Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің Ата заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Конституцияның негізінде жаңа заманауи мемлекеттің ғимараты тұрғызылғаны көрер көзге айқын. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық. Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаңғырту – мұның бәрі берік конституциялық негізде жүзеге асырылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағытталған. Біздің сыртқы саясаттағы жүйелі бастамаларымыз Қазақстанның халықаралық беделінің ұдайы өсуін қамтамасыз етуде.
Конституцияның негізінде жаңа заманауи мемлекеттің ғимараты тұрғызылды. Еліміз 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясында көзделген мақсаттарды іске асыруға кірісті. Соның ең бастысы – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі. Стратегияның барлық мақсаттарына қол жеткізу қазақстандықтардың бірлігі мен Конституция қағидаларын мүлтіксіз орындау негізінде ғана мүмкін болмақ. Ата заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті. XXI ғасырдағы табысты қоғам – заңды сауатты білетін адамдар қоғамы. Заңды сауатты білу негізі, ең алдымен, Конституцияны терең білу. Сондықтан халықты құқықтық мәдениетке тәрбиелеу - әлеуметтік жаңғыртудың маңызды мәселесі. !
Қазақстандықтар Негізгі Заңды референдум арқылы қабылдауға дауыс бере отырып, даналықтың, топтасу, бірліктің үлгісін көрсетті. Бүгін біз 1995 жылғы Конституция қазақстандық табыстың басты факторына айналды деп мақтанышпен айта аламыз,.
XXI ғасырда біздің Конституциямызды жаңаша оқу қажет. Негізгі Заң – қатып қалған құқықтық реликт емес. Ол тірі механизм, оған қоғам жаңа жағдайларға және қазақстандық социум сапасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік инновация енгізілуін қарастыруы қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанның әлеуметтік заңнамасының кешенді тізімін жасалып, сондай-ақ жаңа заңдар әзірлену үстінде.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, дами берсін! Барша көкпектіліктерге игілік пен бақ-береке тілейміз!
Д.Мусин, аудан әкімі
Р.Беспаев, мәслихат хатшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.