Мамай ауылы Аманкелді атындағы орта мектепте 27 қаңтар күні «Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында аймақтық коучинг-сессия өтті. Коучинг-сессияда Аманкелді атындағы орта мектептің «Ізденіс»кәсіби қоғамдастығының мүшелері: С.Калдыбаев, А.Оразаева, С.Күйеубаева, Ж.Төлеубаева, Абай атындағы орта мектептің мұғалімдері: С.Ибраева, Ж.Бабажанова, Көкжайық орта мектебінің мұғалімі А.Салимбаева оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасты. Коучинг барысында мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолданып жүрген «Fila», «Микрофон», «Фиш боон», «6 неліктен?», «Венн диаграммасы», «ДЖИГСО» т.б әдістерді көрсетті.
Кері байланыста қатысқан мұғалімдер коучингтің қызықты, нәтижелі өткені, мұғалімдердің белсенді жұмыс істегені, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған, бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеуде осындай жұмыстардың ұйымдастырылғаны жақсы нәтиже беретінін айтты. Коучинг соңында мұғалімдер сертификатпен мараппатталды.
«Аманкелді атындағы орта мектебі»КММ
«Ізденіс» кәсіби қоғамдастық мүшелері
Таяуда Қ.Раев атындағы Көкпекті балалар үйінің кітапханасында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты Қ.Мәлікаждар, Жастар орталығының директоры А.Рахимбаев, аудан орталығындағы білім ордаларының тарих пәнінің мұғалімдері Р.Сүбебаев, жас тарихшы Ж.Нұрмұханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілі, балалар үйі кітапханасының меңгерушісі Д.Әбілмәжінованың қатысуымен тарих сағаты өткізілді. Аталмыш шараны жастайынан жалпы адамзат тарихы мен өз еліміздің тарихына зер сала қызығушылықпен қарап, оны оқып, үйреніп, зерттеуді сүйікті ісіне айналдырған тәжірибелі педагог, балалар үйінің директоры Қалыбай Алтынбаев жүргізді.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай байтақ елімізде кең көлемдегі шаралар өткізіліп, еліміздің тарихының түгенделіп жатқанына қуанышты екенін жеткізе келе, кіріспе сөзінде: «Қазақ хандығы географиялық жағынан Ұлы дала өркениетінің ата мекенінде қалыптасқан мемлекет. Өркениеттік тұрғыдан ол Мұсылман әлемінің түркілік дүниесіне жатады. Хандық Қасым, Есім және Тәуке хандар заманында өзінің кемеліне жетті. Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда жетекшілік ететін рөлде болды. Қазақ хандығы Орта Азияны ойрат Одағы тайпаларының басқыншылық әрекеттерінен әрдайым қорғап тұрды», - деді Қалыбай Қалиханұлы.
Бүгінгі күні бүкіл әлем білімді, сапалы әрі сауатты мамандарға мұқтаж. Ғылым мен инновация ғасырында бәсекеге қабілетті болу үшін заманға сай білім алып, оны үнемі жетілдіріп отыру қажет. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ел болашағы жастар қолында, жарқын болашақ білімді жастар қолында»- деген сөзі Қазақстанның келешегі жайлы алуан түрлі сұраққа бір ғана нақты жауап. Ертеңгі күні маман болатын, бүгінгі студенттерді келешек өмірге баулу мақсатында, және де ғылыммен айналысуға деген қызығушылығын арттыру үшін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде барлық қажетті жағдайлар жасалған: дене шынықтыру залдары кестеге сай жұмыс атқаруда, спорттың әр түрі бойынша тегін секциялар ұйымдастырылған, өзге қалалардан және алыс ауылдардан келген барлық студенттер жатақханамен қамтамасыз етілген, ғылыми жобаларды қолдау мақсатында мол қаржы бөлінуде. Университет өңіріміздегі сапалы білім беретін дәстүрлі Еуропалық үлгідегі бірегей оқу орны. Білім ордасында 6000 жуық студент, магистрант пен докторант білім алуда. Университет ректоры саяси ғылымдарының докторы, профессор Ш.Әмірбековтың бастамасымен көп салалы заманауи зерханалар мен ғылыми орталықтар ашылып, студенттер мен оқытушылар игілігіне жұмыс атқаруда. «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасының арқасында еліміздің мемлекеттік және ұлттық университеттерінде, сондай-ақ шетелдік белді әрі беделді жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік туып, аталмыш оқу ордаларының зертханалары, кітапханалары мен тәжірибе алаңдарының есігі біздің студенттер үшін айқара ашылды.
