Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазіргі таңда білім беру саласына баса назар аударып, ширек ғасырлық жасқа келген Қазақстан Республикасының тізгінін сеніп тапсыратын ұрпақ өсіру мұратын алғашқы орынға қойып отырғаны баршаға аян. Ел Көшбасшысы жыл сайын қазақстандықтарға арнаған кезекті Жолдауларында білім беру қызметкерлерінің мәртебесін, біліктілігін жетілдіруге, өскелең ұрпақты үш тілді меңгеруге бейімдеу жұмыстарына үлкен салмақ салуда.


«Жас келсе - іске» деген нақыл тегін айтылмаса керек. Көкпекті орта мектебінің тізгінін қолына алғанына екінші жыл болса да жаңашыл жас басшы Аслан Таныспаев шығармашыл ұжымды бірден үйіріп әкетті десек қателеспегеніміз. Аслан Балабекұлының: - Биылғы оқу жылында күзде біріншісі, ал 7 сәуірде екінші рет өткізіліп отырған «Ашық есік күні» аясында көздеген мақсатымыз – жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, үш тілде еркін сөйлей білетін заманауи ұрпақ даярлау және мектеп – отбасы – қоғам арасындағы байланысты нығайту. Сондай-ақ, осы игілікті іс-тәжірибені аудан мектептері де қолданысқа енгізсе, нұр үстіне – нұр болар еді, - деген сөздері жас басшының мектеп ұстаздарының еңбегіне дән риза екенін байқатты.
Таңғы сағат 8.45-те мектепке келген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, аудандық, ауылдық әкімшіліктің, сот пен прокуратураның, Жастар орталығының өкілдері мен ата-аналарға есігін айқара ашқан мектеп ұстаздары жаңашылдық пен шеберліктің үлгісін көрсетуде бойындағы бар білімдерін және өнерлерін көрсетіп-ақ бақты. Келген қонақтар білім берудің сан қырларын көрсеткен саяхат, жалпылама, ойын, зерттеу, тәжірибе жүргізу, жаңа тақырып өткізу, семинар сабақтарын тамашалап, 1-11 сыныптарда тәжірибе жинап жүрген жастар және біліктілігі жоғары ұстаздардың біліктілігіне тәнті болды, балалық шаққа барып қайтқандай әсер алды. Сонымен бірге, бұл күні акт залында «Оқу-тәрбие үрдісіндегі жеті модульді енгізу бойынша мектеп, отбасы, қоғамның рөлі» тақырыбында өткен коучинг, «Қоғам, отбасы, мектептің ара қатынасы» атты дөңгелек үстел түріндегі ашық тәрбие сағаттары, «Бүгінгі барлығымыздың осында бас қосқанымыз қандай керемет!» атты концерттік бағдарлама келгендердің ризалығын арттыра түсті.
Ашық есік күні, әсіресе, 7 «Б» сынып оқушыларының (ұстазы А.Тоянкенова) ағылшын тілін еркін меңгергенін, тіпті олармен сабақты ағылшын тілінде жүргізуге болатынын, 10 «А» сыныпта (ұстазы Д.Түсіпжанова) биологиядан өткен топтық зерттеу сабағын аудандық білім беру бөлімі басшысы Ш.Мұстафинова ерекше атап, жоғары бағалады. Ата-аналар мен қоғамдық ұйым өкілдері мектеп ұжымына алғыс білдіріп, олардың жұмыстарына көңілдері толып қайтты.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз