Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Жалпы еңбек қоғамының мызғымас экономикалық негізі деп атаған шағын және орта бизнес біздің елімізде қарқынды дамып келеді. Оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің түрлі тетіктері де жұмыс істеп отыр.

 Бүгінгі күні Көкпекті ауданында 2014 жылдың бірінші шілдесіндегі жағдай бойынша 1713 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Олардан аудан бюджетіне қомақты үлес қоса отырып, тұрғындарды жұмыспен қамтуда да алдыңғы орындардың бірінен саналады.Кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің бір жолыаудан әкімінің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған «Көкпекті ауданының шағын және орта бизнесін дамыту туралы» тақырыбындағысеминар  болды.

 

Бұл семинар 13 тамыз күні өтіп, оған аудан әкімінің міндетін атқарушы Р.Сағындықов, аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бас менеджері М.Әкенев, «Ертіс» ӘКК ҰҚ Активтерді басқару және несиелеу бағдарламаларын бақылау департаментінің директоры Е.Хасенов, сонымен бірге аудандық кәсіпкерлік, салық басқармасы, тұтынушыларқұқын қорғау, ауылшаруашылығы бөлімі басшылары мен мамандары, БЖК-2020  және басқа бағдарламалар бойынша несие алып, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер қатысты.

«Аудандағы  шағын бизнес тауар саудасы, қызмет көрсету, өңдеу кәсіпорны, тауар өндіру бойынша дамып келеді. Шағын кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері экономиканың бұл саласының өркендеуінде алға ілгерілеушілік барын көрсетеді. Аудандағы шағын бизнестегі заңды тұлғалардың үлес салмағы -93 бірлік, жеке кәсіпкерлер – 900, шаруа қожалықтары – 720. Жарты жылдағы толайым сауда айналымы 1666,1 млн теңгені көрсеткен, бұл өткен жылғымен салыстырғанда едәуір жоғары. Өңдеу саласының негізін азық-түлік өнімін өндіру құрайды. Бұл салада да жоғары көрсеткіштерді мысалға келтіруге болады.

 Аудан әкімі Д.Мусиннің айрықша көңіл бөлетін саласы тұрмыстық қызмет көрсету, туризм мен саяхат, қонақ үй бизнесін дамыту болып отыр. Бүгінгі күні 479 шағын бизнес субъектісі аудан тұрғындарына түрлі қызмет көрсетуде. Олардың қатарында қоғамдық тамақтандыру, наубайханалар, қонақ үйлері, дәріханалар мен техникалық қызмет көрсету орталықтары бар. Дегенмен саудаға қарағанда халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласы  кенжелеп дамып келеді»,- дей келе,  негізгі баяндамашы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.Әлиясов, аудан басшысының бүгінгі қойып отырған: әр ауылда шаштараз, өз наубайханасы, күнделікті қажеттілікті өтейтін тауарлар сататын дүкені болу керек дегенталабы әлі орындалмай отырғанын атап өтті.

 Бүгінгі елімізде кәсіпкерлікті дамытып, жұмыссыздықты жоюға бағытталған «Бизнестің жол картасы-2020», ҮИИД бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Биыл Өңірлік индустриалдандыру бағдарламасына «Елдар» ШҚ-ның қымыз өндіру жобасы енгізілген және бұдан басқа да аудан экономикасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалар қарастырылып отыр.

 Елімізде кәсіпкерлікті қолдауға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын қаржыландыруды жүзеге асыруға бағытталған «ШҚО «Даму» кәсіпкерлікті қолдау бойынша қоры» АҚ өңірлік филиалының бас менеджері М.Әкенев «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістер туралы толыққанды баяндап берді. Бұл өзгерістер бойынша ең алдымен айта кететін жағдай – субсидиялау тетіктерінің өзгергені, сонымен бірге даму банктерінің кепілдіктері туралы да айта кетуге болады. Бұл өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндай тұрып, Мұрат Арғынбекұлы барлығын слайд арқылы түсіндірді. Соңынан оған кәсіпкерлер табиғи апаттардан зардап шеккен бақша өсірушілерге сақтандыру шаралары бар ма, сақтандырудың жолдары қандай, қор ғимарат сатып алуға несие бөле ме деген сауалдар қойды. Биылғы жылдың шілде айында Көкпекті ауылында «Даму» қорының филиалы ашылды, енді барлық сауалдармен сонда баруға болады. Жалпы қор кәсіпкерлікке қадам басқандарға жан-жақты қолдау жасайды, ол бизнес-жоспар жасаудан бастап, кәсіпкердің аяққа тұрып кетуіне дейін жалғасады.

 «Ертіс» ӘКК»ҰҚ департаментінің директоры Е.Хасенов Тұрақтандыру қорына азық-түлік сатып алу, аудан орталықтарында қор құру туралы айтты. Сонымен бірге, кәсіпкерлікті өңірлік және мемлекеттік бағдарламаларды қолдана отырып қолдау мәселесіне де тоқталды. Әсіресе, ауылды жерге аса қажет «Сыбаға», «Жайлау» бағдарламаларының ерекшеліктері туралы тағы да баса айтты. Семинарға қатысушылар қызығушылық білдіріп, бағдарламаларға қатысты сауалдар қойды. Бұл тақырыпты аудандық ауылшаруашылығы және малдәрігерлік бөлімінің бас маманы Т.Уйданов жалғастырды. «Ертіс» ӘКК маманы А.Демидов та ауылда мал басын, әсіресе, ұсақ тұяқты өсіруге бағытталған бағдарлама туралы жақсы кеңестер беріп, аудандағы несие алғандардың қазіргі ахуалына талдау жасады.

 Семинарға жиналғандарға аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Ә.Мұқашеваның, тұтынушылар құқықтарын қорғаушылар басқармасының басшысы Г.Әбдірасылова, Салық  басқармасы бастығының орынбасары Р.Қабдолдановтың мінберден айтқан шағын және орта бизнесті қолдау, ондағы санитарлық тазалық туралы пікірлері мен түсініктемелерін қатысушылар ұйып тыңдады.

 Ал Құлынжон ауылдық округі аумағында орналасқан «Кузьмич» ЖШС директоры В.Гриценко жаңадан ұйымдастырылып жатқан өндіріс туралы егжей-тегжейлі айтып, бұл жобаның ауданға аса қажеттілігіне отырғандардың назарын аудартты. Табиғатты пайдаланушылардың өзен байлығын тек пайдаланып қоймай, оның молаюына да үлес қосуы құптарлық жайт. Сондықтан ауқымды жобаға салынатын қаржы да көп ұзамай ақталатынына сенім мол. Пайдалы семинардың қорытындысын аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова жасап, аудан кәсіпкерлерінің мұндай жиындардан тек қана құжаттарды жөндеу емес, қаржылық салымдар, бизнеске қатысты басқа да мәселелер туралы мағлұмат алатындарын жеткізді. Бүгін осы семинарға қатысып отырған қаржылық институттар өкілдеріне алғыс айтты. «Өкінішке орай, семинарға кәсіпкерлердің көпшілігі қатыспай отыр. Олар бұл жиынның маңыздылығына мән бермеді. Болашақта бұл жайында тиісті бөлімдер оларға тағы да түсіндіріп, өздеріне қатысты жиындардан қалмауларын қамтамасыз етулері керек»,-деді Алмагүл Жанахметқызы.

Мұрат Әкенев, «Даму» АҚ бас менеджері:

-Бұл семинардың пайдасы зор болды. Мен аудан басшылығына кәсіпкерлер алдында сабақ өткізуге мүмкіндік бергендері үшін алғыс айтамын. Біз қай уақытта болмасын бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз. Сондықтан да алдағы уақытта да осындай жиындар ұйымдастырылса деймін.

Елдар Хасенов, «Ертіс» ӘКК директоры:

-Елбасының тікелей нұсқауымен құрылған «Жайлау» бағдарламасы Қазақстанда қой басын көбейтіп қана қоймай, адамдардың өз күштерімен әл-ауқаттарын жақсартуына мүмкіндік береді. Қазіргі күні  Ағымдағы жылы тағы да 200,0 млн теңге бөлініп, ол ШҚО-ның Зайсан, Катонқарағай, Жарма, Үржар, Тарбағатай аудандарында жүзеге асырылады. Бүгінгі жиын бізге де кәсіпкерлерге де пайдалы болды деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға рахмет.

Тоғай Зүлфиев, кәсіпкер, көкөніс өсіруші:

-Самар өңіріндегі көкөніс өсірушілер атынан осы жиынға қатыстық. Кәсіпті дамытуға пайдалы кеңестер алдық. Мен өзім өнімді табиғат апаттарынан сақтандыру туралы сауал қойдым.  Сұрағыма мінбеден де және жиын соңында жекелей де толыққанды жауап алдым. Бұл семинар осымен тоқтап қалмайды деп ойлаймын. Біз әлі бизнесті қалай жүргізуді білмейміз. Сондықтан арнайы сабақтар өтсе. Алайда жұмысбастылықтан қатыса алмауымыз да мүмкін. Жиын-терін аяқталып, қолымыз босағанда болмаса. Мені және басқаларын да өнімді сақтап, өзіміздің аудан көлемінде сатуды ұйымдастыруды әлі де жетілдіре түсу қажеттігі ойландырады.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз