Ағымдағы жылдың 20 маусымында, ауда-нымыздағы мектеп бі-тірушілер үшін толғанысқа толы түлектер балы өтті. Осы күн әр түлектің санасында ең бір ыстық сезіммен қалатыны сөзсіз. Бұл күн бақытты балалық шағының соңғы жаңғыры іспеттес. Осы әсерлі шақ енді қайталанбайтыны бел-гілі. Сол себепті, балалық өмірмен ерекше қоштасу керек.
Бұл күні Самар мектеп-терінің түлектері, ата-аналар, ұстаздар орталық мәдениет үйінің алаңына аттестатты беру рәсіміне жиналды.
Біздің еліміздегі Қазақ хандығына – 550 жыл, Ұлы Жеңіске – 70 жыл, Қазақстан халықының ассамблеясының 20 жылдығы сынды мерейтойлар қарсаңында Самар ауылында 37 түлекке мектеп бітіру аттестаттары тапсырылды. Олардың біреуі «Алтын белгіге», екеуі үздік аттестатқа ие болды.
Салтанатты кернейдің дауысы мен көрермендердің қошеметі балдың қызыл кілем жолындағы «Алтын белгі» иегері, аудандық интеллектуалды марафон жеңімпазы Балым Сейітханға арналды. Оқудағы озат үлгерімі, мектепішілік, аудандың байқауларға және мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Балым «Қазақстан үміті» кітабына енгізілген. Ал «Үздік аттестат» иегерлері Меруерт Мұқанова, Әнел Хайрулина, 100 ұпайдан жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Файзулдинова, Санат Сарқытов, Бекзада Базарханова, Кәмила Жайлаубаева мектептерінің мақтанышы.
Олардың соңында мектепішілік пән олимпиадаларының жеңімпаз түлектері, қоғамдық шараларға белсене қатысып, аттары мектеп қабырғасында қалатын спортшылар болды. Содан кейін, аттестатты тапсыру салтанаты басталды. Аудан әкімі Р.Н.Сағандықов мектеп түлектеріне жылы лебізін білдірді.
- Ата-аналарың, ұстаздарың сендерге үлкен үмітпен қарап тұр, әр ұстаздың жүректерінен мақтаныш сезімінің сазын естуге болады. Сіздерге зор денсаулық, ересек өмірге шарықтауларыңа сәттілік тілеймін, - деді Р.Нығметжанұлы.
Мерекелік құттықтауды Самар ауылдық округінің әкімі С.Дюсупов жалғастырды. Ол түлектерге шын жүректен армандарына жетіп, өздері қалаған мамандық иесі болуларына тілектестік білдірді.
Бүгінгі салтанатты кеш барлығы үшін маңызды. Біріншіден, ата-аналарға, себебі, олар жылдар бойы балаларын жеңіске жетеледі. Екіншіден, шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан ұстаздар үшін де ең ерекше күн.
Жүрекжарды тілектерін мектеп директоры В.Кутателадзе, ұстаздар Р.Апсадықова, А.Құрманғалиева, Л.Қожаева, ата-аналар атынан С.Хайрулина арнады. Саналы шәкірттер Балым Сейітхан, Камила Жайлаубаева, Ольга Дорожко ата-аналарына, ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Мерекелік кеште сахна төрінде мәдениет үйінің әншілері сазды әуенмен жұртшылықтың көңілін көтерсе, бишілері мың бұралып би биледі. Туған ұяларын қимай тұрған түлектер балл кешінде «Куда уходит детство» әнін шырқап, дәстүрлі қоштасу вальсін биледі.
Қоштасу кеші жас түлектердің болашақ армандары жазылған қайықтарды, сол армандарды келешектің кемесіне алып ұшатын көк кептерлерді аспанға ұшыруымен аяқталды. М.Клейннің әдемі хориографиялық көрінісімен, режиссер Л.Гебельдің ұйымдастыруымен өткен кеш оқушылардың, көрермендердің көңілінен шықты.
Қымбатты мектеп бітіруші жас түлек!
Шақырып дала, қалаға,
Сан тарау алда тұр өмір.
Талғаммен таңдап, қала да,
Бірімен соның жүре біл!
Тұмарлық болып адамдық,
Мейірге толсын әр ізің!
Болмасаң – дағы кемеңгер,
Азамат болу – борышың!
Қанат АПСАДЫҚОВА
Міне, бір жылды артқа тастап тағы да соңғы қоңырау соғылды. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да осыдан жиырма және отыз бес жыл бұрын алтын ұя мектебімен қоштасқан түлектер өздеріне білім берген Көкжота орта мектебінің ұстаздарымен кездесуге келді.
Өмірдің өзі қоштасу мен кездесуден тұрады ғой. Сол кездесудің ішінде мектеп түлектерінің кездесуі ерекше орын алады. Бір кездегі шәкірт бұл күнде халқына қалаулы, еліне елеулі азаматтар.
Толығырақ...Дәстүрлі соңғы қоңырау сыңғырлап, тағы бір оқу жылы артта қалатынына санаулы күндер қалды. Кеше ғана алғашқы қоңырау оқу жылының басталғанын білдіре балаларды партаға шақырса, биылғы оқу жылында соңғы рет соғылған қоңырау үні оқу жылының аяқталғанын білдіреді.
Мектеп - дарынды жастардың ордасы. Біздің елімізде өнерлілерді тәрбиелеп отырған мектеп. Елбасымыз Н Назарбаев айтқандай «Қазақстанның болашағы - дарынды жастар»,
Толығырақ...Жаздың алғашқы күні, мектеп оқушылары үшін ұзақ та қызықты каникул басталды, дәл осы күнмен Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі сәйкес келеді. Күн ысып, көптен бергі жаңбыр мен салқын күндерден мезі болған жұртшылық бүгін алаңға көп жиналыпты. Балаларын жетектеген жас ата-аналар, немерелерімен бірге аталар мен әжелер алаңға ерте келіп алыпты. Қолдарында қызылды – жасылды шарлар, зырылдауықтар. Таза ауа, көңілді әуен, көтеріңкі көңіл күй – бүгінгі мерекенің шырайы.
Самар ауылындағы Мәдениет үйінің жаздық сахнасына мерекені жүргізушілер аппақ қошақандар кейпінде шықты. Олар мерекенің басталуын хабарлаған соң, кішкентайларды, олардың ата-аналары мен ата-әжелерін Самар ауылдық округінің әкімі С.Дүсіпов құттықтады. Бүлдіршіндерге балмұздақ таратылды. Округ әкімі атынан таратылған балмұздаққа 500-ге жуық бала ие болды. Сонымен бірге, «Жігіт сұлтаны» байқауында жеңіске жеткен кішкентай жігіттер Әлішер Жанұзақов, Нұрхат Қарақат, Тайыр Картаев, Ерасыл Дәулетқан, Ерәли Бағыбаев, Мұса Абиқанов, Мұратқан Еркебұланға ойыншықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді.
Толығырақ...Көбісі ҰБТ-ға толық дайындалу үшін ҰБТ алдындағы соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қажытуың керек емес. Керісінше демал, қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе?! ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, рұқсатнамаңды, бірнеше қара сиялы қаламыңды алуды ұмытпа.
Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.
Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.
Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың. Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады. Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.
Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысын ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес, сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс.
Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді. Аталған әдіс – бірден бес нұсқа туралы емес, айталық, екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.
Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғанда жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) уақыт қалдыруыңды есептеуің керек.
Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр. Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.
Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін. Сәттілік тілейміз!
Қ.Дүйсембаева,
Ж.Шайжүнісов атындағы
орта мектеп психологі
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.