Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Білім беру сапасы мен тәрбиеші біліктілігі, жаңа педагогикалық технологияларды тәрбиеші тәжірибесінде пайдалануды және жас маман-дардың заман талабына сай бәсекеге қабілетті болуы мақсатында Көкжайық ауылындағы «Бөбек лүпілі» балабақшасында «Жас мамандар» сайысы болды. Жас мамандар бағын сынаған аталмыш сайысқа 5 адам қатысып, білімдері мен біліктіліктерін ортаға салды. Оларға тәжірибелі ұстаздар әділ қазылық етіп, әр қырынан бағалады. Сайыскерлердің бесеуі де жоғары дәрежеде дайындықпен келгендерін көрсетті. Сайыстың аты сайыс болғандықтан оза шауып, топ жарып, бас жүлдені жас маман М.Бекішева иеленсе, 1-орынды М.Каримова, 2-орын М.Абаева, 3-орынды А.Серік және Д.Қасымханова қанжығаларына байлады. Сайыстың куәгері болған зейнеткер ұстаз А.Қиялбаева құттықтау сөз сөйлеп балабақша тәрбиешілерін мейірімді, кішіпейіл, көңіл толарлық деп бағалады. Балабақшамыз заман талабына сай жабдықталған. Тәрбиешілерге табысты жұмыс жүргізу үшін барлық жағдай жасалып отыр.Сөз соңында мекеме ұжымына шығармашылық шеберлік пен алдында тәрбиеленіп отырған бөбектердің аман-саулығын тілейміз.
А.Сүлейменова, «Бөбек лүпілі» балабақшасының әдістеме бірлестігінің жетекшісі, Көкжайық ауылы

«Бөбек лүпілі» балабақшасы тәрбиелену-шілерінің ата-аналарының қатысуымен «Толағай» отбасылық сайысын өткіздік. Балабақша тәрбие ошағы болғандықтан, педагогтар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізіліп отырған сайысқа Сыдықовтар, Миғра-жовтар, Болатовтар отбасы қатысты. Бес кезеңнен тұрған сайыс барысында қатысушы отбасы мүшелері белсенділік танытты. Сайыста оза шауып көрермендер көзайымы болған Болатовтар отбасы бас жүлдені иеленді, ал Сыдықовтар отбасы 1-орын, Миғражовтар отбасы 2-орынды иеленді. Сайысқа төрелік еткен әділ қазылар алқасы әділ бағасын беріп, келешек осы балалардың колында және өскелең ұрпақ шымыр, дені сау болып өсуіне спорттың пайдасы көп екенін айтты.
Аталмыш балабақшаның тәрбиешісі А.Се-рік және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі И.Канафиянова ұйымдастырған тағылымы мол отбасылық сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті.

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте Сара Алпысқызы Назарбаеваның 75 жасқа толу мерейтойына орай өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі өтті.
Онкүндіктегі іс-шаралар «Бөбек» балалар қайырымдық қорының негізін қалаушы С.А.На-зарбаеваның өмір жолы, адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақты өмірге, ата-анасына деген бауырмалдылық, ізгілік, сүйіпеншілік қасиеттерге баулу мақсатын көздеді.

Толығырақ...

Еліміздің ертеңі - жас ұрпақтың бойына қазақтың әдет ғұрпын, салт-дәстүрін дарытып, мәдениеті мен өнеріне құштарлығын ояту үшін алдымен балабақшадан жақсы тәлім-тәрбие берілуі тиіс. Осындай ұлттық құндылықтар бала-ға алдымен отбасынан бастау алады десек, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие балабақшадан басталып, мектепке жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы.
«Бөбек лүпілі» жекеменшік балабақшасында «Бала тәрбиесі - баршаға ортақ» атты психо-логиялық тренинг-сабақ өтті. Тренинг барысында ата-аналар және педагогтармен проблемалық сұрақтардан шығу жолы қарастырылды. Балабақшадағы тәрбиеленушілердін заман талабына сай тәрбиеленіп жатқандары анықтал-ды. Баланың дамуына, жеке тұлға болып қа-лыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым қатынас орнатылды.
Жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелеу - отбасы мен балабақша педагогтарының бірден-бір парызы, оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмысның орны орасан. Сондықтан, біздің балабақшада ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Отбасы мен балабақша ұжымы әр мереке сайын бірлесе отырып, ертеңгіліктер мен жиындарды өткізуді әдетке айналдырды.
М.Каримова, психолог,
«Бөбек лүпілі» жекеменшік балабақшасы

Мамай ауылы Аманкелді атындағы орта мектепте 27 қаңтар күні «Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында аймақтық коучинг-сессия өтті. Коучинг-сессияда Аманкелді атындағы орта мектептің «Ізденіс»кәсіби қоғамдастығының мүшелері: С.Калдыбаев, А.Оразаева, С.Күйеубаева, Ж.Төлеубаева, Абай атындағы орта мектептің мұғалімдері: С.Ибраева, Ж.Бабажанова, Көкжайық орта мектебінің мұғалімі А.Салимбаева оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасты. Коучинг барысында мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолданып жүрген «Fila», «Микрофон», «Фиш боон», «6 неліктен?», «Венн диаграммасы», «ДЖИГСО» т.б әдістерді көрсетті.
Кері байланыста қатысқан мұғалімдер коучингтің қызықты, нәтижелі өткені, мұғалімдердің белсенді жұмыс істегені, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған, бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеуде осындай жұмыстардың ұйымдастырылғаны жақсы нәтиже беретінін айтты. Коучинг соңында мұғалімдер сертификатпен мараппатталды.

«Аманкелді атындағы орта мектебі»КММ
«Ізденіс» кәсіби қоғамдастық мүшелері

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз