Бүгінгі талапқа сай әсем жабдықталған мектеп ауласында көңілді күлкі, әдемі әуен бір сәт толастар емес. Жаздың жайдары кешінде шараға жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтарда есеп жоқ.
Мемлекеттік Әнұран орындалып, кеш басталып та кетті. Кештің басталу салтанатын жүргізуші жас ұстаздар А.Слямханқызы мен М.Ғалиқызы түлектерді ортаға шақырған кезде әр түлекпен бірге қол ұстаса жас жеткіншек - ұландар ортаға шыққан сәті ерекше көз қуантты.
Салтанатты жиынды мектеп басшысы Д.Тұрлыбеков құттықтау сөзбен ашып, биылғы түлектердің мектеп тарихында ерекше із қалдырғандығын, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша аудандық ондықтың қатарында екенін, түлектердің ізденгіш, өнерлі, спорттық сайыстарда белсенді болғандығын ерекше атап өтіп, келешекте сәт -сапар тіледі. Қолдарына болашақтың билеті - аттестат табыс етілді.
Мектеп бітіру кешіне қатысқан "Нұр Отан" партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының орынбасары Г.Ақшабаева сөз кезегінде аудан әкімі Р.Н.Сағындықовтың мектеп түлектеріне құттықтау хатын оқып, өз атынан барлық түлектерге «100 нақты қадам» ұлттық жоспары негізінде мемлекетімізді жаңғырту бағытында терең қайта құруларға кіріскен қазіргі сәтімізде жастардың жаңа толқынын үлкен істер күтіп тұрғанын айтып, тағдырларының көші өздерінің қолында екенін ескертті. Өз кезегінде сөз алған ауыл әкімі С.Далбин, ардагер ұстаз С.Чалова, ата-аналар мен шәкірттер қысқа да нұсқа алған білімді жүзеге асыруға ақжолтай тілек білдірді.
Мектеп түлектері қоштасу балына арнаған ерекше вальс, флеш-моб дайындап, оны көрерменге сәтті көрсете білді. Сынып жетекшісі Б.Мазыбаеваға ақ лентаға байланған қызғалдақ гүлмен алғыстарын достық шеңбер жасап білдірді. Шара соңы фотосуретке түсіп, әуеге тілек жазылған шарлар ұшырумен, көңілді әуен мен биге ұласты. Осындай көңіл толқытар сәт сценарийін ойластырып, ұйымдастыра білген мектеп ұжымына рахмет айтамыз. Көңілді кеште шәкірттер ұстаздары мен ата-аналарына алғыс білдірді.
Бүгінгі ұрпаққа: «Сіздердің алдарыңызда бүкіл әлемге жол ашық. Сіздер қызықты кезеңде өмір сүріп, болашаққа қарай қарыштап қадам басқан елмен бірге ержетіп келесіздер.Осының барлығы біздің қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың арқасы»,- деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тілегімен ұштастырып: - Баршаға бейбіт заман мен игілікті өмір жолын тілейміз!
С.Чалова,Тассай ауылы,
"Нұр Отан" бастауыш партия
ұйымының төрайымы, ардагер ұстаз
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.