18 маусым күні Самар ауылының мәдениет үйінде, өз өмірлерін адамгершілігі мол мамандықпен байланыстырған – медицина қызметкерлеріне арналған салтанатты кеш болды. Бұл сала – жауапкершілік пен үлкен күш-жігерді талап ететін қиындыққа толы мамандық.
Мерекелік кештің беташары мәдениет үйінің әншілері Т.Нечаева мен Д.Самаринаның орындауындағы «Нет профессии ближе к Богу» әнімен ашылды. Бұл ән, адам өмірінің қорғаушылары, дәрігерлер мен медбикелердің әнұраны іспеттес.
Толығырақ...Медицина қызметкерлерінің елеулі еңбектері ерекше құрмет пен сенімге ие. Себебі бұл салаға қызмет етушілер әрқашан жоғары жауапкершілік пен көптің үміт-сенімін арқалайды. Ауданымыздағы адам денсаулығы мен оның белсенді өміріне адал қызмет ететін ең игі, мейірімді жандардың мерекесі 19 маусым күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аталып өтілді. Мерекелік іс-шара барысында еңбектерінде елеулі нәтижелерге қол жеткізген медицина қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттаулар, ұлттық сертификаттар табыс етілді. Атап айтар болсақ, аудандық аурухананың бас дәрігері Р.Сафиоллинова жоғары басқарушылық шеберлігі және қаржы-экономикалық көрсеткіштер деңгейінің жоғарылауына қосқан үлесі үшін «Сала көшбасшысы - 2015» ұлттық сертификатымен және «Экономика саласының мақтанышы» орденімен марапатталды. Сондай ақ, Қазақстан Республикасының рейтингтік көрсеткішінде қола жүлдеге ие болып, «Сала көшбасшысы – 2015» ұлттық сертификаты Көкпекті аудандық орталық аурухана ұжымына табыс етілді. Жоғары кәсіби шеберлігі үшін, ерен еңбегі мен қойылған талаптарды орындай білгені үшін аудандық аурухананың бас есепшісі Б.Оспанова «Кәсіби қызметі үшін» медалін еншіледі. Басқару ісіне қосқан елеулі еңбегі және кәсіби біліктілігіндегі жетістіктері үшін «Жыл маманы – 2015» ұлттық сертификаты аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Ә.Рахымбаеваға табысталды. Өз ісіне деген адалдығы мен біліктілігі үшін дәл осындай сертификатпен есеп айырысу үстелінің есепшісі С.Тойшыбаев марапатталды. Аудандық аурухананың мемлекеттік сатып алу жөніндегі есепшісі Ә.Абилов мекемені дамытудағы елеулі үлесі үшін «Бухгалтерлік есеп және аудит – 2015» ұлттық сертификатын алды.
Мейірбан жандарды мерейлі мерекелерімен құттықтап сөз алған аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов аудан тұрғындарының денсаулық сақтау көрсеткіштерін жоғарылатып, еңбектерімен елеулі болған дәрігерлерге алғысын білдірді. Ә.Рахымбаева, Г.Құлмағамбетова, Э.Шрахметова, А.Байсексенова, Қ.Бокрамова, Н.Тупицина, А.Золотухина, М.Омарғазина және туберкулезге қарсы аурухана ұжымы, Г.Абдрасулова және тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының ұжымы аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Ұзақ жылдар бойы халыққа адами борышын, күрделі дәрігерлік қызметін көрсетіп келе жатқан Н.Аубакиров пен К.Саканаеваның есімдері аудандық аурухананың Құрмет кітабына енді.
Медицина қызметкерлерін тағы бір мәрте мерекелерімен құттықтап, мемлекетіміздің берік іргетасын қалаудағы үлестері үшін алғыс білдіреміз. Жақсылыққа деген сенімдеріңіз артып, кәсіби парыз бен өз мамандықтарыңыз үшін мақтаныш сезімі әрдайым алға жетелесін.
Шынымен де, халық игілігіне қызмет етуді жүрек қалауы етіп таңдаған жандарға қандай мадақ болса да лайық. Себебі дәрігерлер – мемлекетіміздің нағыз адал жүректі, биік рухты патриоттары.
Жансая СМАҒҰЛОВА
«Еңбек - адамның көркі, адам - заманының көркі» дегендей бар өмірін денсаулық сақтау саласына арнап, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, халықтың жылы ықыласы мен алғысына бөленіп, заманының көркі болып жүрген дәрігерлер өте көп. Солардың бірі – аудандық аурухананың босану бөлімінің педиатр нео-натологы Гүлмира Қанатқызы Құлмағамбетова.
Үлкен мен кішінің жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, өмірге деген құлшынысын арттырып, шексіз алғыс сезіміне бөленіп жүрген Гүлмира Қанатқызымен төл мерекелері қарсаңында кездесіп, әңгімелесудің сәті түсті. Халықтың алғысын арқалаған ақ халатты Гүлмира 1975 жылы Абай ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Орта мектепті «Алтын медальға» бітірген жас қыз 1998 жылы Семей Медицина академиясында білімін шыңдай жүріп жоғары білімді педиатр-неонатолог мамандығын алып шықты.
Толығырақ...Біз медицина қызметкерлері күнінің қарсаңында Көкпекті аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Махат Амангелдіұлымен кездесіп, аталған бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.
– Махат Амангелдіұлы, сіз басшылық ететін хирургия бөлімінің бүгінгі жағдайы, бағыт-бағдары жайында айтып берсеңіз.
– Тиісті құрал-жабдықтар алып, жаңа инновациялық технологияларды енгізуге күш салудамыз. Онсыз көрсеткішті жақсарту мүмкін емес. Алдымызға қойған жұмыс жоспары бойынша әркет етеміз. Жаңа инновациялық технологияның дамығаны соншалық, ота жасамай емдеудің бірнеше жолдары бар. Қазір аурухана туралы халықтың көзқарасы жақсарып келеді. Өйткені біз халыққа көрсетілетін көмектің сапасына аса көңіл бөлудеміз.
Сондай-ақ, бізің бөлімде Әмір Райымжанов, Жанат Тарпанбаева, Анар Баймұратова, Алтынай Нұрғалиева сынды білікті мамандар мен мейірбикелердің адам жанын арашалаудағы еңбектері зор.
– Өзіңіз айтқан жаңа технологияны жетік меңгерген білікті мамандар жеткілікті ме?
– Сапалы қызмет көрсету үшін білім керек. Егер білікті маман болмаса, құрал-жабдықпен ештеңе істей алмайсың. Бүгінде заманға сай құралдардың да тілі бөлек. Онымен жұмыс істеу үшін білім ауа-дай қажет. Ортамызда сондай білімді мамандар бар. Күрделі ота жасайтын кездеріміз жиі болады. Ондай жағдайда облыстан хирург дәрігерді арнайы шақыртып, сол мамандармен бірлесіп жасаймын. Себебі, ауыр жағдайда ауруханаға түскен науқас жолды көтермеуі де мүмкін. Сондықтан білікті мамандар өздері келіп ота жасағаны адам өмірі үшін маңызды.
– Бүгінгі күні сіздің бөлімге түскен науқастардың арасында жиі кездесетін жағдайды айтып берсеңіз.
– Ауыр жарақатпен ең жиі кездесетіні жол апатынан жарақат алғандар. Бүгінгі күнде көлік көп. Жүргізушілер жол ережелерін сақтамайды. Ал, белдіктерді МАИ қызметкерлері үшін ғана тағу үрдіске айналған. Осының барлығы адам өміріне қауіпті екенін түсінбейді. Сонымен бірге, жүрек, қан тамырлары ауруы жастарға ауыз сала бастады. Қазір 15-20 жастағы қыз-жігіттер де инфаркт-пен түсіп жататын жағдайлар болады. Дәріні тек ауырғанда ғана емес, үнемі ішу керек. Оның еш зияны жоқ. Ал, біз керісінше істейміз. Содан соң қан қысымы 130-150-ге көтеріледі. Қан тамырлары қашанғы шыдасын? Күндердің бір күнінде тамыр жарылып, миға қан құйылады. Дәріні ішіп жүрсе, көп нәрсенің алдын алуға болады.
- Медицина саласына көңіліңіз толмайтын кездер бола ма?
- Бүгінгі күні дәрігерлердің көбінің қағаз толтырудан қолдары босамайды. Қазір қағаз билейтін заман ғой. Қағаз толтыруды бірінші ойлайсың. Талап солай, көнбеске амалың жоқ. Ал, тағы бір мәселе бүгінгі күні ауруханада жатып емделудің санын азайтып жатыр. Кейде емделушінің науқасы ауыр екенін көре тұра үйлеріне жіберуге мәжбүр боласың. Науқаспен бірге өзіңде қынжыласың. Бірақ, талапқа бағыну міндетіміз. Қандай медицинасы дамыған мемлекет болсын, кемшіліктер кездеседі. Өйткені, бұл халыққа қызмет көрсететін сала. Сіз қазір қайда барсаңыз да, кілтипан табасыз. Шаштаразға, мейрамханаға барсаңыз, әйтеуір ұнамайтын жағын көзіңіз шалады. Ал біз адамның денсаулығына жауаптымыз. Халық көп жағдайды дұрыс түсінбейді. Ауруы асқынса да, қайтыс болса да, дәрігерден көреді. Дәрігер - Жаратушы емес. Оның да мүмкіндігі шектеулі. Бірақ, дәрігерге мүлт кетуге болмайды.
- Жаңа туған нәрестеден бастап еңкейген қарттың түнде тыныш ұйықтауына да алаңдайтын нәзік жүрек пен аялы алақан иелері, Сіздерді келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан Жанерке АБЫЛХАН
Дәрігер мамандығының қыр сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Ақ халатты киіп алу шарт емес, әрбір дәрігер маман адам өмірінің арашасы екендігін білуге тиіс.
Әрбір жанның өмірі бұрылыстар мен құбылыстардан тұрады. Сан талай сынақтармен сыналатын адам өмірі ақ халатты абзал жандармен тығыз байланысты. Дәрігер болатын жанға үлкен жүрек
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.