Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ардагерлерге – жүрек жылуы, қоғамның зерделілігі ардагерлерге қатыстылығымен де айқындалады. Қазақ халқының атадан балаға беріліп келе жатқан игі дәстүрі – үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу. Осы дәстүр 1 қазанда болатын Халықаралық қарттар күнінің мұраттарымен дөп келіп отыр.
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
дегендей өкінішке орай, жыл өткен сайын қариялар қатары сиреп барады. Қарттарды құрметтеу, олардың қажеттіліктеріне жарай білу, әрқашанда сыйлау қоғамдағы жас ұрпақтың міндеті, борышы. Өскелең ұрпақтың кемеңгер ақылшысы аталар мен әжелер үнемі көңіл бөлуді, назар аударуды, олармен тілдесіп отыруды қажет етеді.
Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің жас ұландары қыркүйектегі «қайырымдылық» айлығында Ұлы Отан соғысының ардагері Мүтәлап Ықласов атаның үйіне көмекке келді. Оқушылар Мүтәләп ағаның бау-бақшасын ретке келтіріп, арамшөптерді жұлды. «Жас келсе – іске», дегендей атаның ауласы, бау-бақшасы жайнап кетті. Өз өмірлерінен қызықты әңгімелер айтып берді. Ес-телік ретінде суретке түсті. Қарттарға көмек қолын созып, игілікті іс жасаған жас ұландар үйлеріне ерекше көңіл-күймен қайтты. Сіздерге ең бірінші денсаулық, бала-шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында өмір кешулеріңізге тілектеспіз.

А.Таникенова,
тәлімгер, Самар ауылы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз