Асқар Жомартұлы Самар ауруханасында отыз жылдан артық еңбек етті. Биыл алпыстың асуынан асқалы отырған, бірақ әлі де кез келген жас жігітке шаң қаптырып кететіндей сергек жан бес жыл болды жеке кәсіпкерлікке ауысқан. Стоматологиялық кабинет ашып, жұбайы Жанат Талаптанқызы (ол да дәрігер) екеуі жұмыс істей бастады.
Асқар Нұрғазинді көпшілік адам ұзақ жылдан бері тіс дәрігері, хирург-стоматолог-ортопед ретінде біледі, ал оның домбырашы, әнші әрі аңшы, спортты сүйетін - бір сөзбен айтқанда қазақтың нағыз сері жігіті екенін ілуде біреу ғана білер. Біздің әңгіме осылар төңірегінде басталды.
-Сізге осы домбырашылық пен әншілік кімнен дарыған?
- Менің анам Тәнзила Досжанқызы кезінде Алматыда ТЮЗ-да жұмыс істеген. Ұстаз болса да әкем де ылғи өнер адамдарымен араласып, ғалымдық жолға бет бұрған, бірақ ауылдағы үлкендерінің ұйғарымымен Шыңғыстайға оралып, туған ауылының өркендеуіне өзіндік үлес қосқан.
Толығырақ...«Ұлт жоспары - 100 қадам» - жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қазақстандық жауап және сонымен бірге жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің от-ыздығына кіру жөніндегі жос-пары. Денсаулық сақтау саласында қандай қадамдар жасалу көзделіп отыр. -
Денсаулық қорғау саласын дамудың мүлдем жаңа деңгейіне көтеруді Президент үш қадаммен айқындады. Ең алдымен, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу қажет деді Елбасы, сонымен бірге саланың қаржылық тұрақтылығын арттыруды мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың ынтымақтық жауапкершілікті қатысуымен жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының әр
Толығырақ...
Жеңіс күнінің қарсаңында Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында, қызмет алушы балаларға Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің қасиетін ұғындыру мен патриоттық тәрбие беру мақсатында «Мың тағзым, сізге, ардагер» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге аталған мекемеден қызмет алушы қарттар мен Көкпекті ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрмұхамбет Семізбайұлы Ақчалов құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Дөңгелек үстел басталар алдында балалар өнер мектебінің қызметкері Равиль Рашидұлы Қияқпаев ардагер құрметіне «Темная ночь» әнін орындап, оған қарттар мен бүлдіршіндер қосылды. Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесуде қызмет алушы балалар белсенді қатысып, ардагерге өздерін толғандырып, қызықтырып жүрген сұрақтарын қойды.
Толығырақ...Сәуір айының бірінші күнін ТМД мемлекеттерінің көбінде бейресми түрде күлкі күні деп атайды. Бұл күні адамдар бір-біріне әзіл-қалжың айтып, біреулер алдап, екіншілері алданып қалып, күлкілі жайттардың куәсі болып қызыққа кенеліп жатады. Көкпекті аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімі бұл күнді назардан тыс қалдырмай, қызмет алушы балаларға көтеріңкі көңіл сыйлау мақсатында «Күлкі – жанның шипасы» атты іс-шара өткізді.
Аталған орталыққа өзінің бірінші сәуірдегі әзілдерімен мультфильм кейіпкерлері Бим мен Бом келіпті. Балалармен бірге олар би билеп, ойындар ойнап, әзіл-қалжың айтып, мәз-мейрам болды.
Екіге бөлінген балалар тобы өзара жарысып, «Көңілді топ» және «Тапқыр топ» деген атақтарға ие болды. Күлкі күнінде қызмет алушы балалардың жадыраған періште бейнелерін көріп риза болып қайттық.
Жанерке АБЫЛХАН
Бүгінгікүндеақжелеңдіабзалжандардыңтосыннанжасағанерлігінебасыңдыиесің. Көкпектіаудандықауруханасыныңперзетханабөлімініңқызметкерлері, ТарбағатайауданынанӨскеменгекетіп бара жатып, жолбойындатолғатқанекіананыңсәбилеріндүниегеәкелуіне бар мүмкіндіктерінсалып, аман-есенбосандырыпалды.
Сенбікүнінесәйкескелсе де перзентханаданорындайындап, барлықмүмкіндіктердіжасағандәрігерлерсолкүнгіоқиғаныкүлеестерінеалады. Тарбағатайаудандықауруханасынанқоңыраушалып, Көкпектігетаяпқалғандатолғаққысқананалартуралыақпаратберіп, олардыбосандырыпалуларынсұрағанекен. СолкүніауруханадаболғанАйгүлТұрғанбаеважанжақпенхабарласып, қысқауақытаралығындабосандырубөлмесіндайындапүлгерген.
Хабардыестігенбетте акушер Таня Демеубаева менЖұлдыз Юсупова да өзорнынантабылған. ДәрігерлердіңжанындакішімедбикеГүлнұрҚашымбаева да шапшаңқимылменқұрақұшыпжүріпті.
Жолаушыжүктіаналардыбосандырыпалғанакушерлердіңайтуынша, сәбилерешқиындықсыздүниегекелген. Сақылдағансарыаяздажарықдүниеесігінашқан, екіауданныңдәрігерлерінаяғынантіктұрғызғаннәрестелердіңденсаулықтарынаешқандайқауіпжоқдейдіолар.
Біз, жассәбиінбауырынаалғананалардыңқалжағдайынбіліп, аз уақытсұхбаттасыпүлгердік.
АйнұрҚалижанова, Тарбағатайауданыныңтұрғыны, көпбалалыана:
- Ақсуатауылынанұзайбергендетолғағымжиілеп, босанатынуақытымтақапқалғанынсезгенсоңөзіміздіңдәрігерлергехабарласып, не істеукеректігінсұрадық. ЖанымдағыАйғыздыңтұңғышсәбиі, сондықтан, Өскеменгеқалайдажетукерекболды. Соларалықтадәрігерлерхабарласып, Көкпектініңауруханасынабосанатынымдыайтты. Ал, Айғызды ары қарайӨскеменгеалыпкететінболыпты. Мен босаныпқол - аяғымдыбауырымаалыпесжинағанкезімдеАйғыздыңтолғағыкеліп, оны да Көкпектідебосандырыпалуға тура келді. БіздіңсәбиіміздіңдүниегекелуінесебепшіболғанКөкпектіаудандықауруханақызметкерлерінеалғысымшексіз. Қазірденсаулығымжақсы, қолданкелгенемдерінжасапжатқандарынаризамын.
АйғызҚайырғазықызы, Тарбағатайауданыныңтұрғыны, жасана:
- Көкпектіаудандықауруханақызметкерлерінеүлкеналғысайтамын. Ақжелеңдіабзалжандарболмағандажағдайымдыелестетутіптіқиын. Тұңғышсәбиімдіақпандатқанборанда, осындайжағдайдадүниегеәкелдім. Солсәттебәріқорқыныштыкөрінгенімен, қазіркүлеескеаламыз. Еңбастысы - нәрестелердіңденсаулығыжақсы.
Жанерке АБЫЛХАН
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.