Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазіргі уақытта еліміздің алдында тұрған ең басты мәселенің бірі – бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру стратегиясы болып табылады. ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, ол енжарлықты көтермейтін ғасыр. Сондықтан әлемдік бә-секелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры мұғалімдердің қолында. Білімді ұрпақ тәрбиешісі – ұстаздар.
Өзгеріп жатқан өмірде өмір көшінен қалыспай, заманымен қатар адымдауы үшін, біліктіліктерін арттырып, деңгейлік бағдарламаларды меңгеріп, мұғалімдер үшін жасалып жатқан зор мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып отырған мектеп ұжымы – Үлгілімалшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешені. Аталмыш білім ордасына ат басымызды бұрған кезде мектептің 8 жыл бойы тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1 санатты ұстаз Сәнияр Ысқақызы Айжақсина қарсы алып, мектептің тыныс-тіршілігін баяндап берді:


- Жаңашылдыққа құштар педагог қызметкер, мұғалімдер қандай қиындық кездессе де, білімі мен өнегесін ел келешегі - жас ұрпақты бәсекеге қабілетті тұлға ретінде дамытып, тәрбиелеу үшін оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізуге, жетілдіріп іске асыруға күш салуда. «Өмір бойы білім алу» қағидаларын жүзеге асыру, міндеттерін орындау – мұғалімдер мен мектеп басшыларының жұмысы мен біліктілігіне байланысты. Қазақстандағы 30 жетекші мектептердің бірі ретінде «Жаңартылған білім мазмұнын апробациялау» оқыту-тәжірибе мектебі болып жаңа оқу жылын бастады.
2015-2016 жаңа оқу жылында 1-сынып оқушылары сынып жетекшісі Баршагүл Мейрембаева жаңартылған білім бағдарламасы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында апробациядан өтуде. 1 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерімен ата-аналар ұйымдаса, бір кісідей жұмыла, жауапкершілікпен жұмыс атқаруда. Бастауыш сыныптың материалдық-техникалық базасы да, жаңа талапқа сай жаңаруда. Даярлық және 1 сынып оқушылары 3 тілде компьютер «Сөйлейтін қалам», әр түрлі әдістемелік бейнетаспалар арқылы білім алуда. Аталмыш сыныпқа дәріс беретін Б.Мейрембаева, Г.Кемербаева, Ж.Сүйіндікова, Г.Ахметқалиева, Г.Рахимова, Д.Ганиевтердің заманауи жаңа әдіс-тәсілдермен өткізген әр сабағы мен күнделікті тынымсыз еңбектерін айтпау мүмкін емес, - деді Сәнияр Ысқаққызы. Сонымен қатар, ол мектептегі тәрбие жүйесіне де тоқталып өтті:
- Мектебіміздің сынып жетекшілері Назарбаев Зияткерлік мектебіне барып, кураторлық және шаңырақ сағаттарына қатысып, кураторлардың өткізген әр түрлі тренингтерінен тәжірибе алмасады. Ал, апробациядан өтіп жатқан 1 сынып оқушылары тәрбие саласы бойынша ашық сынып сағаттарын, сыныптан тыс шараларын үш тілде өткізіп, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасауда. - деп сөзін аяқтады.
Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! «Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті» десе, аттарыңызды бүкіл елімізге паш ететін талантты да білімді шә-кірттеріңіз көбейе берсін!

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз