Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тамыздың 4 күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Д.М.Мусин қоғамдық қабылдауда жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.

Тұрғындардың мәселелеріне әсер ету жүйесінің тиімділігін арттыру үшін партия   жұмыстың жаңа бағыттарын іздейді әрі енгізеді. Қоғамдық қабылдаулар – халық пен мемлекеттік органдар арасын  байланыстырушы буын болып саналады. Партияның аудандық филиалы көкпектіліктердің мәселелерін шешуге  барлық тетіктерді және ресурстарды жұмылдыруды көздейді. Әрине, қабылдау жүргізу қиын, себебі адамдар шешімін бірден таба қоймайтын тұрғын үй және жұмысқа орналастыру сынды мәселелерді көтереді. Қабылдауға келгендердің жартысынан көбі «Дипломмен- ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға жұмыс істеуге келген жас мамандар болды. Әрине, сөзсіз, оларды тұрғын үй мәселесі толғандырады.

Осы бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алу үшін несиеге барлығы 60 өтініш берілген, бірақ бюджетте бар-жоғы 10-ына ғана қаржы қарастырылған.Сол себепті жұмыс комиссиясы ауылдың шалғайлығын, мамандыққа мұқтаждығын есепке ала отырып анықтайды.–Ең басты талап–сол мамандықтың қажеттілігі,- деп көрсетті аудандық филиалдың төрағасы. Осы көрсеткіш таңдауға негіз болады. Д.М.Мусиннің қабылдауынан кейін жұмыс кеңесі өткізілді де, осы мәселелер бойынша әлеуметтік бағдарлама және жұмыспен қамту бөлімінің басшысына «Дипломмен- ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға қаржы көлемін ұлғайту мүмкіндіктерін іздестіру тапсырылды.

Саяси кеңес мүшелерінің алдында аудандық филиалдың төрағасы - адамдардың мәселелерін елеп, ескеруге тиімді жүйені құруға, қоғамдық қабылдаулардың жұмысын бірлесе күшейтуге міндеттеді.

 Д.М.Мусин  Астана қаласындағы емханадан емдеу курсын өтуге тиіс, мүмкіндігі шектеулі баланың анасына көмек көрсетуге шешімді осы жерде қабылдады. Өкінішке орай, кейбір басшылар тарапынан азаматтардың шағымдарын қарастыруда бюрократтық, сөзбұйдаға салу фактілері туындаған. Көкпекті ауылының тұрғыны аудандық филиал төрағасына қабылдауға қайталап келіп отыр. Өйткені, оның мәселесі шешімін таппаған. Жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдері, Көкпекті ауылдық  округі әкімінің аппараты басшыларының жұмыс барысындағы өзара үйлесімсіздігінен оның мәселесі шешілмей аяқсыз қалды. Д.М.Мусин басшылардың азаматтардың мәселелерін шешуге жауапкершілікпен қарап, 10 күннің ішінде  бір шешім шығаруды немесе түсіндірме беруді талап етті. – Азаматтардың шағымдары мен талап-тілектерін шешу мен оларға көмек беру заң аясында жүзеге асуы тиіс, - деп атап өтті аудан басшысы.

Надежда ШАРОВА

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз