15 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құлынжон ауылдық клуб үйінде аудандық патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқауға ауданның барлық ауылдық округінен өнерпаздар қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушы Казнаковка орта мектебі директорының тәрбие іс жөніндегі орынбасары Менсара Қанғашова. Ән байқауында өнерпаздар төрт топқа жіктеліп өнер көрсетті. Яғни 6-8 жас-кіші топ, 9-11жас -орта, 12-14 жас – жасөспірімдер тобы және вокалды топтар сайысқа түсті.
Толығырақ...Аудандық Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қараша айының 9 күні қайырымдылық айлығына және ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні қараша айында аталып өтіледі. Ауылшаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту дәстүрі кеңес уақытынан бері сақталған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де, сол дәстүрді сақтап, 1998 жылы қараша айының үшінші жексенбісін ауылшаруашылық қызметкерлері күні деп бекітті.
Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Көкпекті ауданының арнаулы әлеу-меттік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен тұңғыш Президент күні мерекесіне орай үстел тенисінен жарыс өтті.
Толығырақ...Өскемен қаласында өткен таэквондодан облыстық чемпионатта және Семей қаласындағы халықаралық турнирден Көкпекті ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі таэквандо бөлімінің тәрбиеленушілері үлкен жеңіспен оралып, аудан қоржынына 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальды қанжығалап қайтты.
Облыста өткен Шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорттың түрінен бірінші орын тұғырынан өз салмақ дәрежелері бойынша Анатолий Бойков көріне білді. Ал, Бекжан Жексембеков пен Ақпейіл Дәулетханқызы ІІ орынды еншілесе, Бексұлтан Маратов, Сәбит Әкімбеков ІІІ орынды қанағат тұтты.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың 18-22 қазанында Астана қаласында «Nomad MMA» жауынгерлік өнерінің қазақстандық түрі бойынша VIII халықаралық «Боец Азии» турнирі өтті. Турнирге Көкпекті ауданынан 12 жас споршы қатысып жүлделі орындарды алып келді.
Астана қаласында «Nomad MMA» спорт түрінен Азия чемпионатының жалауы желбіреді. Байрақты бәсекеде 10 елден, яғни Пәкістан, Иран, Үндістан, Бангладеш, Ресей, Ауғанстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстаннан 500-ден астам спортшы бағы мен бабын сынады. «Nomad MMA» - спорт түрі әлемнің 14 елдерінде өте жақсы дамыған. Біле білсеңіздер, аталған жекпе-жектің негізі Қазақстанда қаланыпты.
10 мемлекеттің кіл мықтылары жұдырық түйістірген додада біздің Көкпектілік оғландарымыз халықаралық турнирден олжамен оралды.
Олар Көкпекті орта мектебі мен Сарыбел ауылындағы Ново-Тимофеевка орта мектептің оқушылары.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.