Қазақстан Республикасы ІІМ – нің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 854 бұйрығы негізінде 2018-2020 жылдарға арналған «Ұрлыққа қарсы іс қимыл бағдарламасы» қабылданды. Аталған бағдарламаға сәйкес 2018 жылдағы басты міндет, бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы әрекет ету, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын тергеу және ашу мақсатында жеке меншік пен кәсіпкерлік ұйымдардың иелері өздеріне тесілі дүкен, қойма, жанар жағар май станциялары, базар т.с.с. халыққа қызмет атқаратын объектілерін дабыл қаққыш қондырғылары, бейне бақылау камералармен жабдықтап орнату ұсынылады. Бүгінгі күнге аудан бойынша 439 азаматтық аңшы қару иелері тіркелген. Атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, тұрғын үйлер мен дүкендерді тонаудың алдын алу мақсатында ҚР Үкіметінің 2014 жылы 17 сәуірдегі № 363 қаулысына сәйкес қару иелеріне, қару сақталатын үй жайларда дабыл қондырғысын орнату міндеттелуде. Қару иелеріне, қару тұрған бөлмеге немесе қару сақталып тұрған сейфке дабыл қаққыш орнату таңдауы берілген. Бұндай қауіпсіздік шараларын орнату өзгенің жеке меншіктегі тіркелген заңды қаруына қол сұғушылықтан қорғауға көптеген септігін тигізері анық.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың, 14 ақпан күні Көкпекті аудандық сотының төраға м.а. Н.Б.Жаныбековамен «2019 жылдың 21 қаңтарында қабылданған заңна-маларына енгізілген жаңартуларын талқылау туралы» тақырыбында сұх-баттасқан едік.
- Аталған заңда қандай өзгерістер болғандығы туралы атап өтсеңіз.
- 2018 жылдың 21 қаңтарында Мемлекет басшымен «Қазақстан Рес-публикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заң-наманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Заңмен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға, экономикалық, салықтық қылмыстық құқықбұзушылықтарды ізгілендіруге және осыған байланысты салық заңнамасы саласындағы құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін ұлғайтуға, азаматтық кодекс-те нотариус депозиті арқылы мәмілелер бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанын қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
Қылмысқа қарсы жан аямай күрескен аға ұрпақ өкілдері салып кеткен Қазақстан полициясының ерлік салт-дәстүрін сақтау және оны еселей түсу болашақ полиция қызметкері болам деген жас ұрпақтың басты борышы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұстан-ған саясаты еліміздегі жалпы ұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді, сақтауды, өз елінің патриоты болып, құқық бұзушылықпен күресті күшейтуді талап етеді. Полицейлер-бұл адамдардың құқығы мен бостандығын қорғай отырып, қылмысқа қарсы күресте алдыңғы қатарда тұратын адамдар. Түнді таңға жалғап, уақытпен санаспай, полиция қызметінің антына берік болып, қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандықтың иесі болғысы келген жас талапкерлерге бүгінгі күні мемлекетіміздің 4 облысында, яғни Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиялары болашақ полиция кадрларына сапалы білім беруде.
Бұл оқу орындарының ерекшеліктерінің бірі оқу тегін жүзеге асырылып, тыңдаушылар казармалық жағдайда тұрады және тамақ, киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, арнайы стипендия алады.Сонымен қатар қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған немесе мүгедектік алған ІІО қызметкерлерінің балалары, кадет корпусына және әскери интернат мектептеріне конкурстан тыс оқуға қабылданады.
Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында «2019 жылдың 21 қаңтарында қабылданған заңнамалардың жаңартпаларын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға прокуратура, полиция бөлімінің, нотариалдық палата, адвокат, «Қазақтелеком» АҚ-ның өкілдері қатысты.
Өз баяндамасында сот төрағасының міндетін атқарушы Айгүл Мәулетқызы бұл заңның қабылдануы меншік құқықтарын, арбитражды қорғауды күшейтуге, сот жүктемесін оңтайландыруға және қылмыстық заңды одан әрі ізгілендіруге бағытталғанын атап өтті. Инновациялар азаматтық үдерістерге, атап айтқанда, талассыз талаптарға қатысты, Азаматтық процестік кодексінде оңайлатылған өндірістің тек екі санаты ғана қалады. Ол сондай-ақ жазбаша дәлелдемелермен расталған сот ісін жүргізу тәртібі нотариустың құзырына енгеніне назар аударды.
Қазақстан Республикасы ІІМ – нің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 854 бұйрығы негізінде 2018-2020 жылдарға арналған «Ұрлыққа қарсы іс қимыл бағдарламасы» қабылданды. Аталған бағдарламаға сәйкес 2018 жылдағы басты міндет, бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы әрекет ету, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын тергеу және ашу мақсатында жеке меншік пен кәсіпкерлік ұйымдардың иелері өздеріне тиесілі дүкен, қойма, жанар жағар май станциялары, базар т.с.с. халыққа қызмет атқаратын объектілерін дабыл қаққыш қондырғылары, бейне бақылау камералармен жабдықтап орнату ұсынылады. Бүгінгі күнге аудан бойынша 439 азаматтық аңшы қару иелері тіркелген. Атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, тұрғын үйлер мен дүкендерді тонаудың алдын алу мақсатында ҚР Үкіметінің 2014 жылы 17 сәуірдегі № 363 қаулысына сәйкес қару иелеріне, қару сақталатын үй жайларда дабыл қондырғысын орнату міндеттелуде. Қару иелеріне, қару тұрған бөлмеге немесе қару сақталып тұрған сейфке дабыл қаққыш орнату таңдауы берілген. Бұндай қауіпсіздік шараларын орнату өзгенің жеке меншіктегі тіркелген заңды қаруына қол сұғушылықтан қорғауға көптеген септігін тигізері анық. Мысалға алғанда ұялы байланыс желісі орнатылған аумақтарда, GSM маркалы дабыл аппараттары, дабыл белгісі іске қосылғанда қару иесінің ұялы телефонына дереу түрде хабарлама келеді.т.с.с.
Сонымен қатар, аудан тұрғындары сапасыз дабыл қондырғыларына кезікпес үшін, сертификатталған қондырғыларды сатып алып орнату ұсынылады. Аталған қондырғылар көп түрлі, сапасына қарай құны да солай өседі. Қондырғылар нарықтық бағамен 17000 теңге шамасынан басталады. Егерде осындай құралдарды орнатпаған жағдайда есік терезелерге ойық тор мен темір есіктер орнату қажет.
Қару иелері тарапынан аталған заңды орындамаған, қару сақтау ережесін бұзған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484 бабы 1 бөлігіне сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш (25250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынып, қарулары тәркіленеді. Сондықтанда өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңізді сақтап, жеке меншік мүліктеріңізге бөтеннің қол сұғушылықтарынан қорғану үшін Үкіметпен белгіленген талаптарды орындау баршамыздың басты міндетіміз болып табылады.
О.Ж. Жанабеков,
Көкпекті АПБ Азаматтық және
қызметтік қару айналымын бақылау
тобының аға
инспекторы полиция аға лейтенант
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.