Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2019 жылдың 10 кырқүйегінде Көкпекті аудандық сотында төраға м.а. Н.Б.Жаныбекованың бастауымен «Билер алқасын құру – ұлттық құңдылығымызды жаңғырту» тақырыбында жиын өткізілді. Жиынға Көкпекті селолық округі әкімінің орынбасары Н.Н.Укешова, Көкпекті ауданының ардагерлер алқасының төрағасы С.Н.Мұкашев, Көкпекті селолық округінің ардагерлер алқасының төрағасы С.Б.Файзуллин, Еңбек ардагерлері С.Ж.Зейнуллин, Г.С.Назекеева, кәсіби медиаторлар А.О.Мұкашева, Е.А.Әмірхасенов,Көкпекті орта мектебінің директоры Н.М.Сарманова, Ж.Шайжунусов атындағы орта мектебінің өкілі Г.М.Өмиралиева қатысты.


Дөңгелек үстел барысында сот төрағасының м.а. Н.Б.Жаныбекова күн тәртібімен таныстырып, қазақтың билер алқасының тарихи маңыздылығын атап, билер алқасын ұлттық құндылықтар ретінде танып, халық арасында кеңінен насихаттау қажеттілігін атап өтті. Көшпелі қазақ қоғамының билер соты тарихта қалса да, оның беделі бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Тарихымыздағы асыл қазыналарымызды зерттеу, оның шынайы нәтижелерін жарыққа шығару ұрпақ үшін жоғары міндет болып саналатынын айтып, жиынға қатысушыларды жан-жақты талқылауға шақырды.
Н.Жаныбекова қазіргі қоғамда билер алқасы азаматтық дау-дамайларды шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей әрекет ете алатынын атап өтті. «Ел ішінде беделі салмақты, аузы дуалы қариялар бар, сөзбен жанжалды ажырата алатын, бұрын мемлекеттік қызметте болған, қазір зейнеткерлік жаста жүрген ел ағалары, ауыл ақсақалдары бар, солардың басын қосып, билер алқасын құрып, ел ішінде болып жатқан дау-дамай, жанжалдарды реттеп, соларды бітімгершілікке баулыса» - деген ұсынысын білдірді.
Көкпекті ауданының ақсақалдар төрағасы Н.С.Мұкашев «Билер алқасын» құру жөніндегі ұсынысты қолдап, билер алқасын әр ауылдық округтан сайлауды ұсынды.
Дөнгелек үстел соңында қатысушылар қозғалып отырған мәселені қызу талқылап, бастаманы толығымен қолдайтындарын білдіріп оң көзқарастарын танытты.

Көкпекті аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
           

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз