Медицина қызметкерлерінің елеулі еңбектері ерекше құрмет пен сенімге ие. Себебі бұл салаға қызмет етушілер әрқашан жоғары жауапкершілік пен көптің үміт-сенімін арқалайды. Ауданымыздағы адам денсаулығы мен оның белсенді өміріне адал қызмет ететін ең игі, мейірімді жандардың мерекесі 19 маусым күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аталып өтілді. Мерекелік іс-шара барысында еңбектерінде елеулі нәтижелерге қол жеткізген медицина қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттаулар, ұлттық сертификаттар табыс етілді. Атап айтар болсақ, аудандық аурухананың бас дәрігері Р.Сафиоллинова жоғары басқарушылық шеберлігі және қаржы-экономикалық көрсеткіштер деңгейінің жоғарылауына қосқан үлесі үшін «Сала көшбасшысы - 2015» ұлттық сертификатымен және «Экономика саласының мақтанышы» орденімен марапатталды. Сондай ақ, Қазақстан Республикасының рейтингтік көрсеткішінде қола жүлдеге ие болып, «Сала көшбасшысы – 2015» ұлттық сертификаты Көкпекті аудандық орталық аурухана ұжымына табыс етілді. Жоғары кәсіби шеберлігі үшін, ерен еңбегі мен қойылған талаптарды орындай білгені үшін аудандық аурухананың бас есепшісі Б.Оспанова «Кәсіби қызметі үшін» медалін еншіледі. Басқару ісіне қосқан елеулі еңбегі және кәсіби біліктілігіндегі жетістіктері үшін «Жыл маманы – 2015» ұлттық сертификаты аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Ә.Рахымбаеваға табысталды. Өз ісіне деген адалдығы мен біліктілігі үшін дәл осындай сертификатпен есеп айырысу үстелінің есепшісі С.Тойшыбаев марапатталды. Аудандық аурухананың мемлекеттік сатып алу жөніндегі есепшісі Ә.Абилов мекемені дамытудағы елеулі үлесі үшін «Бухгалтерлік есеп және аудит – 2015» ұлттық сертификатын алды.
Мейірбан жандарды мерейлі мерекелерімен құттықтап сөз алған аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов аудан тұрғындарының денсаулық сақтау көрсеткіштерін жоғарылатып, еңбектерімен елеулі болған дәрігерлерге алғысын білдірді. Ә.Рахымбаева, Г.Құлмағамбетова, Э.Шрахметова, А.Байсексенова, Қ.Бокрамова, Н.Тупицина, А.Золотухина, М.Омарғазина және туберкулезге қарсы аурухана ұжымы, Г.Абдрасулова және тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының ұжымы аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Ұзақ жылдар бойы халыққа адами борышын, күрделі дәрігерлік қызметін көрсетіп келе жатқан Н.Аубакиров пен К.Саканаеваның есімдері аудандық аурухананың Құрмет кітабына енді.
Медицина қызметкерлерін тағы бір мәрте мерекелерімен құттықтап, мемлекетіміздің берік іргетасын қалаудағы үлестері үшін алғыс білдіреміз. Жақсылыққа деген сенімдеріңіз артып, кәсіби парыз бен өз мамандықтарыңыз үшін мақтаныш сезімі әрдайым алға жетелесін.
Шынымен де, халық игілігіне қызмет етуді жүрек қалауы етіп таңдаған жандарға қандай мадақ болса да лайық. Себебі дәрігерлер – мемлекетіміздің нағыз адал жүректі, биік рухты патриоттары.
Жансая СМАҒҰЛОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.