Әне, міне дегенше үш ай жаздың қалай өткенін де байқамай қалыппыз. Енді аз күнде мұғалімдердің дәстүрлі Тамыз мәслихаты өтеді. Оның ар жағында жаңа оқу жылы да босағадан сығалап тұр. Қазірдің өзінде республикадағы барлық білім ошақтарында жаңа оқу жылына дайындық қызу жүріп жатқаны айтпаса да түсінікті. Осы орайда, Көкпекті ауданының білім беру және денешықтыру, спорт бөлімінен ақпарат алған едік.
Толығырақ...Бастаушы ауылында ақылман қария-лардың бағасы өте жоғары. Ауылдың қариялары өз тентектерін тезге салып, бұрысы болса түзеп, жағдайы болмаса қол ұшын беріп, демеп жіберуге әзір тұрады. Сондықтан да жастары ибалы, қарттарын қашанда сыйлап тұрады. Осы ауылдың келіндеріне де қызығамыз. Әрине, бүкіл ауыл сын көзбен қарап отырса, қандай асау келін болса да, маңайына қарап түзеледі. Ал сол келіндерді, болашақ бір шаңыраққа баратын өз қыздарын ауыл болып тәрбиелейді. Олай деуге себеп те бар. Бұл ауылда әжелер, келіндер және қыздар клубы жұмыс істейді. Бұл клубтар мектеппен тығыз байланыс орнатқан. Ал барлығының басында осы ауылда, тіпті аудан көлемінде ең алғашқы әжелер клубын құрған, «Асыл мұраның» жетекшісі Жәнипа Сләмбайқызы Қожамбетова тұр. Тамылжыған та-мыздың алғашқы күн-дерінде білімімен ғана емес, өнегелі өмірімен де үйретері көп байырғы ұстаз сексен жасқа толады.
Толығырақ...25 жыл – бұл тәуелсіздікке қадам басқан еліміздің қылшылдаған жастық кезеңді алғаш бастан өткерген уақыты. Осы аралықта өмірге көзқарасы, дүниетанымы, сапалық қасиеттері мүлдем жаңаша ұрпақ қалыптасып үлгерді десек қателеспегеніміз. Олай дейтініміз, мектеп табалдырығын аттаған сәттен-ақ, бойына біткен көшбасшылық қабі-летімен, білімге құштарлығымен, ерекше талантымен көзге түсіп, жұлдызша жарқырайтын балалар көптеп кездесіп жүр. Олар ХХI ғасырдың, жаңа заманның ой-санасы толығымен азат, еркін азаматтары, өскелең ұрпақ.
Толығырақ...«Туған жерге туың тік» дейді халық даналығы. Осы сөзді құп алған Преображенка орта мектебінің 2014 жылғы түлегі Назерке Үсенғазина дипломын алып, туған ауылына жас маман болып оралды. Ол М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алып, биылғы жылы оқуын тәмамдап, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ кітапханасына жұмысқа орналасты. Өз ісіне кірісіп кеткен Назерке қызмет жолын алтын бесік - туған жерінен бастағанына дән риза екенін жеткізді.
1961 жылдың қыркүйек айында Көкжыра ауылындағы Амангелді атындағы сегізжылдық мектептің табалдырығын аттаған 30 бала бүгінде шаштарын ақ қырау шалған ата-әжелер. Мектеп табалдырығын имене аттаған бүлдіршіндерді алғашқы ұстаздары Ләмпия Бағадаева қарсы алған еді. Ал мектеп директоры ауылдағы алғашқы педагогтардың бірі, тамаша ұйымдастырушы Шәмши Оразбаев болатын.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.