Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте Сара Алпысқызы Назарбаеваның 75 жасқа толу мерейтойына орай өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі өтті.
Онкүндіктегі іс-шаралар «Бөбек» балалар қайырымдық қорының негізін қалаушы С.А.На-зарбаеваның өмір жолы, адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақты өмірге, ата-анасына деген бауырмалдылық, ізгілік, сүйіпеншілік қасиеттерге баулу мақсатын көздеді.


«Рухани әлемнің шырақшысы» атты тақы-рыптық тізіліс Сара Алпысқызының мерейлі 75 жасқа толу құрметіне арналды. Тізілісте мектеп директоры Қ.Жүнісбеков оқушыларға құттықтау сөз арнаса, мектеп ұстазы Л.Сәрсенбаева өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығы жөнінде айтып, онкүндіктің жоспарымен таныстырды. 8 сынып оқушылары С.Алпысқызына арналған өлеңдерін оқып, тілектерін білдірді. Оның өмірі жайлы бейнебаян көрсетілді. Онкүндік аясында «Мейірім төгетін ана» кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Жүрек толған жылылық» атты мәнерлеп оқу сайысында ерекше көзге түскен 5 «А» сынып оқушысы Нұрай Қалиақпарова 1 орынға лайық деп танылды.
«Жүрек жылуымен тәрбиелеген ұстаз» атты дөңгелек үстелге 7«А», 7«Б» сынып оқушылары атсалыса қатысып, өздеріне мейірім шуағын шашқан ұстаздарын атады. Мектептегі он саусағынан өне-рі тамған, ағаш пен темірден түйін түйе білетін бала-лардың қолөнер бұйымдары қойылған «Менің әлемім» атты шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
Салауатты өмір салтын ұстану бағытында «То-ғызқұмалақ», «Асық» ұлттық ойындарынан өткен жарыста 3-8 сынып оқушылары белсенділік танытты. Мектеп психологы Қ.Дүйсенбаева 5-11 сыныптармен оқушының тәрбиелік деңгейін анықтау мақсатындағы сауалнамаға қатысқан оқушылардың 55% тәрбиелік деңгейі «ортадан жоғары», 25% «орташа», 20% «жоғары» деңгейді көрсетті.
Мәнерлеп оқу, ән айту, би билеуден өнер көрсеткен 3«А» сынып бүлдіршіндері «Өнерлі бала – сүйкімді» атты шығармашылық сабақта белсенділік танытты. Сондай-ақ, 4-8 сынып оқушыларының қатысуымен балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған «Өнерліге нұр жауар» атты концертте Құсман Әділет пен Алдаберген Дәрия айтыс өнерімен көрер-мендерін тәнті етті. Таңертеңгілік көңілді кездесу сәтіне арналған онкүндіктің бір күнін оқушылар буын биі «Қара жорғамен» бастады.
Мектепішілік «Жүректен жүрекке» қайы-рымдылық акциясында үйде оқытылатын оқу-шыларға қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен бірге, мектеп психологінің ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушыларының арасында «Ізгілікке бастар жол» тақырыбындағы педагогикалық-психологиялық тренинг сабақ өткізілді. 10 ақпан күні мектеп оқушылары дайындаған «Жақия жұлдыздары» театрланған сахналық көрініске 5-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Ал, 8«А»,«Б» және 7 «А», «Б» сыныптарында өткен «Күншуағым отбасым» өнеге сағатында ата-аналар бала тәрбиесінде ұлттық салт-дәстүрлерді қолдану әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Тағылымы мол сабақтан балалар көп тәлім-тәрбие алғаны анық.
Онкүндік соңы 10-11 сыныптардың өнерлі бала-ларының қатысуымен өткен «Ән - көңілдің ажары» атты өнер фестиваліне ұласты. Іс-шараларға белсенді қатысқан оқушылар мен сынып жетекшілер мақтау грамоталарымен, естелік сый-сияпаттармен марапатталып, онкүндік өз мәресіне жетті.
М.Қанағатова, Л.Сәрсенбаева,
өзін-өзі тану пәні мұғалімдері,
Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз