1961 жылдың қыркүйек айында Көкжыра ауылындағы Амангелді атындағы сегізжылдық мектептің табалдырығын аттаған 30 бала бүгінде шаштарын ақ қырау шалған ата-әжелер. Мектеп табалдырығын имене аттаған бүлдіршіндерді алғашқы ұстаздары Ләмпия Бағадаева қарсы алған еді. Ал мектеп директоры ауылдағы алғашқы педагогтардың бірі, тамаша ұйымдастырушы Шәмши Оразбаев болатын.
Толығырақ...«Казнаковка орта мектебі» негізінде (бұдан әрі - Мектеп) ҚР Білім министрлігімен келісілген және үштілді мектеп құру бағдарламасының пилоттық жобасы болып табылатын мұғалімдердің конкурсы жарияланады.
Казнаков орта мектебінде қазақ және орыс тілін оқытатын мұғалімдердің бос қызметіне конкурс келесі пәндер бойынша өткізіледі:
2015-2016 оқу жылында Самар ауылындағы Ж.Болғанбаев орта мектептің оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша біршама жетістіктерге жетті.
10 сынып оқушысы Балдырған Қалитова аудандық олимпиадалардың жүлдегері. 2015-2016 оқу жылында ол жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің - ІІІ орын жүлдегері атанды, 5 ақпанда «Дарын» орталығының шақыртуымен Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында өткен «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренинке қатысып, «Елбасының бес институционалдық реформасы» тақырыбы бойынша оқу курсын өткеріп келді.
Елімізді ел ететін, асқақ арманға бастайтын күш - рухани ілім мен білім. Өскелең ұрпақ - біздің ертеңіміз, болашағымыз. «Балам деген жұрты болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын» деген. Әрбір жақсы бастама оны жүзеге асырушының іскерлігіне, шеберлігіне, биіктілігіне байланысты. Ендеше, осындай нәтижелі еңбек етіп жүрген Сәуле Байтілеуқызы жөнінде бір үзік сыр шертеміз.
Толығырақ...Ақ парақты шимайлау бәріміздің қо-лымыздан келеді. Алайда салынған сурет арқылы жан дүниені жеткізу хас шеберлерге ғана тән болса керек.
Қылқаламның көмегімен көпшілікті там-сандырып жүрген бүгінгі біздің кейіпкер – Айым Қапезова. Ол балабақша қабыр-ғасынан бастап сурет салуға әуес екен. Таланты мен талабы ұштасқан қыз бүгінде Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атын-дағы орта мектептің 4 сынып оқушысы.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.