Қызғыш құстай қорғаған байтақ жерін,
Ел алдында Махамбет мәңгі ерім,
Құсалықпен өтсе-дағы көп күндері,
Құдыретіңдей көрікті туған жерің.
Өткір жүзді тілі де тайсалмапты,
Алмас қылыш сөздері толқып жатты.
Достарына нәзік жүрек сырлас болса,
Қас дұшпанға тастайын қатал бопты.
Қара қазан, сары бала қамын жеді,
Арманы оның тәуелсіз халық еді.
Осы ұранмен атойлап жауларына,
Еркіндікті қалайда алам деді.
Елі үшін жанын қиды аямады,
Тағдырдың тәлкегіне қарамады.
Исатайдан айырылып қалса-дағы,
Қол жинап, жауға қарсы ұрандады.
Үлгі алады бүгінде ұрпақтары,
Мақтан етіп сіздердей батырларды.
Сіздің салған ізіңізбен кетті кеше,
Қазақтың Қайраты мен Ләззаттары.
Алғыс айтып, сіздерге батырларым,
Бас иеді құрметпен жарқындарың
Алып берген қасиетті егеменді,
Қорғап қалу жас ұрпақ борыштарың.
Айғаным Жамбырбаева, 8 сынып оқушысы
Октябрь мектеп-балабақша кешені
Еліміздің келешегі - өскелең ұрпақтың қолында. Тұңғыш Президент күнімен орайластыра өткізілген шаралардың бірі аудан орталығындағы «Балерке» балабақшасында «кофе-брейк» түрінде ұйымдастырылған жалпы ата-аналар жиналысы еді.
Жиналыста көтерілген мәселелер «Бала-бақшаның жетістіктері мен материалдық базаның толықтырулары» өте өзекті. Себебі заман талабы балалардың білімінен бұрын тәрбиесіне ерекше көңілдің бөлінуінде. Ғұлама ойшыл Әбу-Насыр-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» демекші, тәрбие мәселесі қазіргі таңда бірінші орынға шығуда. Бүгінгі күннің басты талабы келешек ұрпақты өмір сүре білуге үйрету, сыни тұрғыдан ойлай алуға дағдыландыру болып отыр. Бұл мәселелерді ата-ана ойына жеткізіп, көпшілік қауымға меңгерту әрбір білім мен тәрбие беру ошақтарының негізгі міндеті екендігі белгілі. Осындай мақсатты көздеп, көңілмен жайылған дастарханда бас қосқан ата-аналар өздерін еркін сезініп, мазалап жүрген сауалдарына нақты жауаптар алды. Балаларының тәрбиелену ошағының жетістіктері мен материалдық базасының жаңар-тылуына көңілдері толды. Мәнді отырыстың жалғасы кішкентай бүлдіршіндердің Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламасы мен тәрбиешілердің, балалардың, ата-аналардың қолөнер және аспаздық шеберлік бұйымдары қойылған жәрмеңке нұр үстіне нұр қосқандай болды. Ата-аналардың көңілінен шыққан бұл шараны өткізуде еңбек сіңірген әкімшілік пен сол ұжымның белсенді тәрбиешілерінің арқасы екендігі айдан анық. Мерекеге тұспа-тұс өткен бұл шарадан шыққан әрбір ата-ана тек дүниетанымын ғана артырып қойған жоқ, сонымен қатар, балаларының қолдан жасаған бұйымдарын қы-зықтап, жәрмеңкеден алған заттарына риза болды. Балабақша меңгерушісі А.Назарханова мен әдіскер А.Жұмашева, сондай-ақ тәрбиешілер мен ұжым мүшелеріне бүгінгі мерекелік көңіл күй сыйлап, ерекше жиын өткізгені үшін ата-аналардың ризашылығы шексіз!
Ш.Қияқпаева,
ата-аналар
комитетінің мүшесі
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.