20 қаңтарда И.К.Федосов атындағы Самар мәдениет үйінде аудан әкімі А.С. Смаиловтың Самар ауылдық округінің тұрғындарымен, мекемелердің, ұйымдардың, шаруа қожалықтарының, еңбек ұжымдарымен, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кезекті есептік кездесуі өтті.
Көрермендер залы әрқашан халыққа толы болды. Самар халқы өз туған ауылының тағдырына ешқашан немқұрайлы қарамайды, барлық іс-шараларға белсенді қатысады, оқиға орнында болуға тырысады. Есепті кездесуге Денсаулық сақтау, білім беру, Көлік және жол, коммуналдық қызметтер, аудандық мәслихат депутаттары және т. б. азаматтар қатысты.
Самар ауылдық округінің әкімі А.Ф.Күдербаевтың округтің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасы мазмұнды, қысқа, әрі округ дамуының барлық салаларын қамтыған.
Самар ауылдық округі - ауданның ірі аграрлық өңірлерінің бірі және ауыл шаруашылығын, өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту аудандағы барлық әлеуметтік-экономикалық жағдайға елеулі әсер етеді.
Округте 6736 адам тұрады, экономикалық белсенді тұрғындар – 3597 адам, оның ішінде жұмыс істейтіндер – 2701 адам. Округ экономикасының дамуына 52 шаруашылық субъектісі негізгі рөл атқарады, оның ішінде 47 шаруа қожалығы мен ЖШС бар.
- 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 422,4 га ұлғайды, дәнді, майлы дақылдар шығымының нәтижелері қуантады. Шаруа қожалықтарында, ЖШС-де ауыл шаруашылық техникасы жаңартылуда. Олар 261 млн. 933 мың теңгеге 16 бірлік техника сатып алды. Шағын және орта бизнес саласында 185 нысан бар, онда 453 адам еңбек етеді, - деп атап өтті Ахмет Фазылұлы.
Азаматтардың шағы мен өтініші - мемлекеттік қызметшілер жұмысының ажырамас бөлігі. 2019 жылы округ аппаратына 23 жазбаша өтініш келіп түсті. Олардың барлығы заңнамада белгіленген мерзімде қаралды. Округ аппаратында 4 Мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 118 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, атап айтқанда: "Елді мекен аумағында құрылыс салу үшін жер учаскесін беру", "Нысаналы мақсатын өзгерту", "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру", "Балаларды тегін тасымалдау". Есепті жылы округ бойынша жалпы инвестиция көлемі 294 млн. 933 мың теңгені құрады. 2018 жылмен салыстырғанда 9 млн.теңгеге аз.
2019 жылы Шұбарқайың ауылында 6 млн. 700 мың теңгеге блок-модульдік станция орнатылды. 1 млн. 200 мың теңге сомасына Букетов көшесіндегі жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Мәдениет үйінде 7 млн. теңгеге LED экран орнатылды. 1 млн. 900 мың теңге сомасына Горохов көшесіндегі жолдың шұңқырлары жөнделді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша барлық шаруа қожалықтарымен, ЖШС және жеке кәсіпорындармен үлкен жұмыстар атқарылуда. Жалпы, округ бойынша қайырымдылық көмек сомасы 6 млн. теңгеден асады.
Халықты сумен қамтамасыз етуді Көкпекті ауданы әкімдігінің "Самар" ШЖҚ КМК жүзеге асырады, су құбыры желілерінің ұзындығы 44 км құрайды, оның қызметін 4041 адам пайдаланады. Есепті кезеңде осы кәсіпорын жаңа техникамен жаңарып, округтің және ауданның басқа да ауылдарының абаттандыру жұмыстарына оң әсерін тигізуде.
2018 жылы "НКО" ЖШС мердігерімен су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталды. Жобаның жалпы сметалық құны 1 млрд. 928 млн. 372 мың теңге. 2019 жылы 518 млн.теңге бөлінді, 60 млн. немесе 11.6% игерілді. Қазіргі уақытта жобаны түзету жүріп жатыр (ақшалай түрде).
