14 қарашада Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасында 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық » мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Өз мәртебеңді біл!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Толығырақ...Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы кезекті Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатынын атап өтті.
Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді делінген болатын.
Цифрландыру – уақыт талабы. Мұны Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында да арқау етті. Қазақстан да цифрландыру бағдарламасын бекітіп, қоғамның барлық бағытына цифрландыруды енгізе бастады. Мұндай игілікті медицина саласынан да көре бастадық. Соның бір айғағы – «Даму-мед» мобильді қосымшасы.
Ағымдағы жылдың тамыз айында «Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» ән байқауының аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. Ән байқауына қызмет алушы тәрбиешісімен 7 жұп қатысты. Балаларды белсенді шығармашылыққа тарту байқаудың басты мақсаты болып табылды. Талантты орындаушыларды анықтап, келесі мәреге жіберілетін жеңімпаздар іріктелді. Өздерінің өнерлерін сахна төрінде паш еткен сайысқа қатысушылар көңілді, қызықты нөмірлер ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша Семей қаласында өтетін келесі кезеңге Тлеухан Сәлімжанов өз тәлімгері Лариса Титовамен және Ыдрышева Аяулым мен Арай Айдарғазина өтті. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар берілді.
Жаз айлары – балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтып жаңа оқу жылын тың күшпен бастаулары үшін қолайлы уақыт. Әрбір бала жанға жайлы, демалысты қызықты өткізуді армандайды. Осы ретте Мойылды және Новостройка ауылдарындағы спорттық-сауықтыру балажайлары үлкен тəжірибеге ие. «Балауса – Көкпекті 3», «Балауса – Көкпекті 2» балажайлары өз жұмысын маусым айының 16 бастаған болатын. Қазір олар соңғы бесінші маусымын аяқтады. Аудандық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жазғы каникуль кезінде аудан бойынша 3806 бала жазғы балажайларда демалды.
Білім бөлімінің әдіскері Динара Садвақасованы әңгімеге тартқан едік.
Білім бөлімінің әдіскері Динара Садвақасованың айтуынша, биылғы жылы демалыс, сауықтыру және жазғы маусымда лагерь жұмысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 6 млн 390 мың теңге қаржы бөлінген.
Ағымдағы жылдың 19-22 маусым аралығында Қостанай қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Респуб-ликасы чемпионаты өтті.
Республикалық спорт додасында Шығыс Қазақстан облысы атынан спортшы жерлесіміз Дидар Тұқышев 60 келі салмақ дәрежесі бойынша белдесіп, қанжығасы майланып қайтты. Қостанайда өткен тартысты күресте бойындағы бар күш-қайратын, батылдығы мен жоғарғы даярлығын көрсеткен жас ұлан аудан намысын қолдан бермей, жүлделі І орынды иеленді. Жеңісті оғланның атақты тәлімгері Дәурен Данабеков.
Спортшы чемпионатта 60 келі салмақ дәрежесінде Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Астана қалаларының палуандарымен белдесіп, ақтық сында Қарағандылық спортшыны жер қақтырды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.