«Мектепке - оқулықпен» республикалық акциясын өткізу - оқу жылы қарсаңында әр оқушыны оқулықтармен қамтамасыз ету шараларының бірі.
Акцияны өткізу негіздемесі. «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілер білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер және оқу-әдістемелік құралдарды тегін қолдануға құқылы (7-тармақша) 47-бап 3-тармақ). «Білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқулықт
ар, оқу-әдістемелік кешендер және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етудің тетіктерін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2014 жылғы 31 қазандағы №450 бұйрығына сәйкес Министрлік бекіткен оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес жыл сайын оқулықтарды кезең-кезеңмен сатып алу жолымен жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік дәрежесіне қарамастан мемлекеттік мектептердің барлық оқушылары тегін оқулықтар мен ОӘК-мен қамтамасыз етіледі.
Акцияның мақсаты: Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету. Кітапханалар мен кітапханашылардың қоғамдық дәрежесін арттыру.
Акцияның тақырыбы: Мектепке - оқулықпен!
Акцияның мақсатты топтары: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мектеп кітапханашылары, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, меценаттар.
Акцияны өткізу мерзімі: 2015 жылғы 1 тамыз - 1 қыркүйек.
Акция кезеңдері:
1-кезең «Кітап қорын тексер!» –1 -7 тамыз
2-кезең «Мектепке - оқулықпен!» –10 -18 тамыз
3-кезең «Сыйлыққа - оқулық!» – 18 тамыздан қыркүйекке дейін.
1-кезең «Кітап қорын тексер!» – 1 -7 тамыз.
Кезеңнің сипаттамасы:
1) білім беру бөлімдері мен басқармаларының әр мектептің оқулықпен қамтамасыз етілу мониторгін жүргізуі (барлық білім беру ұйымдарында болатын әдеттегі проблемаларды анықтау, соның ішінде жаңа оқу жылында оқулықтардың жетіспеушілігі; аудан, қала, өңірлерден оқулықтар бойынша мәліметтер жинау);
2) оқу әдебиеттерін мектептен мектепке айырбастау және беру бойынша мектептерге білім беру басқармалары тарапынан ықпал ету.
2-кезең «Мектепке - оқулықпен!» – 10 -18 тамыз.
Мектеп оқулықтарын тарату:
10 тамыздан бастап–болашақ бірінші сынып оқушыларына
11 тамыздан бастап – 2-3-сынып оқушыларына
12 тамыздан бастап –4-5-сынып оқушыларына
13 тамыздан бастап – 6-7-сынып оқушыларына
14 тамыздан бастап – 8-9-сынып оқушыларына
17 тамыздан бастап – 10-сынып оқушыларына
18 тамыздан бастап – 11-сынып оқушыларына
3-кезең «Сыйлыққа - оқулық!» – 18 тамыздан бастап 1 қыркүйек аралығында.
Бұл акцияның мәні «Сенің оқулығың сенің мектебіңдегі оқушы үшін қажет. Сен кітабыңды оған сыйласаң, жақсы ісің өзіңе қайта оралады».
Бұл ретте, мектеп бітірушілер мен оқушыларға өзінен кіші сынып оқушыларына оқып кеткен оқулықтарын сыйға беру туралы ұсыныс айтылады. Бұл кітаптарды кітапханашылар мен сынып жетекшілері мектеп кітапханасы мен сыныптарда жинайды.
Мектеп кітапханашылары өзінің жас көмекшілерімен оқулықтардың сақталуын тексереді, қажет болса қалыпқа келтіреді.
Меценаттар, демеушілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мектеп бітірушілер оқулықтардан басқа тарих, мәдениет туралы кітаптар, мектеп пәндері бойынша энциклопедия, анықтамалықтар, оқу құралдарын, сонымен қатар мектеп бағдарламасына сәйкес қазақ, орыс тілдерінде көркем әдебиеттерді сыйлайды.
3-кезеңнің ең белсенді қатысушылары «Кітапхана достарының интернет-кітабына» енгізіліп, мектеп пен білім беру бөлімдерінің сайттарына орналастырылады.
Акцияның аяқталуы – 2015 жылғы 1 қыркүйек.
Әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан сыйлық – «Менің Отаным – Қазақстан» («Моя родина – Казахстан») кітабы әзірленді, ол 1 қыркүйек - Білім күнінде тапсырылуы тиіс.
Кітап – білім беру аясындағы бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың бірінші жобасы, ол туған елінің мәдени құндылықтары туралы алғашқы ұғым беріп, Қазақстан халықтарының бірлігін сезінуге, азаматтық ұстанымының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Өз өміріндегі ең алғашқы сабақта Елбасының атынан сыйлық алған бірінші сынып оқушысы өз еліне деген мақтаныш пен құрмет сезіміне бөленеді.
Бұл кітапты тапсыру салтанатты жағдайда өтуі және кіші мектеп оқушылары үшін естен кетпес оқиғаға айналатындай болуы тиіс.
Іс-шараны өлкеге танымал өнер, спорт саласының тұлғалары, ғалымдар, жастар қозғалысының көшбасшылары, әр деңгейдегі әкімдер атқарады.
Ұсынымдар. Білім беру бөлімдері мен басқармаларына. Осы Акциянының жүргізілуі туралы қоғам мен аймақтың әр білім беру ұйымдарына жеткізу. Акция туралы БАҚ-қа жарнама беру.
Мектептердің оқулықтармен қамтамасыз етілуі туралы мониторинг жүргізу, аудан, қала, өңір бойынша ақпараттар дайындау. Мектептер арасында оқу әдебиеттерін айырбастау және беру бойынша ықпал ету.
Мектеп әкімшілігіне. Акция күндерінде оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі туралы мониторнинг жүргізу.
Оқулықтар жетіспейтін мектептерге оқу әдебиеттерін беру үшін айырбас қорын қалыптастыру.
Мектеп кітапханашылары сынып жетекшілерімен бірге. Акцияның мәнін әр ата-ана мен балаға түсіндіру. Ата-аналармен тығыз байланыста оқушыларды қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету.
Акция күндерінде балалардың мектеп кітапханаларына оқулық алуға келуін қамтамасыз ету. Мектеп кітапханасының негізгі қорын жинақтау үшін жалпы білім беру ұйымдарының ішкі резервтерін белсенді пайдалану: «Мектепке кітап сыйла!», «Бірінші сынып оқушысына кітап сыйла!», «Кітапханаға оқулық сыйла!» акцияларын өткізу; демеушілер қаржысына кітаптар сатып алу. Кітап беру, есепке алу және қорға инвентаризация жүргізудің электрондық каталогін жасау. Балалардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру бойынша мектеп кітапханаларының тиімді және сапалы жұмыстарын жандандыру, кітапханада түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізу.
Оқушылар мен олардың ата-аналарына. Акция жұмысына белсене қатысу. ҮЕҰ, меценаттар, БАҚ өкілдеріне Акцияның 3-кезеңіне белсенді қатысу туралы ұсыныс жасау.
Жергілікті атқару органдарына, баспаларға және кітап сату саласындағы жеке кәсіпкерлерге: - сауда орындарын қажетті оқу әдебиеттерімен толықтыру; - кітап өнімдерінің қорын жеткілікті жинақтау (оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, атластар, контур карталар, жазу үлгілері, жұмыс дәптерлері, сөздіктер, энциклопедиялар, т.б.);- оқулықтарға деген сұранысты қамтамасыз ету, оқушылар мен ата-аналардың әрқайсысына жеке және жоғары деңгейде қызмет атқару.
Барлық іс-шаралар БАҚ-та жариялануы, акцияның жүргізілуі туралы материалдар білім беру ұйымдарының, басқармаларының, мектептердің сайтында орналастырылуы тиіс.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.