Автомобиль жолдары - транпорт-коммуникациялық кешеннің маңызды бағыттарының бірі. Ұзындығы 237 км облыстық маңызы бар жолдарды күтіп ұстаумен "Облшығысжол" ӨД айналысады. Көпірлер мен автомобиль жолдарын жөндеу, салу "ДСУ-14" ЖШС-нің қарамағында. Жасалған шарттар мен тендерлер бойынша орындалған жұмыстардың көлемі 2019 жылы 1 млрд.197 млн.828 мың теңгені құрады, 2018 жылмен салыстырғанда 302 млн. теңгеге кем.
Округ аумағында полиция бөлімі орналасқан. Оның негізгі міндеті - құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күресті күшейту болып табылады. Өткен жылы 52 қылмыс тіркелді, оның ішінде 9 қылмыс ашылмаған, 2018 жылмен салыстырғанда 7 қылмысқа аз.
- Жұмысты қорытындылай келе, 2020 жылға келесі іс-шараларды жоспарладық: Жеңіс күнінің 75 жылдығын мерекелеу аясында Даңқ мемориалына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Орталық алаңды абаттандыру. Ешкібай бөгетінен бау-бақшаларды суару үшін ескі магистралды құбырды ауыстыру. Самар ауылын одан әрі жарықтандыру, Астана және Бакраев көшелері бойынша 1 шақырым жолды орташа жөндеу жұмыстарын жалғастыру. Соңында округ тұрғындарына, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке кәсіпкерлерге, жергілікті қоғамдастыққа жұмысқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді, - деп қортындылады округ әкімі.
Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смайылов есеп беруден бұрын, жанға жайлы орта қалыптастырды. Біздің құрметті жерлестеріміз, "Көкпекті ауданының Құрметті азаматы", басқарушы, еңбек ардагері Баянды Кәкенұлы Қожамбетов, "Көкпекті ауданының Құрметті азаматы", құрылыс-жол саласының ардагері Александр Иванович Федосов Көкпекті ауданы, Самар ауылының дамуына қосқан зор үлесі үшін, белсенді азаматтық ұстанымы үшін Көкпекті ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Кезекті есептік кездесуде аудан әкімі құрғақ сандар мен монотонды баяндамалардан бас тартуды, ал оны сенімді диалог, жанды әңгіме форматында өткізуді ұсынды.
Аудан басшысы өз сөзінде нақты, кең ауқымды атқарылған жұмыстар шеңберін белгіледі. Өткен жыл аудан үшін өмірдің барлық салаларында қолайлы болды. Болашақтың жоспарына сай көп жұмыс атқарылды және аладғы уақытта одан да көп жұмыс істеуіміз керек.
Халықты сумен қамтамасыз ету, білім беру және жол саласын одан әрі дамыту, оларға бірінші кезекте республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен қаржы бөлінетін болады.
- Аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілмейінше бақылауда болады. Оны шешу үшін 12 млрд. теңгені пайдалану көзделген. Осы жылдан бастап Самар ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңартудың екінші кезеңі бас-талады және екі жыл ішінде ол сәтті аяқталуы тиіс, бұл мақсатқа 450 млн.теңге жұмсалады. Құрылыс кезінде ақша желге ұшып кетпеуі үшін жұмыстардың сапасына күшейтілген бақылау жүргізу қажет", - деп түйіндеді Асхат Сайдахметұлы.
Ауылдық округтің білім беру саласында да оң өзгерістер болады. Мысалы, № 1 Самар орта мектебінде спортзал мен асханаға ағымдағы жөндеу жүргізу көзделген. "Дәншік" балабақшасының шатырын ауыстыру басталды. Самар бастауыш мектебін жылыту жүйесі сұйық отыннан қатты отынға ауыстырылады, бұл кезде үнемделген қаражат мекеменің игілігі үшін пайдаланылатын болады.
Ауданда апатты мектептер бірнеше жыл бойы өз шешімін таппаған. Қараөткел негізгі мектебі құзыретті комиссия деп танылды, сондықтан онда 50 млн. теңге көлемінде жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.
Сондай-ақ Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектеп тозған және апатты жағдайда деп танылды. Енді жыл соңына дейін мектепті сапалы қайта құру үшін қажетті барлық жағдайды жасау керек, оған есеп бойынша 137 млн.теңге қажет.
Аудан басшысы өз сөзінде Атқарушы билік Көкпекті ауданының орталығында да, Самар ауылында да халықтың өмір сүруіне бірдей жағдай жасау, абаттандыру, инфрақұрылымды жақсарту үшін жұмыстар жүргізетінін атап өтті.
- Алдағы жылы ауылдарыңыздағы орталық алаңды абаттандыруға 300 млн. теңге жұмсау жоспарлануда. Басты арканы облыс орталығы тарапынан ауылға кірер кезде жарықтандырылған аумаққа көшіру, көшелердің атауын жарықтандырылған тақтайшаларға жазып орнату міндеті тұр. Бұдан әрі, Бакраев бойынша 1 км жолды, Астана көшесі бойынша 1 км жолды асфальттауға облыстық бюджеттен 35 млн.теңгеге өтінім берілді. Мәдениет үйіне арналған сахналық костюмдерді, аппаратураларды жаңарту қажет. Қайыңды ауылында шағын футбол алаңы салынады, - деп атап өтті аудан әкімі.
Асхат Сайдахметұлы жиналғандардың назарын ауыл әкімінде бюджеттің төртінші деңгейі немесе дербес бюджет қалыптастырылғанына аударды, ол ауылды дамытуға бағытталған жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде округ әкімінің құзіреті артады және оған жергілікті қоғамдастыққа қатысуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жергілікті жерлердегі әкімдерде жергілікті салықтардың уақытылы түсуін қамтамасыз етуге, салық салу базасын арттыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға барынша ықпал етуге мүдделілік пайда болады, өйткені осының барлығы округ бюджетінің кіріс бөлігін арттыруға мүмкіндік береді.
- Демек, елді мекендерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін де мүмкіндіктер әлдеқайда көп болады, бюджеттік қаражатты тиімді жинақтауға, оларды округ проблемаларын шешуге бағыттауға жағдай туғызады, - деді аудан басшысы.
Содан кейін қоғамдық орындарда орнатылған жәшіктер арқылы келіп түскен сұрақтар оқылды. Ауыл тұрғындарын қалдықтарды жағу және балық өнімдерін "Рыбпром" ЖШС сүйек ұнына қайта өңдеу бойынша қоршаған ортаны ластау мәселелері қызықтырды. Тұрғындардың сұрақтарына құқық қорғау органдарының өкілдері жауап берді.
Облыс орталығында қоғамдық көліктің жоқтығына байланысты бағаны өз бетінше орнататын жеке тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалының жағдайы алаңдатады. Осы мәселені реттеу, облыс орталығы мен Самар ауылы арасында көлік қатынасындағы жолаушыларды жүйелі тасымалдау бойынша шараларды жүзеге асыру аудан әкімінің орынбасары Талғат Майкеновке жүктелді.
Қайыңды ауылындағы электр беру желілерін пайдалану және қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдау немесе оны комхоз балансынан ШҚ АЭК меншігіне беру 3 ай ішінде аудан әкімінің орынбасары Талғат Майкеновке жүктелді.
Өз сөзінде Асхат Сайдахметұлы Самар ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сандармен және фактілермен дәлелдей отырып, оларды жүзеге асыру туралы ешкім күмәнданбаған. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға аудан әкімінің сөз сөйлеуі барысында толық жауаптар берілді.
№ 1 Самар орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ардақ Ахмадиева Самардың атынан аудандық және жергілікті басшыларға Самар ауылын одан әрі қарқынды дамыту бойынша белгіленген жоспарлары үшін алғыс айтты.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.