Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

11-14 сәуір аралығында таэквондо ИТФ - дан 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогына және Жастар жылына арналған IX Халықаралық «EKIBASTUZ OPEN-2019» турнирі өтті.
Жарыстың мақсаты мен міндеттері Қазақстанда осы спорт түрін кеңінен насихаттау және дамыту, ИТФ таэквондодан спорт секцияларында оқу-жаттығу жұмыстарын ынталандыру, спортшылардың жарыс тәжірибесін жинақтау, Қазақстан спортшыларының спорттық шеберлік деңгейін арттыру, жастарды ИТФ таэквондо сабақтарына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, сондай-ақ ҚР құрамасына 2019 жылғы әлем чемпионаты кандидаттарын дайындау болып табылады.

Толығырақ...

Наурыз айында Монғолияның Қобда қаласында Қобда аймағының әкімшілігі және сол жердің белсенді азаматтарының ұйымдастыруымен халықаралық айтыс өткен болатын. 6 жылда бір рет өтетін айтулы жыр додаға барлығы 28 ақын қатысып, бақ сынады. Айтысқа Қазақстаннан жеті ақын, Шығыс Қазақстаннан екі ақын қатысты. Ал, Көкпекті ауданынан жергілікті ақын Фархат Маратұлы барып келді.
Алты алашқа сауын айтқан жыр додасына өңкей кіл мықты, көмейінен жыр төгілген, атағы алашқа кеткен айтулы ақындар төрт айналым бойынша сайысты. Ақындар сайысқа жеребе бойынша шықты. Соңында төрт ақын іріктеліп, ұпай бойынша жеңімпаз анықталды. Қобдада болған халықаралық айтыс интернет желісі бойынша Facebook арқылы тікелей эфирде тартылды.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың, 27 нау-рыз күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде жастар жылына орай XIV халықаралық «Жұлдызай» ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңі өтті.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, талантын ашу, жүректеріне сенім ұялату. Олардың тұлғалық дамуына үлес қосып, өмірден өз орындарын табуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған фестиваль 4 номинациядан (вокал, хореография, қолөнер, сурет салу) тұрды. Осы фестивальге ат салысып өз өнерлерін көрсеткен 25 қатысушы болды.
Фестивальға аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов, Көкпекті аудандық «Нұр Отан партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразғалиева, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Нұғыбаев, орталық мешіттің бас имамы Н.Дүйсен, наиб имамы К.Ахметқалиев, Жастар орталығының директоры А.Қалықов қатысты.

Толығырақ...

Еске сала кетсек, 23 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласына Нұр-Сұлтан деген жаңа атау беру туралы жарлыққа қол қойды.
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Астана қаласына Нұр-Сұлтан атауы берілуіне қолдау білдірген аудан тұрғындары мекеме, ұйым қызметкерлері, белсенді жастар Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйіне жиналды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиын жылдардан Елбасының батыл шешімі, салиқалы саясатының нәтижесінде бүгінгідей берекелі де мерекелі кезеңге жетіп отырмыз. Осы 30 жылдың ішінде қандай табысқа, қандай жеңіске қол жеткізсек, соның бәрінде Нұрсұлтан Назарбаевтың төккен тері мен қажыр-қайраты, қайталанбас қолтаңбасы бар. Астана – Елбасының төл туындысы, жас қала бүгінде жасампаз істердің ұйытқысына, сәулетті де, дәулетті шаһарға айналды. Қаланы Елбасының құрметіне атау туралы бастаманы салтанатты шараға қатысушылар қуанышпен қабылдады.

Толығырақ...

Дзюдо спортының пайда болу күні деп 1882 жылы болып есептеледі. 21 жастағы Дзигоро Кано Токиодағы будда храмында «Кодокан» мектебін құрған.. Дзюдо сөзі «дзю-дзюцу» сөзінен шыққан. Дзю-дзюцу» — «қарусыз күрес» - деген мағынаны білдіреді. XIX ғасырдың екінші жартысында дзю-дзюцу ұмытылып кете жаздады. Дзигоро Кано бұған жол бермеді. Әртүрлі мектептердің тәжірибесін қорытындылай отырып, ол «жұмсақ тәсіл» деп аталатын жаңа дзюдо күрес түрін жасады. Каноның айтуынша, дзюдо - «жастар үшін тек қана дене шынықтыру емес, ол жалпы білім беру, жекпе-жек, философия, күнделікті өмір өнері». 1886 жылы дзюдо мемлекеттік деңгейде танылды. 1889 жылы Еуропадағы бірінші дзюдо мектебі ашылды. 1956 жылы Токиода бірінші әлем чемпионаты өтті. Ал 1964 жылы дзюдо Олимпиада ойындарына енгізілді. Дзюдоның басты мақсаты рухани қағидаттарға сәйкес білім беру болды. Дзюдо идеологиясын әлемнің миллиондаған тұрғындары игеріп жатыр. Бүгінде дзюдо - Қазақстанда да танымал спорт түрі.
Әлемдік жарыстарды жүлдегер атанып жүрген қазақстандық дзюдошылар - Ерасыл Қажыбев, Ерлан Серікжанов, Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев, Ерлан Серікжанов, Елдос Жұмақанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев, Ерасыл Қажыбаев сияқты татамидің тарландары.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз