Ағымдағы жылдың 15 тамызы күні «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының мәжіліс залында Көкпекті ауданының прокуроры міндетін атқарушы Айдар Ордабаев аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.
Көкпекті ауданының прокуроры міндетін атқарушы қабылдауға келген тұрғындар сауалына қолданыстағы заң аясында жауап берді.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау қызметі үздіксіз жүйелі түрде жұмыс істеуде. Қоғамдық қабылдауды аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары мен аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары да өткізеді. Олар халықтың мұң-мұқтажын тиісті орындарға жеткізіп, оның оң шешілуіне де ықпал етеді.Қабылдау барысында азаматтарға кеңестер берілді және мәселенің шешу жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, басқа да шешімін күткен мәселелер жәйі сөз болды.
Аудан прокурорының қабылдауына «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Оразғалиева қатысып отырды.
«Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының
ақпараты бойынша
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.