Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бір нәрсе бар дүниеде мен таң қалған,

Сұрап келем білімді адамдардан.

Басқа жұрттың хандары жақсы болып,     Біздің хандар неліктен жаман болған?

Ғ.Қайырбеков

Тарих пәні мұғалімдері тәуелсіздігіміз ор-ныққаннан бері тарихта орны бар ірі тұлғаларды терең танып білуге, білгендерін шәкірттерге танытуға атсалысып келеді. Солардың бірі ретінде Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне үндемей қалғанымыз қалай болар екен деп тарихи деректерді оқи бермейтін қалың жұртшылыққа Жәңгір хан туралы біраз мағлұмат жазып отырмын.

Мұрагерлік жолмен таққа ие болған соңғы хандардың бірі - Жәңгірді шен-шекпенімен ұлықтар болсақ, Қазақ елінің Еуропа құрлығындағы әкімшілік бөлігі Бөкей Ордасының билеушісі, үлтымыздан шыққан тұңғыш генерал, Қазан университетінің ғылыми қоғамының құрметті мүшесі. Зерделі, оқымысты, бірнеше тіл білген, халқын оқу-білімге, имандылыққа, еуропалық өркениетке бастаған. Өресі мен тәрбиесі арқасында Ресей патшасымен тең сөйлесіп, ордасын әкімшілік, сот, діни  жағынан іргелендіруді білгірлікпен, саясатпен жүзеге асырды. Есімін Еуропа естіді, Петербург санасты, Қазан құрметтеді. Бірақ, мұның бірін елеместен ұлтына сатқын, еліне салқын деп кінәлау аксиомаға айналды. Хан ұлының қаһарын халық ұлының қайсар жырына жеңдіріп, ақын мен ханның майдандасуы халық санасында әлі жалғасуда. Тарих талайынан Жәңгір ханды ақтап алу қолымыздан келмесе де, өз заманында халқына жасаған жақсылығы жетіп артылады. «1815 жылы Бөкей хан қайтыс болғанда Жәңгір 14 жаста болған. Тек 8 жылдан кейін ғана І Александр патшаның императорлық грамотасымен Жәңгір Бөкейұлын қазақққа хан екенін растайтын жарлығы шығады. Заңды мұрагерлікті Жәңгірге қимай ағасы Шығай орыс үкіметіне оны ғайбаттап, өз пайдасына қол жинап, халық атынан хандыққа тағайындауды сұраған құжат жібереді. Орынбор әкімшілігі ойланып - толғанып отырғанда, 1823 жылдың 23 ақпанында губернатор Петр Эссеннің есігін айқара ашып, 20  жасар Жәңгір кіріп келеді. Жас сұлтанның ақыл-парасатына көзі жеткен губернатор Петербургке сыртқы істер министрлігіне Жәңгірді мақтап, бүкіл кіші жүзге хан көтеруді сұрайды. Сөйтіп,1823 жылы 22 маусымда Александр патшадан ресми құжат келеді.1824 жылы  26 маусымда Орал қаласының іргесінде ұлықтау салтанаты өтеді. Ақ киіз үстінде ант қабылдап, құранды сүйіп, төбесіне көтереді. Ант қағазына қол қойып, мөрін басты. Орал войскасының артиллериясы хан құрметіне он бір дүркін оқ атқанда, сап құраған әскер алдында алмас қылышын қынабынан құлаштай суыра, ақ боз атын тебінген жас хан Жәңгір Бөкеев құйғыта шапты...»

Ұлықтау салтанаты өткен қала іргесіндегі қалың ағаш «Хан тоғайы» атанды. 1823 жылы Жәңгір Мәскеуге барып І Николай императордың тәж кию салтанатына қатысты. Өзімен бірге бірнеше жақын адамдарын және зайыбы Фатима ханшаны да ала барады. Қайтар жолда Қазан қаласына соғады. Император ағзамның қазақ  ханына көрсеткен  мәртебесінен хабардар Қазан қауымы және қаланың азаматтық губернаторы барон Розен оны сапармен құттықтап, қол қусырды. Жәңгір осы жолы Қазан университетінде болып ректор Карл Фукспен кездеседі. Бұл өзі ұзақ әңгіме. 20 жасында керемет беделге ие болған Жәңгірдің басты қасиеті – оның жақсыны, жаңаны тани білгендігі, пайдалыны қабылдауға ашықтығы, онымен қоймай, өзі білгенді қол астындағы халыққа үйретуге тырысуы еді.

Жәңгір сарай салдырып, Жасқұс құмының етегіне мықтап табан тіреген соң, жанына жылқының шобыры, жігіттің тобырын жинамаған. Қайта бір бойына  жеті өнерді дарытқан әнші, күйші, ақын, палуан, сері, аңшы, атбегілерді үйір ғып бой жазған. Жәңгірдің негізгі көздеген мақсаты бұл емес еді. Ол қолында билік барда діттеген ойына жетіп қалғысы келді. Онысы - мешіт салу, ауру-сырқауға шипа қолданатын дәрігер ұстау, жәрмеңке ұйымдастыру, мектеп ашу болатын.

Жәңгір: «Ордада алдымен мұсылман мешітін салдырайын, шіркеуді ретіне қарай көре жатармыз», - деп төрт бірдей казачествоның қоршауында тұрса да, осылай батылдық танытқан.

«Ай белгі, ақ мешіт,

Алпыс бөлме, жүз есік»,- деп ақын Шәңгерей Бөкеев жырлаған бұл мешіт 1835 жылы тұрғызылады. Осы жылдары Жәңгір Ордада дәрігер ұстап, халық арасында дүркін-дүркін етек алып отырған қатерлі дертке қарсы емдік шаралар жасатқан. Дәрігер Александр Андреевич Сергачев Қазан университетінің медицина факультетін бітірген. Оны хан Қазанға барған сапарында өзімен бірге ала келген, сонымен қатар Астрахань губернаторына беделін салып жүріп, 1838 жылы Ордада дәріхана аштырды. Бұл Жәңгір ханның қайырлы істерінің бірі еді.

Хан жылына бірер мәрте қала жағалап, сарысіңір боп жүретін қарамағындағы елдің қамын жеп, Орынбор губернаторына қайта-қайта өтініш жасап,1832 жылы Ордада жәрмеңке ұйымдастыруға рұқсат алды. Жәрмеңке уақыты көктемде маусымның  7-25, қырқүйектің 14-25 аралығында өткізілетін боп белгіленді. Қазынадан  56161 сом ақша жұмсалып, 316 ләпкенің басын біріктірген 12 үлкен корпус салынған. Осы жәрмеңкенің арқасында хан Ордасы тоғыз жолдың түйіскен торабына айналды. Жәрмеңкеге астық, әшекей бұйымдары, төрт түлік мал, аң терісі, қой жүні тағы басқа бұйымдар әкелінген. Жәрмеңке тарайтын тұста ат бәйгесі, қазақша күрес ұйымдастырылған. Әнші-бишілер өнерін ортаға салған. Құрманғазы, Дәулеткерей кеп күй тартып, жыраулар «Қырымның қырық батырын» бәс тігіп айтысып, нағыз думанды қыздырған. Жағалай самсатып тігіп тастаған киіз үйлерде саба мен піспектің айтысы да түнімен едәуір жерге естіліп жатқан. Бұл жәрмеңке бір ғасырға тарта өмір сүріп тек1929 жылы Кеңестік дәуірде ғана тоқтаған. Жәңгірдің орда қазақтарына жасаған ізгілігі мектеп ұйымдастыру еді. 1841жылы 6 желтоқсанда алғашқы оқушы қабылдаған. Онда діни дәрістер мен қатар орыс тілі, арифметика, жағрафия, тарих, физика пәндері өткен. Мектептің меңгерушісі Константин Петрович Ольдекен тағайындалған. Мектепке арнайы үй салдырып, оқулықтар алдырып, қамқорлығын аямаған. Хан оқу сапасын, тәртіп пен тәрбиені үнемі бақылап, жөн сілтеп отырған. Ольдекен де жұмысын аса ұқыпты, ждаһаттылықпен атқарған. Осы мектептің тұңғыш есігін ашқан шәкірттердің бірі - Мұхамет Салық Бабажанов. 1861 жылы Санк-Петербургтен шыққан «Қырғыздың қырғыз туралы жазбалары» деген кітапшасында: «Ханның ықпалыма және жанашырлығымен Ордадағылар білімнің қажеттілін сезіне бастады. Шәкірттер мен мұғалімдерді ынталандыру үшін марқұм хан ақшасын да , өзінің ынтасы мен ұмтылысын да аямады... «Бір күні хан бізді шақырды. Ол бізді жылы қабылдап, тілегімізді сұрады. Біз бірімізден соң біріміз кадет корпусына баруға келісіміміз бен әзірлігімізді білдірдік. Риза болған хан бізге уыстап, ұсақ күміс теңге үлестіріп шығарып салды» деп жазады. 1841-1845 жылы Неплюев кадет корпусын Бөкей ордасынан 8 шәкірт оқып, тәмәмдаған деген айғақ Орынбор шекара коммиссиясының архивінде сақталыпты. Бұлақ көріп көзін ашқан Жәңгір еңбегі еш кетпеді. Шәкірттердің басым көпшілігі Орынбор, Омбы, Петербург, Москва, Қазан, Уфа, Саратов қалаларындағы жоғарғы лауазымдарды атқарған. Ордада Россияда тұңғыш фармация институтының негізін қалаған ғұлама Тарту университетінің профессоры Гебель, атақты ботаник Карл Клаус, химик -ғалым Александр Берман болған. Хан оларға өлкедегі дәрігерлік шөптер туралы зор мағлұмат берген. Атақты ғалым Ковалевский, Пушкинді Орал өңірімен таныстырған В.И.Дальмен, шығыстанушы Григорьевпен сырлас болған. 1832 жылы Ресейдің Саратов  қаласынан емен, қарағай,қайың көшеттерін Нарынға жеткізіп, отырғызғанын деректер айғақтайды. Орманды қорғау үшін кондуктор белгілейді.Ордаға мал кіргізілмеген. Жәңгір хан - даланың ұлы, еркін, ержүрек көшпенділердің ұрпағы, Пушкиннің замандасы. Ордадағы хан ордасы сол кездегі жабайы даладағы оазис іспетті. Ханның алдына қойған мақсаттары орындала бастады. Қала тәрбиесін көрген Жәңгір үй салуды үйретуді, сауданы орнықтыруды және ветеринарлық көмек көрсетуді жүзеге асырды. Ордада орталықтандырылған әкімшілік басқарудың барлық атрибуттары туа    бастады. Хан Ордада кітапхана ұстаған, орыстың, шетелдік классиктердің түбін алтынмен аптап, күміспен  күптелген кітаптарын жинаған. Биллиярд, шахмат тақтасын қойғызған. Мектепте білім алуға байдың немесе кедейдің баласы деп шек қоймаған. Жәңгір ханның балалары туралы да мәліметтер көп, олардың білім алуына ерекше көңіл бөлген. 1845 жылға дейін Ордада хандық биліктің сақталуы да Жәңгір ханның еңбегінің нәтижесі деп әбден айтуға болады. Жәңгір хан бойында қаталдық пен қайраттылық, өктемдік пен ерлік, мансапқорлық пен дегдарлық қат-қабат ұштасып жатқан, әрқайсысы орайына қарай көрініс тапқан. Тіпті, қателігі бір басына жетерлік болған. Біз қатыгез хан деп танитын тұлға осындай кептерді бастан кешті.

Не десек те, жаттың қолын жағасында ойнатып жүріп, ұлан-ғайыр жерді бізге аманаттап кеткен бабалардың пейіште нұры шалқысын деуден басқа сөз жоқ.

 М.Садықова, тарих пәнінің мұғалімі,

М.Әуезов атындағы орта мектеп

 

Ауданымыздағы мәдениет саласының бүгінгі тыныс - тіршілігімен танысу мақсатында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әлібек Түсіппекұлы Саржановпен кездесіп, бірнеше сауалдар төңірегінде сұхбат жүргізген едік.

-Әңгімемізді, бастамас бұрын сізді жаңа жылыңызбен құттықтағым келеді. Енді былтырғы жылқы жылында жүргізген іс-шаралардың қорытындысына тоқталып өтсеңіз.

-Рахмет,сізге. Жалпы алғанда біздің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аудан әкімшілігінің бізге қойған тапсырмаларын толығымен орындадық деп анық айта аламын, себебі ауданымызда ұзын саны 1900 іс-шаралар өтті. Сонымен қатар, ауданымыздың шығармашылық ұжымдары, жұмыскерлері  мерекелік іс-шараларға белсене қатысты. Атап айтсақ, 2014жылдың 7-10 сәуір аралығында Барнаул қаласында ұйымдастырылған, «ШҚО мәдениет күндері» төңірегіндегі іс-шараға ауданымыздың Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртістері өнерлерін көрсетті. Ал, ақ  жаулықты әжелерімізден құрылған «Інжу-маржан» ансамблі, «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған облыстық байқауға қатысты. «Абай атындағы музыка драма театрының 80 жылдық» мерейтойына арналған «Халық театрлары фестиваліне», ауданның мәдениет үйінің драмалық тобы қатысты. Сонымен бірге, мәдениет саласында материалдық-техникалық жағынан жағымды жаңалықтарда бар, көптеген мәдениет үйлеріне күрделі және жүйелі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Подгорное ауылындағы мәдениет үйінің жөндеу жұмысына жұмсалған қаражат -11664,0 мың теңге. Қазіргі таңда ауданымыздың мәдениет үйлерінің жанынан құрылған 17 шығармашылық ұжымдар бар, оның 3-інің халықтық ұжым деген атақтары бар. Олар «Толағай» тобы, «Асыл мұра» этнографиялық клубы, «Іңкәрім-ай» триосы. Осындай атақты алу үшін, «Інжу-маржан», «Асыл қазына»,         «Шолпан»бишілер ұжымы аянбай еңбек етуде.

-Өте жақсы, Әлібек Түсіппекұлы! Өткен жылда талай жетістіктерге жетіпсіздер, бұл әрине біздің ауданымыздың мәдениетінің дамуы, өсуі екені рас. Енді биылғы қой жылында аудан халқына, мәдениет саласының қандай жағымды жоспарлары бар екені жайлы айта кетсеңіз.

- Енді, өздеріңізге белгілі алда келе жатқан қасиетті мерекеміз жеңіс күні екені барлығымызға аян. Осы 2015-жыл мерейтой негізінде Жеңістің 70-жылдығы төңірегінде, әр түрлі мерекелік іс-шаралардың жоспарлары жасалуда. Шығармашылық топтар әндерін жаңартуда. Жыл сайын дәстүрге айналған ауылдық округтер, аудандық ұжымдар арасында жүргізетін көркемөнерпаздар байқауы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқының ассамблеясына 20 жыл, Ата заңның 20 жылдығына арналған мерейтойлар төңірегінде болады. Сонымен қатар, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің материалдық және техникалық базасын толықтырып, жұмысына білікті мамандарды тартуды жоспарлап отырмыз.

- Бәрімізге белгілі, игі істерді атқаруда қолдың қысқалығынан көмек керек болып жатады. Осыған орай, әттеген-ай дейтін кездеріңіз болды ма?

-Ондай мәселелерге менің айтарым, шалғай жатқан, шағын  ауылдардағы мәдениет ошақтарының материалдық жағдайлары ойландырып, әттеген - айға әкеп соқтырады. Бірақ, «Қалауын тапса қар жанады» деген мақал бар ғой. Алда осы мәселені аудан әкімшілігі, мәдениет саласы бірігіп шешеміз деген ойдамын.

- Ойларыңыздың орындалуына тілектеспін. Алтын уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға көп рахмет. Сізге, сіздің мәдениет  саласындағы ұжымға жаңа жылдық табыс тілеймін.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Мәулетқан Әбілмәжінұлы Самар ауылында тұрады. Жасы сексеннен асқан тыл ардагері әкесін соғысқа өзі шығарып салыпты. «Менің жасым сол кезде тоғызда еді. 1942 жылдың қыркүйек айында Баты ауылындағы айлаққа Зайсан жақтан «Роза Люксембург» атты пароход  келіп тоқтады. Онда соғысқа аттанып бара жатқан азаматтар  көп болды. Әкем де соған отырды, содан кейін мен әкемді көрмедім»,-дейді М.Өміров.

 Алғашқы кезде хат келіп тұрған. Отан қорғаушы жауынгер жерлесіміз Курск  майданында жүргенін жазып, отбасының амандығын біліп тұрды. Артта қалған жары Нұржамал мен алты баласы оның тілеуін тіледі. 1943 жылы ең соңғы рет жараланып, Вязьма қаласындағы госпитальда тоғыз ай жатып шықтым, енді қайта майданға кіремін деген хатын алғанда, олар отағасының бар екенін естіп қуанған еді. «Осы жылы үлкен ағайым Шәкерді майданға шығарып салдық. Ал әкемнен сол күйі хабар болмады»,-дейді Мәутен ата.-Кейін әскери комиссариаттан берілген «қара қағаз» көшірмесінде «1942 жылдың қыркүйегінде хабарсыз кетті» деп жазылыпты, ол қате».

Жарты әлемге зардабы тиген соғыстан Шәкер 9 жылдан кейін Маньчжурия  жерінен оралды. Алты баланы жеткізген Нұржамал Сережанқызы 96 жыл жасап, өмірден озды. Ұлдары Қабдікәрім ЖҚБ-да есепші, Әбдікәрім продснабта қызмет етті. Мәутен атаның апайы Алтын, қарындасы Күләш бүгінде көздері тірі, ал ағаларының ұрпақтарымен араласып тұрады.

М.Өміров 1952 жылдан 1993 жылға дейін Самар автокөлік мекемесінде жүргізуші болды. Еңбек Қызыл ту орденінің кавалері атақты Шығыс сақинасы жолын салуға қатысты. Жастайынан  еңбек етіп, соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіруге бар жастық ғұмырын арнаған ақсақал - тыл ардагері. «ҚазКСРО үздік жүргізушісі, «Еңбек озаты» атақтары бар Мәулетқан ата тың игеріп, Қазақстанның астықты аймақтарын түгел шарладым дейді.

 Бүгінде сыйлы ақсақал жастарға ақыл-кеңесін аямайды. Ол ауылдың тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелерді шешуге де араласып, ауылдық округ әкімшілігіне ұсыныстарын айтып жүреді. «Жыл сайын Жеңіс  мерекесі қарсаңында мен өзім қазіргі күні немере, шөбере сүйіп отырған қария болсам да,  әкемнің  қайда жерленгенін біле алмағанымды ойлаймын. Ұрпақтар біздің көргенімізді көрмесін, соғыс болмасын, өйткені біздің ата-бабаларымыз сол бейбіт күнді орнату үшін жандарын пида етті. Бір жерде белгісіз жауынгердің немесе бауырластар зиратының бірінде менің әкем жерленген шығар. Қалай болғанда да ол ұрпағы үшін қан төгіп, шейіт болды. Қолымда жалғыз суреті қалғанына тәубе деймін. Ұрпағың сені ұмытқан жоқ, әке!»,-дейді Мәулетқан Әбілмәжінұлы.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

ІлиясЖансүгіроватындағы орта мектепте16қаңтаркүні «Асулардыаладыжастарәлі, зорболашақбүгінненбасталады» аттыстуденттерарасындакешболды. Бұлкешке 9-11-сынып оқушылары, ұстаздар, студенттерқатысты. Кештіңмақсатыоқушыларғакәсібибағдар беру, мамандықтытаңдайбілу, оныңадамөміріндегіалатынорны, маңызытуралытүсініктерінқалыптастыруболды. Кеш салтанаттытүрдеашылып, әрсаладаоқитынстуденттертаныстырылды. Кеш барысында  «Көрерменкөкейіндегі ой» аттыбөліміндеоқушыларстуденттергеөздерінтолғандырыпжүргенсұрақтарынқойып, жауапалса «Маманболам, мен ертең» бөліміндестуденттерөздерініңқандайоқуорнындаоқитындықтары, қайжерлердеондайоқуорындары бар екендіктеріне, қандаймамандықиелеріндайындайтыныжайлымәліметберіпөтті. Өздерініңалатынмамандықтарыжайлыанықтамабереотырып, олмамандықтыңмаңыздылығына, бүгінгікүндеқаншалықтысұранысқаиеекендігіне баса назараударды. Соныменқатар, «Жарқынболашақ» бөліміндестуденттермамандықтаңдауүшінқандайқасиеттеркерек, өзмамандығыныңиесі болу елімізүшінқандайнәтижеберетінінежәнедұрыстаңдалмағанмамандықтыңнемесемамандықтаңдаудакездесетінқателіктердіңкелешектеқандайәсеріболатынынашыпкөрсетебілді. Кешіміздіңсоңындастуденттер мен оқушыларбірігіпмектептүлегініңмоделінжасады. Кеш өтетартымды да, қызықтыөтті. Өзойымдықортындылайкеле, бұлкештіңболашаққаендіқадамбасатынмектептүлектерінекөмегітиетінекәмілсенемін.Өзімніңкештіөткізудегімақсатымда осы болатын.

Сөзсоңындаайтарым, құрметтіоқушылар! Ел сенімінеиеболатынқұрметтімамандықиесіболамындесеңіздер, өздеріңізгеайтылғанақыл-кеңестердіжадыңыздаұстап, ілім-білімалуғабарлықкүш – жігерлеріңіздіжұмсап, егемендіеліміздіңертеңіналғажетелейтінболашақмаманиелеріболыпшығуларыңызғатілектеспіндегімкеледі.

Ш.Байжақыпова, мектеппсихологы

Көкпекті аудандық Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде 26 желтоқсан күні Жаңа 2015 жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Рамиль Нығметжанұлының қатысуымен аудандағы оқу озаттарына, дарынды балаларға, жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған жаңа  жылдық шырша мерекесі болып өтті.

Жаңа жылдық шырша қойылып, заман талабына сай безендірілген дәлізде жиналған балалардың көңілдері көтеріңкі, шат-шадыман. Шыршатой аудан басшысының құттықтау сөзінен бастау алды. Рамиль Нығметжанұлы ізгі ниетпен бүлдіршіндерге зор денсаулық, жаңа жылда жаңа табыс, оқуда алда болуларын тілеп, сыйлықтар табыс етті.

Балалар шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен қарша қызға арнап өнерлерін көрсетті. Жаңа жылдық қойылымды сүйікті ертегі кейіпкерлері — мысық, аю, қасқыр, қоян, жолбарыс, қазақтың батырлары, жалмауыз кемпір қызықты өткізуге ат салысты.

Гүлнар Назымбекқызы Әділжанова, Пантелеймоновка негізгі мектебінің мұғалімі:

- Аудан тұрғындарын жаңа жылдарымен құттықтаймын. Бүгін дарынды оқушыларды Пантелеймоновка ауылынан Гүлім мен Диасты мерекелік киімдерімен шыршатойға алып келдім. Гүлім ханшайым киімін кисе, Диас сұлтан, падишах болып киінді. Дарынды балаларға жағдай жасап, олардың білімге деген құштарлығын арттырып, халыққа және болашақ ұрпаққа көңіл бөліп отырған Елбасына алғысым шексіз. Жаңа жыл құт береке әкеліп, әрбір отбасында қуаныш болсын!

Құралай Дәлелханқызы Қайсанова, әлеуметтік педагог, Үлкенбөкен орта мектебі:

- Бүгінгі шыршатойға Үлкенбөкен ауылынан Аманкелі, Аружан, Сергей есімді үш дарынды оқушыны алып келдім. Балалардың мерекелік көңіл күйлері тамаша. Жаңа жылға арналған костюмдері де өздеріне жарасып-ақ тұр. Бүгінгідей жаңажылдық мерекенің өтуіне ат салысқан азаматтарға алғысым шексіз. Келе жатқан қой жылында тек жақсылықтар болсын. Елдің тыныштығын сақтап, өскелең ұрпақтың алаңсыз өсуіне барлық жағынан жағдай жасап отырған Елбасына алғысым шексіз. Қой жылы еліміз мол табыстарға кенелсін.

Жанерке Абылхан

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз