумен.
Әр жеңіске жеткен сайын қуанар,
Футболшының соққан добын санаумен.
Аслан Ибраев, Белое ауылы Октябрь орта мектебінің волейбол және күрестен жаттықтырушысы:
- Балуандар мықты біздің ойында,
Толығырақ...Адамзат ақыл ойының озық үлгісін көркем туындылары арқылы көрсеткен Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойы Ұлы Ақынның туған жерінде кең көлемде, барлық сән-салтанатымен аталып өтті. Кемел ақын, кемеңгер ойшыл ұлы Абайдың “Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп” деп ұсынған, адамгершілік пен ізгілікке суарылған өсиетінің мәні барлық бұқаралық-мәдени шаралардың арқауына айналды.
Әрине, Абай айтқан еркіндік, теңдік, мейірім мен тазалық идеясы күллі адамзатқа тән. Сондықтан Абай айтқан сөз – қазаққа ғана емес, баршаға ортақ. Абай нұсқаған жол – бәріміздің бағдарымыз болуы керек. Абайдың өлеңдері мен «Қара сөздерін» оқығанда қазақы ойды, философияны, ұстанымды, ерекшелікті танисың. Абай: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», - деді. Сол өсиетті өзі орындап кетті. Ол атаның ғана адал ұлы емес, өз халқының, адамзаттың адал ұлы бола білді. Оның философиялық терең мұрасы күллі адамзаттың игілігіне айналғанының бір себебі – оның шығармашылығындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды талмай айтып отырғандығынан болар деп ойлаймын.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.