Көкпектіде арда өнер – айтыстың тынысы кеңейіп келеді. Айтыстың ақтаңгері Қалихан Алтынбаев салған сара жолды жас буын абыроймен жалғап отыр. Өскеменде өткен облыстық айтыстағы көкпектілік ақындардың жоғарғы өнері бұл сөзімізге айғақ. Жылды қорытындылаған «Тәуелсіздік - жыр басы» айтысында Көкпекті ауданының атынан «Жүрсіннің жүйрігі» Фархат Маратұлы мен жыр өлкесіне жаңа қадам басқан Аян Қалымбек өнер көрсетті. Шығыстың таңдаулы айтыскерлері бақ сынаған аламанда Фархат ақын жүлделі екінші орынды жеңіп алды.
Жас қанат байқауының дипломанты, Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер колледжінің түлегі Айдана Есболава былтырдан бері шығармашылық кешін өткізуді жоспарлап жүрген еді. Оның сәті 21 желтоқсанға түсіп, сол күні талантты әнші «Ертеңім үшін» атты халық алдында шығармашылық ән кешін берді.
Бұл жолғы концерті оның киелі сахнада өнер көрсетіп жүргеніне жиырма жыл, еліміздің бас қаласы – Астананың 20 жылдық мерейтойына орайластырылды.
Айдананың анасы Бақыт Шайболқызының айтуынша, Ол 5 жасынан бастап ән айтады. Айдананың өнер саласына алғашқы қадамы 1998 жылы Зырян қаласында өткен республикалық фестивальге қатысуынан басталыпты. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепті оқып жүргенде де әртүрлі ән байқауларына қатысқан. Бүгінде балалар өнер мектебі бұрынғы музыкалық мектепке барып, дәріс алған. Музыка мектебінде жас өнерпазды өнерге баулып, дауысын қойып берген музыкалық жетекшісі Зульфия Сәкенқызы Тұрлыбаева болды. Ал, әншіні бала күнінен өнерге баулыған жан нағашы апасы Әмина Рахимжанова. Нағашы апасы Әмина сол кездегі тігін фабрикасында озат тігінші болған. Әмина апа Айданаға күйтабақтардан ән тыңдататып, халық әндерін айтқызып үйреткен.
Бүгін Көкпекті жұртшылығы Еуразия құрлығының қола медаль иегері, дзюдо, самбо және қазақ күресінен спорт шебері Өскен Төлеубековты қошемет құрметпен қарсы алды. Осылайша спорт шебері Голландия жерінде өзінің алыптар мен батырлардың ұрпағы екенін тағы бір дәлелдеді.
Жерлесіміз әлемдік сыннан жүлдемен оралды. Жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Голландияның Суест қаласында өткен Гран При турнирінде Көкпектілік Өскен Төлеубеков қола медальға қол жеткізді. Айта кетсек, жас спортшының алғашқы жаттықтырушысы Рүстем Нәдірбекұлы Ықыбаев деген азамат. Спорт шебері 2-сыныптан бастап спорт үйірмелеріне қатыса бастапты.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күн! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты салтанатты жиын мен мерекелік концерт Сарыбел ауылдық округінде өткізілді.
Толығырақ...Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған қысқы ойын түрі - шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында жолдастық кездесу өтті. Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев қатысып, жас спортшыларды мерекемен құттықтап, барлық жиналған командаларға сәттілік тіледі.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.