Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шілде айының 2-3 күндері аудан орталығы Көкпекті және Самар ауылдарында аудан әкімі Асхат Смаилов кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, Көкпекті, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл жолғы қабылдауда жеке сұрақтарымен жеті азамат болды. Аудан басшысы қабылдауға келген тұрғындардың барлық сауалдары мен өтініштерін мұқият тыңдады. Олар негізінен тұрғын үй, жер мәселесі, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік қызмет ауқымдарын қамтыды.Қабылдауда болған азаматтардың өтініштері ескерусіз қалған жоқ.


Алғашқы болып келген Көкпекті ауылының тұрғыны көп балалы ана Айнұр Нүрпеисова үй құрылысына қаржылай көмек беруді сұрады.
- Аудан бюджетінен жеке меншік үйлерін жөндеу жұмыстарына материалдық көмек көрсетілмейді, отағасына жұмыс тауып беріп көмектесе аламын. Асыраушы болғандықтан, сіздерді бала-шағасын асырап, жеткізуге міндетті, - деп нық айтты аудан әкімі.
Заңнамаға сәйкес жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен болса, өтініш иесі А.Нүрпеисоваға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің басшысы Б.Оразғалиева материалдық көмек көрсету мүмкіндігі болатынын түсіндірді. Сөз соңында Асхат Сайдахметұлы заңға қайшы болмаса, әлеуметтік көмек көрсетуді тапсырды. Келесі келген азамат Виктор Тупицын 15 жылдан бері өзі тұрып жатқан үйін жекешелендіре алмай жүргендігін алға тартты. Бұл мәселе жөнінде аудан әкімі аппарат басшысы Р.Кемербаева мен сәулет, құрылыс және ТҮКШ бөлімінің басшысы Қ.Жылқышевқа құқық беруші құжаттарын жинау туралы тапсырма жүктеді. Ал, Преображенка ауылының тұрғыны Баршагүл Нұрасқарова Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ әкімі аппаратында еден жуушы лауазымынан бос-атуына байланысты туындаған мәселе бойынша өтініш білдірді. Өтінішті зерделей келе, аудан әкімі бірінші кезекте мүгедектігіне байланысты берілетін зейнетақысын анасынан өз атына аударып беруді, зейнетақы мәселесі толық шешілмейінше, жұмыстан босататпауды тапсырды. Сондай-ақ, қабылдауға келген ауыл тұрғыны Салтанат Жакиева жалдап тұрып жатқан пәтердегі су мәселесін екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан болғандықтан ауыз суды тасу қиынға соғатынын айтты. Балалары бар алайда бір өзі жалғыз тұрады. Салтанат Елтайқызының өкпе-назын тыңдай келе, Асхат Сайдахметұлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, хал актілерін тіркеу бөлімі тарапынан денсаулығына байланысты бір жолғы материалдық көмек көрсетілетінін айтып өтті. Салтанат Жакиева дәрігері, арнайы күтушісі бар үміттің қарауына бару туралы ұсынысқа келісім білдірді.
Ал, Асхат Ибраимов бүгінгі қабылдауға жеке меншік құрылыс бригадасын ашып, тұрғын үй салу өтінішімен келіпті. Ауылдық округінің әкімі Е.Ниязбаев құрылыс үшін 8 соттық бір рет тегін жер телімі берілетінін және ауылдағы бос жер телімдері жайлы түсіндіріп өтті.
Келесі күні Самар ауылында да қабылдау өткізілді. Қабылдауға жазылған Сұңғат Советов Самардағы бұрынғы құрылыс мекемесінің апаттық жағдайда тұрған ғимаратын жылыжай ашуға беру туралы өтініш білдірді. Бір сөзбен айтқанда, ғимараттар мен жер қатынастары мәселесінің осы уақытқа дейін басы шешілмеген. Асхат Сайдахметұлы иесіз ғимараттарға кешенді тексеріс жүргізуді және оның нәтижелері туралы жауапты тұлғаларға ақпарат жинау бойынша 11 шілдеге дейін уақыт берді.
«Асыл қазына» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің жетекшісі К.Нүрпейсова сахналық костьюмдерге қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Аталмыш мәселе бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз