Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

30 қыркүйек күні біз «Өрнек» балабақшасының ашылғанына екі жылдық туған күнін атап өттік. Тәрбиеленушілеріміздің «Саңырауқұлақтар» биімен басталған мерекеде «Өрнек» ЖШС балабақшасының директоры Ержан Тұрсынханұлы құттықтау сөз арнады. «Балабақша ханшайымы-2016» байқауымен жалғасқан шараға «Балапан» және «Тәй-тәй» топтарынан Ақнұр Марат, Аяулым Серікқалиева, Дания Асқарова, Алтынай Баймадиева сынды әдемі де тәп-тәтті бүлдіршіндер қатысты. Әр кезеңнің арасында туған күн мерекесімен құттықтауға келген аудандық мәслихат депутаты Райфа Сафиоллақызы, Кеңес Одағының батыры Қойгелді Аухадиев атындағы округтің әкімі Д.Қойгелдин, мектеп директоры Н.Окитаеваға құттықтау сөз кезектері берілді.

Толығырақ...

Менің ана тілім - шексіз бай, тегеуріні мықты тілдердің бірі болып саналады. Осынау жарық дүниеге келгеннен бері, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан ең қымбат, әрі ең қастерлі тіл дер едім. Ақын атамыз Сұлтанмахмұт Торайғыров «Сүйемін туған тілім – ана тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім», - деп тегін айтпаған.
Ана тілі – ол атадан балаға мұра ретінде сақталып келе жатқан асыл қазына. Менің түсінігімше, ең жақсы адам – ана тілін дәріптеп, қадірлейтін адам. Ана тілін сүймеген адам, өз тарихын да білмейді, халқын да сүйіп жарытпайды десем артық болмас.
Қазақ тілі - дамыған, жетілген, өте бай тіл екенін кезінде кемеңгер Абай атамыз да дәлелдеген. Ол орыс ақындарының шығармаларын аударса, екіншіден шығармаларын шетел ақындарындай майын тамыза жазып дәлелдеді.

Толығырақ...

9 қыркүйек күні Ж.Шай-жүнісов атындағы орта мектепте отбасы күні қар-саңында «1 сынып оқу-шыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында кеңейтілген конференция өтті.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік бел-гілер осында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес.
Аталмыш конференцияның мақсаты, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннің бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілікті дамыту. Олар үшін басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам болып саналады.

Толығырақ...

Бүгінгі таңда дінтанулық білімді жетілдіру, осы саладағы білім беруді жүйелендіру және оны оқы-татын мамандарды даярлау мә-селелері өте өзекті болып табылады.
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні Көкпекті орта мектебінің мәжіліс залында мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Зайыр-лылық және дінтану негіздері» атты өңірлік семинар өтті. Өңірлік семи-нардың мақсаты - дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алып, қорғану жолдарын нұсқау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру.

Толығырақ...

Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекесі жылы білім саласына, соның ішінде ел келешегінің негізін қалайтын ауыл мектептеріне тосын жаңалықтар енгізуімен ерекшеленуде. Мәселен, жаңа оқу жылында аудан орталығындағы іргелі білім ошағы Көкпекті орта мектебінің базасында ер балаларды әскери бағытта оқытып тәрбиелеу мақсатын көздейтін кадет сыныбы ашылғаны көкпектіліктер үшін қуанышты жаңалық. Бұл туралы анығын білу үшін аталмыш мектепте 40 жылға жуық өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, ұстаздық етіп жүрген АӘД пән мұғалімі Рахимов Бекболат Ешмұхаметұлымен әңгімелескен едік.
- Бекболат Ешмұхаметұлы, осындай игі істің басталуына негіз болған не?
- Көкпекті мектебінде кадет сыныбының ашылуы бекер емес. Олай дейтінім, мектебімізде ашылғанына 15 жыл болған «Л.Фахрутдинов атындағы әскери-спорттық клуб» өз жұмысының жоғары нәтижесін көрсетті. Патриоттық клуб соңғы 8 жыл қатарынан республика, облыс көлеміндегі жарыстарда бірінші орын алуда. Ағымдағы жылдың 27 шілде – 6 тамызы аралығында Облыстық «Ұлан» әскери-патриоттық және азаматтық тәрбие орталығының ұйымдастыруымен

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз