Қазан айының 25 күні аудан орта-лығындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп әдеттегіден ерекше күйге енген. Білім ордасының ауласынан басталатын ұқыптылық пен талғампаздық белгісі оның ішіндегі жайылған Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қол өнер бұйымдары мен кітап көрмелері, оқушылардың спорттық жетістіктерін әйгілейтін түрлі кубоктардың қаз-қатар тізіліп тұруы, есігі айқара ашылған жәдігерлер мен деректерге бай өлкетану мұражайы тағы басқалардан анық байқалады. Өйткені, бүгін ұстаздар мен шәкірттер мекенінде ата-аналар үшін «Мектеп тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбымен ашық есік күні.
Толығырақ...Жыл басында жарияланған Қазақстан Рес-публикасы Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қойылатын талаптары БАҚ беттерінде біршама уақыт әңгіме арқауына айналған-ды.
Жаңа оқу жылы басталысы мен осы тақырыптың қайта көтеріле бастағанына куә болып отырғандықтан, сарапшылық көз-қараспен ара ағайындық сөзімізді қоғам назарына қайта салуды жөн көрдік.
Мәселеге ешбір эмоциясыз, сарабдал сана көзімен қарасақ, ашығы сол – мектеп формасына қатысты биылғы талаптарда бұрынғыдан өзгеріс болған жоқ. Өйткені ҚР Білім туралы заңының сонау 2007 жылғы 27 шілдедегі мәтінінің 49-бабының 3-тармағында «Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті» деп көр-сетілген болатын. Ол қағидалардың бірі – орта мектептер жарғысындағы мектеп формасын сақтау еді.
Шындығында мұғалімдер барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандық - ұстаздық екені ақиқат.
Толығырақ...«Дипломмен – ауылға» жас мамандарға бе-рілген жаңа мүмкіндік. Бағдарламаның басты мақсаты - ауылды аймақтарды қажетті әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету. Жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақысы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріледі.
«Дипломмен – ауылға» жобасында түлектерге жүктелер үміт үлкен, сенім мол және де үмітті іркілтпей, сенімді сапалы ақтауы парыз. Бұл жастар қауымының еліміз еркіндік алғалы бергі елді дамытуды көздеген алғашқы қарқынды қадамы болмақ. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жастардың ойып тұрып орын алуға тамаша мүмкіндігі туды. Ауыл қайнаған тіршіліктің ортасы, сезіне, түсіне білген адамға үлкен мектеп.
30 қыркүйек күні біз «Өрнек» балабақшасының ашылғанына екі жылдық туған күнін атап өттік. Тәрбиеленушілеріміздің «Саңырауқұлақтар» биімен басталған мерекеде «Өрнек» ЖШС балабақшасының директоры Ержан Тұрсынханұлы құттықтау сөз арнады. «Балабақша ханшайымы-2016» байқауымен жалғасқан шараға «Балапан» және «Тәй-тәй» топтарынан Ақнұр Марат, Аяулым Серікқалиева, Дания Асқарова, Алтынай Баймадиева сынды әдемі де тәп-тәтті бүлдіршіндер қатысты. Әр кезеңнің арасында туған күн мерекесімен құттықтауға келген аудандық мәслихат депутаты Райфа Сафиоллақызы, Кеңес Одағының батыры Қойгелді Аухадиев атындағы округтің әкімі Д.Қойгелдин, мектеп директоры Н.Окитаеваға құттықтау сөз кезектері берілді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.