Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 11 маусым күні Көкпекті ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алынған шағын несиелерді қайтару мен бүгінгі таңдағы аудан көлеміндегі берешек мәселесі төңірегінде кеңейтілген жиын болды. Жиынға аудан әкімі А.С.Смаилов және маслихат хатшысы Т.М.Сарманов, облыстан келген «Ертіс» ӘК ҰК» АҚ өкілдері - менеджер Мақсат Алмасұлы Мұхамеджанов, заңгер Қанат Сүйіндіков, жеке сот орындаушы Гүлзия Ақышқызы Смагжанова және несие серіктестіктерінің төрағалары, округ әкімдері қатысты.

Жиынға төрағалық еткен аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті. Күн тәртібі бойынша алғашқы сөз алған жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Қанат Ермекұлы Мұқышев «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша алынған шағын несиелердің берешегін өтеу туралы ақпарат берді.
- Аудан аумағында құрылған 5 несие се-ріктестіктерге «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 821,0 млн. теңге шағын несие, бөлінген болатын. «Ертіс» ӘК ҰК» АҚ қарыз алушылардың несие қорларын қамтамасыз ету үшін 17 шарт жасалды. Шағын және орта бизнесті дамыту, аз қамтылған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыссыз азаматтардың несиелік қаражаттарды қайтару мерзімі ережеге сәйкес 5 жыл. Бірақ, қазіргі уақытта берешек қайтару бойынша қиын жағдай туындады, өйткені жоспарлаған жобалар өз нәтижесін берген жоқ және кәсіпті іске асыру үшін бөлінген жеңілдіктер жеткіліксіз. Сондай-ақ қарыз алушылардың айтуы бойынша, барлық КТ жұмыстарын адал атқармайды. Осыған байланысты, қазіргі таңда ӘКК-нің алдында, несие серіктестіктерінің берешегі 693, 2 млн. теңгені құрайды, - деді бөлім басшысы.
Сонымен қатар, бөлім басшысы облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында берешекті қайтару бойынша, ауданда арнайы комиссия құрылып, әрбір борышкермен жұмыстарды жүргізіліп отырғанын, ауыл әкімдері мен бірлесіп арнайы қарызды өтеу үшін кесте құрылып, құқықтық кеңестер беріліп отырғанын тілге тиек етті.
Ауыл әкімдері мен борышкерлер тарапынан түскен сұрақтарға облыстан келген «Ертіс» ӘК ҰК» АҚ менеджері Мақсат Алмасұлы, жеке сот орындаушы Күлзия Ақышқызы жауап берді. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы:
- Ауданымыздың әлеуетін көтеріп, ша-ғын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бе-рілген қаражаттың бұлайша уақытында қай-тарылмауы жақсы болмады. Олар аманатқа алған ақшасын уақытында қайтармай, несие кезегінде тұрған кісілердің санын көбейтіп, өзгелерге зияндарын тигізуде. Осындай жауапсыздықтың салдарынан басқа да азаматтардың қолын байлап, мүмкіндіктерін шектеп отыр. Сондықтан да, берешекті қайтаруымыз қажет, осы аптаның сәрсенбісі күні осы мәселені шешу жолдарын қарастыру мақсатында тағы жа жиын болады. Мұнда ауыл әкімдерінің де кінәсы бар олар бөлінген қаражатты қадағаламай, жұмыстың жүйелі жүргізілмегендігінде, - деп қадап айтты.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз