Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әрбір адамның асыл да бағалы қазынасы – денсаулық. Спорт-денсаулық кепілі деп бекер айтылмаса керек. 20 қаңтар күні Көкпекті орта мектебінде ұстаздар бірлестіктерінің арасында Астана қаласының 20 жылдығына арналған көңілді старт өтті.
Сайысқа 6 команда қатысты. Олар: «Улыбка», «Ну, погоди 13 класс», «Қыран», «Жұлдыз», «Бодрячки», «Ну, погоди». Ойынның бағдарламасы өте қызықты құрылған. Мұғалімдер доппен, арқанмен, обручпен жүгіру сияқты әртүрлі қызықты сайыстарда өз мүмкіндіктерін көрсетті. Сайыстың әрбір бөлімі қызығушылық пен сайыскерлер арасындағы жеңіс үшін ұмтылысқа толы болды. Сайыс көрермендері мен жанкүйерлері тарапынан асқан белсенділік сезілді.


Спорттық мереке барлық мектеп ұжымына көтеріңкі көңіл күй сыйлаумен қатар, жеңісті команданы анықтауға деген қызығушылықтарын оята түсті.
Ауданымыздың беделді азаматтары Е.Нияз-баев, С.Мұқашев, Б.Мүрсәлімова қазылық еткен әділқазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде «Улыбка» командасына, 1-орын «Жұлдыз», 2-орын «Ну, погоди 13 класс», 3-орын «Ну, погоди!» командаларының еншісіне бұйырды. Сонымен қатар, сайыс барысында ерекше алғырлығымен, жеңіске деген жоғары ұмтылысымен көзге түскен мұғалімдер де жеке марапатталды. Барлық командалар мен жеке қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыс соңында мектеп директоры А.Таныспаев барлық сайыскерлерді құттықтап, қатысушыларды салауатты өмір салтын сақтануға, спортпен шұғылдануға шақырды.
«Дені саудың – жаны сау», - дегендей, спортпен шұғылданайық, ағайын!

Ә.Таныспаева,
аға тәлімгер, Көкпекті орта мектебі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз