Көкжайық орта мектебінде қыркүйектің 21 жұлдызында «Денсаулық фестивалі - 2019» спорттық іс-шарасы салтанатты түрде аталып өтті. Бұл күні аталмыш шараға мектеп болып барлық сыныптар мен ұстаздар атсалысты. Спорттық формаларды киген оқушылар мен ұстаздар үш топқа бөлініп, жаттығулар жасады. Соңынан барлық сынып бірігіп, қызықты эстафеталық ойындар ойнады.
«Денсаулық күніне» арналған іс-шаралар жоспар бойынша өтіп, мектеп оқушылары мен ұстаздары түгел атсалысты. Бұл өткен іс-шараның адам денсаулығына, көңіл-күйіне үлкен әсер етті және эстетикалық тәрбиесіне де зор ықпалы тиді. Аталмыш шараға үлес қосып, жеңімпаз болған сыныптарға, жеңіске жеткен оқушыларға мектеп ұжымы сыйлықтар мен «Мақтау қағаздарын» таратылды. Мерекелік шараны жүргізген дене шынықтыру пәнінің ұстазы Д.Орынбеков.
А. Әбекбаева, жектекші маман
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде, Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Екі жұлдыз» ән байқауының іріктеу кезеңі өткізілді. Аталмыш байқаудың мақсаты балаларды белсенді шығармашылыққа тарту. Талантты орындаушыларды анықтау болды.
Байқауға қызмет алушылармен бірге орталық мамандары қатысты. Олар 6 жұпқа бөлініп өз өнерлерін көрсетті. 1 - жұп А.Айдарғазина және А.Идришева, 2 - жұп Т.Кулекенов және Б.Искаова, 3 - жұп А.Мұхамадиева және Ж.Жанбаева, 4 - жұп М.Баймұханов және А.Төреханова, 5 - жұп Н.Искакова және А.Идришева, 6 - жұп Т.Рахматулина және Р.Көшербаева болды.
Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегі күні Көкпекті жұртшылығы Оңтүстік Корея елінде күрес түрлері бойынша өткен әлемдік додаға қатысып келген жерлесіміз, Еуразия құрлығының қола медаль иегері, дзюдо, самбо және қазақ күресінен спорт шебері Өскен Төлеубековты қошемет, құрметпен қарсы алды. Осылайша спорт шебері Корея жерінде өзінің алыптар мен батырлардың ұрпағы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жерлесіміз әлемдік сыннан жүлдемен оралды. Қазақ күресінен Оңтүстік Кореяның Чиханжу Сеул қаласында өткен дүниежүзілік жауынгерлік ойындарына қатысып, Өскен Төлеубеков күміс медальға қол жеткізді. 106 мемлекеттің спортшылары бақ сынасқан байрақты бәсекенің алғашқы күндері келген қонақтар үшін мерекелік кеш түрінде әрбір ел өз спорт түрлерін дәріптеу тапсырылды. Жарыс қыркүйек айының 3-5 аралығында өтті. «Қазақ күресі» бойынша Оңтүстік Корея елінде 30 мемлекеттің спортшылары белдесті. Бұл белдесуде Өскен 70 келі салмақ дәрежесінде үнді, швед, поляк елдерінің балуандарымен күресті. Ал финалдық бәсекеде қырғыз елінің спортшысымен белдесіп, ІІ орынды иеленді.
Толығырақ...
Жылдағы дәстүр бойынша Көкпекті ауданында Қазақстан Республикасы Конституция күні салтанатты түрде кең ауқымда аталып өтті. Биылғы жылдың ерекшелігі аталмыш мереке Көкпекті ауылында жаңадан ашылған «Ұлы дала елі» алаңының ашылу салтанатымен тұспа-тұс келді.
Қ.Алтынбаев мәдениет үйінің ауласындағы «Ұлы дала елі» алаңында абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарды айғақтайтын Ата Заң күніне арналған салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев, барлық мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, аудан ардагерлері, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Толығырақ...Өткен демалыс күндері шалғайдағы шағын ауыл Егінбұлақта шалқар той өтті. Егінбұлақтағы «Ауыл күні» мерекесінің даңқы бүкіл өңірді шарлағаны мерекеге әзірлік барысынан анық байқалатын. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, ауылдың топырағында өскен, қазір еліміздің әр түкпірінде қызмет етіп жүрген түлектердің туған жердің төсінде өтетін басқосуға өз үлестерін қосқанына жұртшылық «бәрекелді» десті.
Дәстүрлі «Ауыл күні» мерекесі биыл түбегейлі жөндеуден өткен екі бірдей әлеуметтік нысанның ашылуымен тұспа-тұс келгендіктен бағасы арта түсті. Ауыл орталығына қазақы киіз үй тігіліп, қайта жөндеуден өтіп, құлпыра бой түзеген клуб үйі жарқырап тұр. Жергілікті халықтың қуанышын ортақтаса келген аудан тұрғындарынан бөлек көршілес Жарма, Тарбағатай аудандарынан келген қонақтардың қарасы қалың.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.