Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазіргі уақытта еліміздің алдында тұрған ең басты мәселенің бірі – бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру стратегиясы болып табылады. ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, ол енжарлықты көтермейтін ғасыр. Сондықтан әлемдік бә-секелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры мұғалімдердің қолында. Білімді ұрпақ тәрбиешісі – ұстаздар.
Өзгеріп жатқан өмірде өмір көшінен қалыспай, заманымен қатар адымдауы үшін, біліктіліктерін арттырып, деңгейлік бағдарламаларды меңгеріп, мұғалімдер үшін жасалып жатқан зор мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып отырған мектеп ұжымы – Үлгілімалшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешені. Аталмыш білім ордасына ат басымызды бұрған кезде мектептің 8 жыл бойы тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1 санатты ұстаз Сәнияр Ысқақызы Айжақсина қарсы алып, мектептің тыныс-тіршілігін баяндап берді:

Толығырақ...

Мұғалім деген сөзде көп мағына бар. Жақсы мұғалім оқушыларды оқытқанда өзінің жүрегін бере-ді. «Бала жүрегі - кішкентай күйсандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М.Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті.

Толығырақ...

Қазақстандағы білім беруді ха-лықаралық стандарттарға сәйкес-тендіру мақсатында Республика, облыс, қала көлемінде пәндік олимпиадалар, сан қырлы зияткерлік байқаулар әр жыл сайын өткізіледі.
Осының бір айғағы – Петропавл қаласында өткен оқушылардың Республикалық пәндік олимпиадасы. Бұл олимпиадаға биылғы мектеп бітіруші түлектер республика көлемінде қатысып, өздерінің бағын сынап, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» анықталды. Сол тұлпарлардың бірі және бірегейі ауданымыздың мақтанышы, Қ.Раев атындағы Көкпекті балалар үйі тәрбиеленушісі, Көкпекті орта мектебінің намысын қорғап жүрген 11 сынып оқушысы Анна Раздомина. Дарынды қыз оқушылардың республикалық пәндік олимпиадасына қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі пәні бойынша қатысып, жүлделі ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, оқушы мен мұғалім бірлесіп ізденген жағдайда жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Осы тұрғыда көп жылғы еңбек өтілі бар өз ісінің майталманы, шебер де шығармашыл ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Майра Советбекқызын ерекше ілтипатпен айтуға болады. Себебі, Аняның жыл сайынғы олимпиадаларда жүлделі орындарды қанжығалауында ұстазының еңбегі де бар екені бәрімізге аян.
Білім бәйгесінде оза шапқан қызымыз, мектеп түлегі Аняға сәттілік серік болсын дейміз!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазіргі таңда білім беру саласына баса назар аударып, ширек ғасырлық жасқа келген Қазақстан Республикасының тізгінін сеніп тапсыратын ұрпақ өсіру мұратын алғашқы орынға қойып отырғаны баршаға аян. Ел Көшбасшысы жыл сайын қазақстандықтарға арнаған кезекті Жолдауларында білім беру қызметкерлерінің мәртебесін, біліктілігін жетілдіруге, өскелең ұрпақты үш тілді меңгеруге бейімдеу жұмыстарына үлкен салмақ салуда.

Толығырақ...

Жақсылық жасау – имандылықтың тәрбие-ліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.
Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылғы 1 наурыздан бастап 1 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының Білім беру басқармасы ұйымдастырған «Жүректен - жүрекке» акциясы өткізіледі..
Акция екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңінде 2016 жылғы 1 наурыздан бастап 15 мамырға дейін өтініштер қабылданады, сайтқа орнатылады, демеушілерді іздеу және өтініштерді қанағаттандыру (сыйлықтар тапсыру) жұмыстары жүргізіледі. Екінші кезеңінде 2016 жылғы 16 мамырдан бастап 31 мамыр аралығында тек 2016 жылғы 15 мамырға дейін сайтқа орнатылған өтініштерді қанағаттандыру (сыйлықтар тапсыру) жүргізіледі.
Құрметті Көкпекті ауданының тұрғындары, осы акцияға жұмыла үлесімізді қосайық. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қам-қорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болу, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.
Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық.

Н.Капчикова, Көкпекті аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз