Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Абай жолында» аты бірнеше рет аталатын Ізғұттының найман ұрпағы, Көкпекті маңының тумасы екені жайлы біреу білсе, біреу білмейді. Біз де бүгін атадан балаға айтылып, тарап келе жатқан Ізғұтты әулетінің шежіре-дастанын 4 - ұрпағы Семейхан ағаның әңгімесі желісімен тарқатып көрейік. Түсінікті болу үшін әңгімемізді арыдан бастағанымыз жөн.

Құнанбай Тайбала есімді қарындасының өздеріне әлеуметтік дәрежесі сай, беделді азаматпен отасқанын қалайды.

Алайда, ағасының дегеніне көнбей, Сақау есімді найман жігітіне өмірін табыстаған қарындасына мінезі тік Құнанбай шындап ренжиді. Кейіннен қарындасының хал-жағдайына алаңдап, Тайбалаға кісі жіберген екен. Өзі баруға ескі өкпесі бөгет болады. Бұл жағдай жанына батқан Тайбала кешірім ретінде ағасының сәлемін арқалап келген кісіден Шибай есімді ұлын беріп жібереді.

Сол жылы Құнанбай болыс атанады. Сөйтіп, «Осындай мерейлі жағдайларды өзімен алып келді, ізі құтты болды» деп Шибайды Ізғұтты атап, өз баласындай көріп өсіреді. Сол Ізғұтты ақылдылығы мен қайырымдылығының арқасында Құнанбайдың орынбасары атанып, болыс ішіндегі істерді тиянақты орындады. Палуан денелі, батыр тұлғалы болып, жүзбасы қызметін де атқарады. Сөйтіп, тамыры найман жұртында жатқан тоқабай елінің тұяғы тобықтының ортасынан сая тауып, әулетін жалғастырады. Ізғұттыдан Дүкенбек, Орынбек, Түсіпбек, Дәуітбек, Қажықайдар есімді ұлдар тарайды.

1926 жылы Ізғұттыға, барша тобықты жұртына пана болған Құнанбай дүниеден өтеді. Сол жылы Тәкежанның айғыры жоғалып, бұл жағдайға Қажықайдарды кінәлі санап, ақыры абақтыға жаптырады. Қорғаушысының көмегімен ақталып шыққан оларға «Есің барда еліңді таптың» кері келеді. «Сендерге енді тобықты ел болып жарытпайды. Найманның жері Қалбаның күнгей жағы. Сол жаққа қайтқандарың жөн» деген қорғаушы кеңесі түрткі болып, 1927 жылдың мамыр айында Ізғұтты әулеті түгелдей 40 түйелі көшпен жолға шығады. Айналып келіп туған үйіріне қайта қосылған бұл әулетті тоқабай елі «жаңатуған» деп атап кеткен деседі.

Міне, солай туған жерлеріне қайтып оралған Ізғұтты ұрпақтары бүгінде мәуелі бәйтеректей жапырағын жайып, ұрпақ өсіріп отыр. Соның бір дәлелі, баяндаған әңгімеміздің түйінін тарқатып берген Ізғұттыұлы Орынбектің шөбересі Семейхан Далбин Тассай ауылдық округінің әкімі.

Бұл әулеттің шежіресі атадан балаға әңгіме етіліп, осы замандарға шашауы шықпай жетті деген сенімдеміз. Ал, біз жазбаған, толық ашылмаған жерлері болса, оның да болашаққа жетуі уақыттың еншісінде болар.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз