Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті шешуге мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Ол өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар денесінің, ақыл-ойының, сана-сезімінің дамуына, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан туады. Өйткені, елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет.
Қазан айында Самар ауылдық округінің «Дәншік» балабақшасы ҚММ шенберінде «Әртүрлі іс-әрекетте денсаулықты сақтау технологиясын қолдану» атты аудандық семинар өткізілді. Бұл тиімді шараға білім беру бөлімінің мамандары, ауылдық жердегі балабақша тәрбиешілері, әдіскерлер қатысты.
«Өзін-өзі тану» пәні кабинетінде семинарға қатысушылар алғашқы қадамдарын «Денсаулық сақтау технологиясы» атты көрмені тамашалаудан бастады. Тәрбиеші Айтжамал Рақышева көрменің заттарымен таныстырып өтті. Барлық жиналған материалдар ата-аналар мен тәрбиешілердің көмегімен жинастырылған. Мұнда табиғи тастар, тұқымдар, жапырақтар, ағаш қабықтары,тұрмыстық түрлі ыдыстар, ағаш және темір қалдықтар, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, түймелер, қарындаштар, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, моншақтар, тағы да басқа керекті заттар, май табанға қарсы, қол мен аяққа нүктелік массаж жасауға даярланған заттар қойылыпты.
Балалардың қабілеті мен өнерлерін дамыту жолында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, аянбай еңбек етіп жүрген балабақшаның меңгерушісі Гүлнәр Қасымжомартқызы Шаймарданова семинарға қатысушыларға құттықтау сөзін жолдады. Басқарып отырған ұжымның тыныс-тіршілігімен таныстырды. Аудан көлемінде Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, қазіргі кезең талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту бағытындағы жүзеге асып жатқан «Балапан» бағдарламасы шеңберіндегі ізгілікті істер орындалып жатқанын хабардар етті.
Алдымызда тұрған ең басты мәселе тәрбиеленушілеріміздің денсаулығын нығайту және салауатты өмір салты әдетін қалыптастыру, - деді Гүлнәр Қасымжомартқызы.
Ұсынған бағдарлама өте тартымды, көркем және қызығушылыққа толы болды. «Күзгі орманға саяхат» атты сабақ жүргізген тәлімгер Марина Кузьмина, бүлдіршіндердің коммуникативтік және тану қабілеттерін көрсетті. Балалар толық және оңды жауаптарды тауып берді. Күз мезгілінің өзіне тән сұлулығын көркем сөздермен жеткізе білді.
Математикадан өткен ашық сабақта ересектер тобы ерекше көзге түсті. Берілген тапсырмалары мол молды. Тәрбиеші Айнұр Давлетханқызы балаларға жаттығуларды өзінің жылы жүзімен, жұмсақ тілімен жеткізе білді. Әр бала тапсырмаларға дұрыс жауап беріп, геометриялық пішіндерді меңгергендерін көрсетті және оларды тиянақтай тізбелеп айтып отырды. Олар өздерін сабақта дұрыс ұстауды біледі. Сонымен қатар, балалар сергіту сәтінде интерактивтік тақтаға қарай отыра, гимнастика жасап, денелерін тынықтырып алды.
Айналамен таныстыру, жылжыйтын заттар, көліктер қызықты сабаққа айналды. Бөбектер әрбір көрсеткен көліктің мағынасын суреттеп берді, ұғымтал оқушылар екенін дәлелдеді. Тәлімгер А.Подскребконың тәрбиешілері өздерінің нақты табиғаттың білімгері екенін мақтаң етті. Бір бірінен қалыспай, табиғатқа серуенге шыққан кезде қандай ереже сақтау керек, орманның жануарлары туралы әңгіме айтып берді.
Орта тобының «Мақта қыздың тапсырмасы» атты сахналық көрініс қонақтардың көңілінен асып түсті. Әсіресе, кішкентай бүлдіршіндер тәп-тәтті Ульяна Самусенко, Кирилл Гордеев бал тілімен қазақша сайрап, көңілімізді бір көтеріп, сергітіп жіберді. Осы сүйкімді бөбектердің ата аналарына қазақ тілін үйреткен үшін мың да бір рахметімді айтқым келді. Өйткені, ересектер балаларының болашағын ойлаған деген сөз.
Барлық сабақтарда бір ғажайып қонақ қатысып, өз ыстық лебізін балаларға жеткізіп, сыйлықтарын таратты.
Мекеменің әдіскері Қ Дүсіпова семинар қатысушыларға «Әртүрлі іс әрекетте денсаулықты сақтау технологиясын қолдану» атты презентациясын паш етті.
Денсаулықты сақтау технологиясы - бұл денсаулықты жүйелі сақтаушы және түзетуші, сауықтырушы шара. Бала мен педагог, ата-ана мен бала, дәрігер мен бала байланысы арқылы жүзеге асады. Оның негізгі міндеті – баланы өзін-өзі басқаруға дайындау. Қажетті білім, білік, дағдыларын,белгілі бір әдеттерді бала бойына сіңіру, балалардың денсаулығын сақтау қажеттілігін қамтамасыз ету, салауатты өмір салтына байланысты бала бойында білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, алған білімді күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
Динамикалық үзілістербалалардың шаршауына байланысты сабақ кезінде (2-5 минут) өткізіледі. Олар: көзге арналған жаттығулардың элементтері, сабақ түрлеріне байланысты тыныс алу,саусақ жаттығулары, релаксация, қозғалмалы және спорттық ойындар, саусақ гимнастикасы, т.б.
Кездесу барысында «Су Джок» практикумді тәрбиеші Рашиля Капашева ұсынды. Сеул халық университетінің профессоры Пак Чже Ву өзінің 30 жылдық шығыс медицинасын зерттеу жұмысы барысындағы жаңалығы ретінде, адамдардың өзін-өзі түрлі кеселдерден емдей алатындай ерекше әдістемелерін паш етті. Ол әдістеме «су джок» (корей тілінен аударғанда «су» — алақан, «джок» — табан) деп аталды. Бұл әдістеме арқылы ағзаның кез келген бөлігіндегі кеселді дәрігерсіз-ақ емдеп алуға болады. Адамның денесі шартты бес бөліктен тұрады: бас, екі қол және екі аяқ. Алақандағы бес саусақ пен аяқтағы бесеуі — денеміздің бес мүшесіне сәйкестендірілген. Бас бармақ - бас, шынашақ пен сұқ саусақ — қолдарымыз, ортаңғы мен аты жоқ саусақ - аяқ. Алақанның білекке кетер жері кеуде клеткаларымыз да одан арғысы іш құрылысымыз. Алақанның сырт жағы — арқа болса орта сызығы — омыртқа. .Су Джок әдістемесінде маңыздысы басбармақ болып саналады. Басбармақтың іш жағы «бет» болса сырт жағы «шүйде». Енді табанға келсек ол жердегі сәйкестік жүйесі қолдыкімен бірдей.
Кездесу аяқталу кезеңінде семинарға қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, балабақшаның ұжымы сүп сүйкімді бүлдіршіндермен бірлесе жиналған қауымға арнап би билеп, ән шырқады. Психолог К.Кәрібаева жиналған қатысушылармен тренинг жүргізді. Соңынан барлықтары ыстық тілектерін гүл жапырақшасына жазып, ол жапырақшалар жарқыраған күн сәулесіндей болып, тақтаға іліп қойылды.
Білім беру әдіскері Г.Назарханова, сондай-ақ, семинарға қатысушылар өз сөздерінде, ауылдық жердегі балабақшаның жұмысын дамыту бағытымен іс-тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарды жоғары жәрежеде өткізген балабақша ұжымы ризашылықтарын білдірді. Гүлжан Асқарқызының айтуынша, қазіргі таңда аудан көлемінде 8 балабақша жас ұрпақтың тәрбиесімен шұғылданып отыр. Соның ішінде жақында ғана бүлдіршіндерге есігін айқара ашып, жұртты қуанышқа кенелткен Преображенка мен Теректі ауылының жаңадан есігін айқара ашқан балабақшаның өкілдері де бұл шараға қатысты. Семинар барысында ауылдық жердегі балабақшаларда «Балапан» бағдарламасының жүзеге асуына өздерінің білімі мен кәсіби шеберлігін бүгінгі кезеңнің инновациялық-технологиялар негізіндегі жаңашылдығымен ұштастырып, ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүрген «Дәншік» балабақша меңгерушісі Гүлнәр Қасымжомартқызы Шаймардановаға, еңбекшіл ұжымның білімді тәрбиешілері мен әдскерлерге, семинардың ұйымшылдықпен, талап деңгейінде өтуіне барлық мүмкіндіктердің жасалғандығын айта келіп, зор денсаулық, творчестволық табыс, ізденіс тіледі.
Қазіргі таңда бала тәрбиесінде басым бағытқа ие – балабақша. Ойынмен уақыт өткізетін мекені, күндізгі ұйықтайтын жері, таңғы, түскі, тіпті кешкі тамақтанатын орны да балабақша. Яғни, балабақша бүлдіршіндер үшін екінші үйі, мыңдаған «балапандарды» ұшырып шығаратын «алтын ұя». Бір сөзбен айтқанда болашаққа баспалдақ - балабақшадан.
Қанат АПСАДЫҚОВА
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,-деген өлең жолдары ұстаз алдын көрген әр адамның санасында өшпестей жазылып қалады. Күз айының осы бір күндері қарсаңында білім берген ұстаздарды кәсіби мерекесімен қалай құттықтасам екен деп ойланасың, өзіңнің ұстаз алдындағы кейбір қылықтарың есіңе түседі. Мен әрине, жылдағыдай өзіме білім берген мұғалімдерімді құттықтауды ұмытпаймын. Бірақ, биыл айрықша бір ой келді. Мен төрт баланың әкесімін. Бар балам бір мектепте білім алды, алды жоғарғы оқу орнын аяқтап, еңбекке де араласты. Меніңше, осының барлығы тәрбиеге байланысты. Үйде берген тәрбие мен мектептегі ұстазының тәрбиесі ұштасып жатса, бала мұғалімінің де, ата-анасының да сенімін ақтайды.
«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы»,-дейді. Менің балаларым білім алған Самар ауылындағы Жұбандық Болғанбаев атындағы орта мектептің ұстаздары туралы осылай деуге болады. Үлкенім Динат, ондан бір сынып қана төмен оқыған Данияр, одан кейінгі ұлым Дидар, кенжем әрі үшеуінің ортасындағы жалғыз қызым Әсел осы мектепті аяқтаы. Динат – заңгер, Данияр – дәрігер, Дидар – инженер, ал Әсел колледжді аяқтап, металлургия саласы бойынша білімін жалғастыруда. Қазіргі күні оларға білім берген ұстаздарының көбі зейнеткер. Олардың әрқайсысының атын атап бөле-жару керек емес деп ойлаймын. Бүгінгі жастар олардан үйренсін, үлгі алсын. Ертеңгі күні оларға да шәкірттері мен олардың ата-аналары алғыс айтатын болады.
Оқушының қоғамдық жұмысқа белсене араласуы, сабағына үлгеруі ұстазға байланысты. Олардың бойындағы туған ата-анасы байқай бермеуі мүмкін, ал ұстаздар қалт кетпейді. Менің балаларыма сондай ұстаздар кезіккеніне мен шүкіршілік етемін. Үш ұлым да, қызым да спортпен айналысты, олар разрядты спортшылар болғандықтан білім алған жоғарғы оқу орындарында үнемі жарыстарға қатысып, жүлдегер атанып жүрді. Ұлдар күреспен айналысса, Әсел волейбол ойнады. Ж.Болғанбаев атындағы мектептің қыздар командасы республикаға әйгілі, олар сол дәрежеден әлі түскен жоқ.
Кәсіби мерекелері қарсаңында аталмыш мектептің байырғы ұстаздарын, қазіргі ұжымды шын жүректен құттықтаймын. Қашанда зерек шәкірттер, зор денсаулық тілеймін. «Ұстаз – шәкіртімен мың жасайды»-дейді, сіздер де мың жасаңыздар!
Н.Мусин, Самар ауылы
Елбасының бастамасымен қолға алынған « мектепке жол» акциясы оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз етудің үлгілі үрдісі.
Жаңа оқу жылы қарсаңында оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында Республика көлемінде жүріп жатқан бұл бастама біздің Үлкенбөкен ауылында жалғасын табуда.
Үлкенбөкен мектеп директорының айтуынша өткен әкімшілік апаратында «Мектепке жол» акциясына баса назар аударылған еді.
Бұл акция бойынша ауылымыздың бетке ұстар азаматтарының бірі жеке кәсіпкер Кенжетай Хощанов осы аз қамтылған отбасына қол ұшын беруде.
Мектеп ұжымы да бұл акцияға бір кісідей атсалысуда.
Баланың қуанышынан артық не бар дейсіз? Демеуші аға, әпкелерінен сый- сыяпат алған балалардың қуанышында шек болмады. «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамайтын, қолынан келгенше балаларға қамқорлық көрсетуге жұмыла кірісетін азаматтардың арамыздан көптен табылуы үлкен қуаныш. Осындай қайырымдылық шараларының басы -қасында жүретін ауылдастарымызға мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.
Міне, жаңа оқу жылы да басталды. Әдеттегідей тамыз, қыркүйек айлары «Мектепке жол» акциясына арналады. Бұл шарадан Көкжота орта мектебі де тыс қалған жоқ.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей, біздің мектеп ұжымы қайырымдылық акциясына бар ынталарымен атсалысты. Сондай-ақ, демеушілер тарапынан көп балалы және аз қамтылған отбасындағы оқушыларға қажетті киімдер мен оқу құралдары табысталды. Биылғы оқу жылында мектеп оқушылары бірыңғай мектеп формасына көшті. Осы мектеп формасын алып беруге қатысқан Аққала ауылының тұрғыны Қантаева Сәуле Чайкеланқызының жомарттығын айтуға тұрарлық. Сәуле Чайкеланқызы өз тарапынан аз қамтылған және тарихи Отанына қайтып оралған қандастарымыздың балаларына арнап, 4оқушыға мектеп формасын ұсынды. Осындай игі істердің ұйытқысы бола білетін демеушілерімізге алғысымыз шексіз!
Дауыл Мақпал, Көкжота орта мектебінің аға тәлімгері
Жаңа оқу жылы қарсаңында ауданның білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі педагогикалық кеңесі өтеді. Тамыз кеңесінде Көкпекті ауданының Білім беру бөлімі басшысы Ш.Мұстафина «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттік қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» атты тақырыпта баяндама жасайды. Көпшілік оқырманға баяндама тезистерін ұсынамыз. Баяндамада 2013-2014 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы жылдарда атқарылатын жұмыстың мақсаттары мен міндеттері айтылды.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.